"Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 19859 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) тауар биржаларында;

      5) Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.

      Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті түрде пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының алтыншы бөліміне сәйкес тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) Биржалық тауарлардың тізбесі (бұдан әрі – биржалық тауарлар тізбесі) бойынша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемдері биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төменгі мөлшерінен аспаса, жер қойнауын пайдаланушы тауарларды сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдайды.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ-ны сатып алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ТЖКҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ-ны сатып алуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) лотқа конкурстық баға ұсыныстарын береді және оларға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі – егер конкурстық құжаттамада одан қысқа мерзім көзделмесе, тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы орналастырылған сәттен бастап қырық сегіз сағат. Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі осы тармақтың соңғы абзацында баяндалған талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі кезеңде кем дегенде бес сағатқа белгіленеді.

      Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен конкурстық өтінімдерді қарау хаттамалары сауда-саттықты өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және (немесе) мереке күндеріне түспейтін және олармен бөлінбейтін жұмыс күндері тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі