Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.04.2019 № А-5/199 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № А-2/50 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау
бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау-дың көлемі | Субсидиялау-дың сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 400 000 |
1.2 | Тауарлық аналық бас | бас | 32 000 | 320 000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 250 | 25 000 |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 1 200 | 180 000 |
4. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу | бас | 2 940 | 661 500 |
Барлығы | 1 586 500 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | |||
1.1 | бір жынысты | доза | 1 500 | 15 000 |
1.2 | қос жынысты | доза | 4 500 | 22 500 |
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | |||
2.1 | Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған | бас | 684 | 153 900 |
2. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1 000 | 5 000 |
Барлығы | 196 400 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 172 380 | 103 428 |
Барлығы | 103 428 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 100 | 14 000 |
2. | Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас | 100 | 4 000 |
Барлығы | 18 000 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 550 | 1 375 |
1.2 | тауарлық аналық бас | бас | 3 000 | 4 500 |
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 100 | 800 |
2.1 | Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу | бас | 340 | 13 600 |
Барлығы | 20 275 | |||
Жиыны | 1 924 603 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № А-2/50 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау-дың көлемі | Субсидиялау-дың сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының бір тоннасы | 1 250 | 250 000 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір тоннасы | 850 | 170 000 |
Барлығы | 420 000 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір тоннасы | 17 742 | 620 970 |
1.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір тоннасы | 5 000 | 100 000 |
1.3 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір тоннасы | 5 000 | 50 000 |
1.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағының бір тоннасы | 4 000 | 40 000 |
Барлығы | 810 970 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 320 | 19 200 |
Барлығы | 19 200 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 2 500 | 7 500 |
Барлығы | 7 500 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 13 252,6 | 1 060 206,6 |
1.2 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 1 034,3 | 51 717,4 |
Барлығы | 1 111 924 | |||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 78 305,3 | 234 916 |
1.2 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 29 690,9 | 65 320 |
Барлығы | 300 236 | |||
Жиыны | 2 669 830 |