Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 5754 болып тіркелді

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 29.04.2021 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 29.04.2021 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 09 қарашадағы № 336 қаулысының (2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Әкім А. Тастемиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

      мәслихатының хатшысы

      __________________Е. Әділбеков

      2019 жылғы "____" ____________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2019 жылғы " 26" желтоқсандағы
  № 320 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 29.04.2021 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      3) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) ауданның жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      9) жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 05.06.2023 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы);

      5) барлық атаулардың ( негізгі қызметтердің) әдіскерлері - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      6) библиограф-біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      8) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      9) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік басшысы;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      11) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) кинорежиссер - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      15) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      16) хормейстер – біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      17) барлық атаудағы әртіс - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар.