Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № А-2/50 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 7063 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.04.2019 № А-5/199 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ А-2/50 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау
бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау-дың көлемі

Субсидиялау-дың сомасы, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Асыл тұқымды аналық бас

бас

20 000

400 000

1.2

Тауарлық аналық бас

бас

32 000

320 000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

250

25 000

3.

Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу

бас

1 200

180 000

4.

Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу

бас

2 940

661 500

Барлығы

1 586 500

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу

1.1

бір жынысты

доза

1 500

15 000

1.2

қос жынысты

доза

4 500

22 500

2.

Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

2.1

Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған

бас

684

153 900

2.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

1 000

5 000

Барлығы

196 400

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

бас

172 380

103 428

Барлығы

103 428

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалар сатып алу

бас

100

14 000

2.

Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас

100

4 000

Барлығы

18 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

асыл тұқымды аналық бас

бас

550

1 375

1.2

тауарлық аналық бас

бас

3 000

4 500

2.

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

бас

100

800

2.1

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу

бас

340

13 600

Барлығы

20 275

Жиыны

1 924 603

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 5 ақпандағы
№ А-2/50 қаулысына
2-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау-дың көлемі

Субсидиялау-дың сомасы, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

тiрiдей салмағының бір тоннасы

1 250

250 000

2.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағының бір тоннасы

850

170 000

Барлығы

420 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату

1.1

бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір тоннасы

17 742

620 970

1.2

бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір тоннасы

5 000

100 000

1.3

бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір тоннасы

5 000

50 000

1.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

сынақ салмағының бір тоннасы

4 000

40 000

Барлығы

810 970

Жылқы шаруашылығы

1.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

тонна

320

19 200

Барлығы

19 200

Қой шаруашылығы

1.

Қозы өткізу құнын арзандату

бас

2 500

7 500

Барлығы

7 500

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

1.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

тонна

13 252,6

1 060 206,6

1.2

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

тонна

1 034,3

51 717,4

Барлығы

1 111 924

Жұмыртқалық құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

1.1

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

мың дана

78 305,3

234 916

1.2

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

мың дана

29 690,9

65 320

Барлығы

300 236

Жиыны

2 669 830