"Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 1375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19756 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 25 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің және сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу тәртібін белгілейді.

      Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін жүргізуді бағалаушылар палаталары электрондық нысанда жүзеге асырады және бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастырылады.

      Бағалаушылар палатасы мүшелерінің және сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерінде қамтылған бағалаушылар мен сарапшылардың тізімдік құрамы және олар бойынша мәліметтер ашық және жалпыға қол жетімді болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалаушылар палатасы үш жұмыс күн ішінде палатаның интернет-ресурсында жариялай отырып, палата мүшелерінің тізілімінде бағалаушы туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің
Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1375 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығымен бекітілген
1-қосымша
  Нысан

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі

Тіркеу жазба нөмірі

Бағалаушылар палатасының мүшесі тізілімге енгізілген күні

Бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Телефон

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

"Бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін қолданыста болған лицензия туралы мәліметтер

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтатыла тұру

Нөмірі

Берілген күні

Нөмірі

Беріл ген күні

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы

Шешім күні

Шешім күні

Тоқта тыла тұрған кезең

6

7

8

9

10

11

12

13









      кестенің жалғасы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

Құқық қорғау және сот органдарынан жасалған кезеңі мен орнына қарамастан, бағалаушының бағалау қызметі туралы заңнаманы бұзуы мәселелері бойынша ақпараттың түсуі туралы мәліметтер

Тәртіптік жазаның қабылданған шаралары туралы мәліметтер

Мүшелікті тоқтату

Тоқтату күні мен уақыты

Құжат нөмірі

Құжаттың күні

Қабылдау күні

Тәртіптік жаза түрі

Тоқтату күні

Тоқтату (себебі) негізі

14

15

16

17

18

19

20