ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы "____"____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:
кіріспе алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.";
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.";
қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхат осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9324 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) жарғының электрондық көшірмесі;
3) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегендігін растайтын құжаттардын электрондық көшірмелері;
4) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (заңды тұлға үшін) және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (жеке тұлға үшін) электрондық құжат түрінде;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес өтініш берушінің қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелу күні және орны туралы ақпарат қамтылатын, нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжаттың электрондық көшірмесі;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардын электрондық көшірмелері;
7) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестесі электрондық құжат түрінде;
8) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер электрондық құжаттар түрінде;
9) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:
жабдықты жеткізу шарты;
жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;
қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділікті бөлу тетігінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері).
Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімді өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысының қолымен куәландырылады;
10) өтініш беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс электрондық құжат түрінде;
11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
12) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың электрондық көшірмесі (бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде;
13) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде.";
3-тармақ алып тасталсын.
3. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттарды келісуге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг, Қор құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, және мыналардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтінішхат:
атқарушы органның басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаны), атқарушы органның басшысының болып табылатын басқару органының мүшесі тағайындалған (сайланған) кезде - қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басқару органының басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор акционерлерінің бірі, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін);
басқа жағдайларда - қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);
2) егер қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың басқару органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі;
3) егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылатын жағдайда - осы акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (2-қосымшадағы фотосурет көлемі 3х4, ашық аяда орындалады) басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтердін электрондық көшірмесі;
5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
6) кандидатта азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда) аспайды. Бұл құжатты азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы беруі мүмкін;
7) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі;
8) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін - мүшелік билеттің (кітапшаның) электрондық көшірмесі немесе бухгалтерлердің аккредиттеген кәсіптік ұйымындағы мүшелігін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.";
7-тармақ алып тасталсын;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі хаттамасы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19306 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өз еркімен таратылуына рұқсатын алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы электрондық өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) ұсынады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінішхат Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының өз еркімен таратылуы туралы шешімнін электрондық көшірмесі;
2) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысында белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептердің электрондық көшірмелері;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім уәкілетті орган Басқармасының қаулысымен ресімделеді және уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жібереді.";
қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы өтінішхат Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхат
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының
_____ жылғы"____" _____________ № __________шешіміне сәйкес _____
__________________________________________________________________
(өткізілген орны)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілетті адам
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.
_________________________
(қолы)
Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)
1. Жалпы мәліметтер:
Туған күні мен жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) |
2. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы - аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Жұмыс орны мен лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі.
№ | Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі) | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері | Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшысының орынбасары), қаржылық басқарушы және (немесе) атқарушы директор лауазымында болған жағдайда – жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі. Аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда еңбек өтілі болған жағдайда - қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттері көрсетіледі. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге қатысуы туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, сондай-ақ кандидат
__________________________________________________________________
аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке (бар болса) қол қойған күнін көрсету)
7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:
№ | Кезеңі (күні, айы, жылы) |
Ұйымның | Лауазымы | Жұмыстан шығу, лауазымынан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі
уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында
қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген оны лицензиядан айыру туралы шешімді
қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды
күшіне енуіне дейін кем дегенде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын
қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының
басшысы, мүшесі (атқару органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға
және оның орынбасары), бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының
ірі қатысушысы-заңды тұлғасының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы
болғандығы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын,
__________________________________________________________________
лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
9. Кандидат бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы
қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу
бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан
астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі
борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы
заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын
қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының
басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) -жеке тұлға, ірі
қатысушы (ірі акционер) -заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы,
мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, болғандығы туралы
мәліметтер (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)
__________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын,
__________________________________________________________________
лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг, Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларына жауап беруші ретінде тартылды ма
_________________________________________________________________
(иә (жоқ), күнін, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауын,
__________________________________________________________________
сот талқылауына жауап берушіні, қаралып отырған мәселені және
__________________________________________________________________
заңды күшіне енген (ол шығарылған жағдайда) сот шешімін көрсету)
11. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және кандидаттың құжаттарға қол қою өкілеттігі туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтер (өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12. Растау құжаттарын қоса бере отырып жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тек қауіпсіздік мәселелері және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелерге жетекшілік ететін атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат толтырады)
__________________________________________________________________
13. Кандидат тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)
__________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықты, қылмысты қысқаша сипаттау
__________________________________________________________________
жауапкершілікке тарту негіздерін көрсетумен
__________________________________________________________________
тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері
Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделімнің болуын растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
(кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)
Қолы _______________________
Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады: |
Күні ______________________
Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі
_______________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ ______________ хаттама
____ жылғы ____ __________
№ | Комиссия Төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Тестілеуге шақырусыз келісуге | Тестілеуге жіберу және тестілеудің оң нәтижесінде келісу | Келісуден бас тарту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Комиссия Төрағасы
___________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Комиссия шешімі:
Тестілеуге шақырусыз келісілсін
Тестілеуге жіберілсін және тестілеудің оң нәтижесінде келісілсін
Келісуден бас тартылсын
___________________________________________
(қажеттінің астын сызу қажет)
№ _______________
күні_____________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ
___________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының
_________________ ____ жылғы "____" ____________ № ____ шешіміне сәйкес
(өткізілетін орны)
___________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлардың талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде, осы өкілеттікті растайтын құжатты қоса бере отырып қол қоюға уәкілетті оның орнындағы адам
________________________________________ _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), (лауазымы) (қолы)