Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 09 қарашадағы № 336 қаулысының (2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Әкім | А. Тастемиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
__________________Е. Әділбеков
2019 жылғы "____" ____________
2019 жылғы 26 желтоқсаны № 320 Қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық емхананың басшысы;
3) аудандық диспансердің басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың, сәулелі диагностика бөлімшесінің, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру, стоматологиялық кабинеттің немесе бөлімшесінің) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
6) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) мейірбике/мейіргер, провизор (фармацевт) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8) денсаулық сақтау сарапшы-маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер) - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
9) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейірбике/мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, диеталық мейірбике - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10) әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11) психолог маманы - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
2. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
3) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) қарттар мен мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан үлкен мүгедек-балаларды күту бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
7) ауданның жұмыспен қамту орталығының басшысы;
8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
9) ассистент - техникалық орындаушылар.
3. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен басқа);
2) шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары шағын жинақты мектептер;
4) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде дефектолог - мұғалім (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог), логопед-мұғалім, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
5) психолог мұғалім, әлеуметтік мұғалім, ұйымдастырушы мұғалім, зертханашы, қосымша білім беру мұғалімі, тәрбиеші, музыкалық басшы, тәрбиеші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы - мұғалім, жетекші, тәрбиеші, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы - біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
7) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
8) кітапханашы, - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандар;
9) әдіскер (негізгі қызмет) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
10) медициналық бике (інісі), диеталық бике – біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
11) тәрбиешінің көмекшісі-техникалық орындаушылар.
4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы);
5) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскерлері - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
6) библиограф - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
7) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
8) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
9) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік басшысы;
10) барлық атаудағы суретші (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар;
11) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
13) хореограф - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
14) кинорежиссер - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
15) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
16) хормейстер - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;
17) барлық атаудағы әртіс - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар.
5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ жаттықтырушы - мамандар;
4) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы - оқытушы - мамандар;
5) нұсқаушы-спортшы-біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
6) медициналық бике (аға) (мамандандырылған) - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) әдіскер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер - біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
2) ветеринариялық фельдшер - біліктілігі орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
7. Орман шаруашылығы саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
3) коммуналдық мекеменің құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы;
4) орман шаруашылығы негізгі қызметтерінің барлық мамандықтағы инженерлері-біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) орманшы (инспектор) - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) аңшы - біліктілігі жоғары, орта, жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) орман (учаске) шебері - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.