Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 485 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 6495 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.08.2020 № 575 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) Қалалық мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Жеңіс даңғылы, 31);";

      2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) "Геолог" мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Қарғалы тұрғын алабы, Матросов көшесі, 30 А);";

      2-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) "Өнер орталығы" ғимараты алдындағы алаң (Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б);".

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Утегенов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова