"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2019 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №428 "Орал қаласы бойынша 2018 жылға ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5090 тіркелген, 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Менеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Тоқжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 1066 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2019 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар
№ | Тасымалдаулардың атауы |
1 | Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы - "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |