"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы мақұлданған өтінімдер бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
4. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № А-2/50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7063 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржықпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 32 000 | 320 000 |
1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 15 194 | 303 880 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 250 | 25 000 |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | сатып алынған бас | 878 | 131 700 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | сатып алынған бас | 2 940 | 661 500 |
Барлығы | 1 442 080 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 46 | 6 900 |
1.2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | сатып алынған бас | 141 | 31 725 |
Барлығы | 38 625 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 66 870 | 40 122 |
Барлығы | 40 122 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 100 | 14 000 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 100 | 4 000 |
Барлығы | 18 000 | |||
Жиыны | 1 538 827 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, тонна | 1 046,3 | 209 258,8 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағы, тонна | 645,5 | 129 100,8 |
Барлығы | 338 359,6 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген тонна | 4 537,9 | 158 826,8 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген тонна | 1 646,8 | 32 936,4 |
1.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген тонна | 724,6 | 7 246 |
1.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген тонна | 600 | 6 000 |
Барлығы | 205 009,2 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 227 | 13 620 |
Барлығы | 13 620 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген тонна | 5 721,2 | 457 694,3 |
1.2 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген тонна | 331,8 | 16 590,2 |
Барлығы | 474 284,5 | |||
Жиыны | 1 031 273,3 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы мақұлданған өтінімдер бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 246 | 4 920,0 |
2. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 1 | 150,0 |
3. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының бір килограмы | 152 606 | 30 521,1 |
4. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 8 420 | 1 684,0 |
Барлығы | 37 275,1 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | |||
1.1 | бір жынысты | доза | 59 | 354,0 |
1.2 | қос жынысты | доза | 1 908 | 1 228,2 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
2.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 1 263 786,9 | 44 232,543 |
2.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 639 167,0 | 12 783,34 |
2.3 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 239 833,0 | 2 398,33 |
2.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағының бір килограмы | 26 446,0 | 264,46 |
Барлығы | 61 260,873 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 18 700,0 | 1 122,0 |
Барлығы | 1 122,0 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 130 | 390,0 |
Барлығы | 390,0 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 549 194,0 | 43 935,52 |
1.2 | 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 436 036,0 | 30 522,52 |
1.3 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 3 108,0 | 155,4 |
Барлығы | 74 613,44 | |||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 158 771 379,0 | 476 314,137 |
1.2 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 7 374 725,5 | 16 224,396 |
Барлығы | 492 538,533 | |||
Жиыны | 667 199,946 |