Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тайынша ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 522 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда N 3555 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 03.04.2019 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тайынша ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 392 "Тайынша ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 2914 тіркелген, 2014 жылғы 29 тамыздағы "Тайынша таңы" және 2014 жылғы 29 тамыздағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
2015 жылы 21 желтоқсан
Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 522 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тайынша ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласында мамандарының лауазымдары:

      дәрігер;

      медициналық бике;

      диетикалық бике.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:

      үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;

      күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;

      әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;

      жұмыспен қамту орталығының маманы.

      3. Білім беру саласында мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің басшысы;

      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;

      мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары;

      қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;

      мұғалім;

      социолог;

      психолог;

      тәрбиеші;

      музыкалық жетекші;

      нұсқаушы;

      әдістемелік кабинеттің жетекшісі;

      әдіскер;

      шебер;

      оқытушы;

      вожатый;

      кітапхана меңгерушісі;

      жатақхана меңгерушісі;

      шеберхана меңгерушісі.

      4. Мәдениет саласында мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің басшысы;

      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;

      мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары;

      қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;

      бөлімше басшысы;

      кітапхананың меңгерушісі;

      клубтың меңгерушісі;

      мәдениет үйінің меңгерушісі;

      әдіскер;

      кітапханашы;

      аға кітапханашы;

      библиограф;

      режиссер;

      аккомпаниатор;

      мәдени ұйымдастырушы;

      хореограф.

      5. Спорт саласында мамандарының лауазымдары:

      бас маман;

      аға маман;

      нұсқаушы;

      әдіскер;

      жаттықтырушы.

      6. Ветеринария саласында мамандарының лауазымдары:

      ветеринарлық дәрігер;

      ветеринарлық фельдшер.