Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 5330 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 522 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тайынша ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3555 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеу күнінен он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды.

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан соң Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Тайынша ауданы

      мәслихатының хатшысы

      _______________Қ. Шәріпов

      2019 жылғы "___" ________

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" сәуірдегі №_____ қаулысына қосымша

Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары: 

      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      2) провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      3) мейіргер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      4) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      3) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары: 

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік, психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      3) барлық мамандық мұғалімдері мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының - біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      4) мұғалім-логопед - біліктілігі жоғары, деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      5) бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      7) педагог-психолог - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      8) әлеуметтік педагог - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      9) тәрбиеші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      10) ұйымдастырушы педагог - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      11) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      12) әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      13) тәлімгер - біліктілігі жоғары,орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      14) мейірбике (мейіргер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      15) зертханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты мамандар;

      16) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      17) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      18) кітапханашы біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі мамандар;

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      2) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның, шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: шаруашылық;

      3) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      5) кітапханашы - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      6) библиограф - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      7) аккомпаниатр - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      9) хореограф - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      10) музыкалық жетекші - мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) жаттықтырушы - біліктіліктегі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;

      2) нұсқаушы-спортшы- біліктіліктегі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      6. Ветеринария мамандардың лауазымдары:

      1) агроном - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      2) агроном - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

       3) ветеринариялық дәрігер - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      4) ветеринариялық дәрігер - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      5) зертхананың ветеринариялық дәрігері - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      6) зертхананың ветеринариялық дәрігер - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      7) зоотехник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші, екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары;

      8) зоотехник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі жоғары, орташа мамандары;

      9) зоотехник – мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      10) ветеринариялық фельдшер - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бірінші, екінші біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      11) ветеринариялық фельдшер - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      12) жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бірінші, екінші біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      13) жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      14) асыл тұқымды іс жөніндегі техник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының бірінші, екінші біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      15) асыл тұқымды іс жөніндегі техник - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары;

      16) зертханашы - мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, қазыналық мемлекеттік кәсіпорының санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары.

      7. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:

      1) орман шаруашылығы негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері – жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санатсыз біліктілік деңгейі жоғары, орташа мамандары;

      2) орманшы (инспектор) - жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санатсыз біліктілік деңгейі жоғары орташа мамандары;

      3) аңшылықтанушы - жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санатсыз біліктілік деңгейі жоғары орташа мамандары;

      4) орман (учаске) шебері - жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санатсыз біліктілік деңгейі жоғары орташа мамандары.