Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16906 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңесі мүшелері тізілімінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңесі мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      2) "Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6169 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жазбаның тіркеу нөмірі

Бағалаушылар палатасының мүшесі тізілімге енгізілген күні

Бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Телефон

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін қолданыста болған лицензия туралы мәліметтер

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру

Мамандық атауы

Нөмірі және берілген күні

Мамандық атауы

Нөмірі және берілген күні

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы

Шешім күні

Тоқтата тұру кезеңі

6

7

8

9

10

11

12








      кестенің жалғасы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

Бағалаушылардың бағалау қызметі туралы оның жасалған кезеңі мен орнына қарамастан, заңнаманы бұзу туралы мәселелері бойынша құқық қорғау және сот органдарынан келіп түскен ақпарат туралы мәліметтер

Тәртіптік жазаның қабылданған шаралары туралы мәліметтер

Мүшелікті тоқтату

Тоқтату күні

Құжат нөмірі

Құжаттың күні

Қабылдау күні

Тәртіптік жаза түрі

Тоқтату күні

Тоқтату негіздемесі (себебі)

13

14

15

16

17

18

19








  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығына
1-1-қосымша

Нысан

Жосықсыз бағалаушылардың тізілімі

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Жазбаның тіркеу нөмірі

Бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік

Мамандықтар атауы

Нөмірі

Берілген күні

1

2

3

4

5

      кестенің жалғасы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру
(мамандықтар бөлінісінде)

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру
(мамандықтар бөлінісінде)

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату
(мамандықтар бөлінісінде)

Шешімкүні

Шешімнің негізі

Тоқта тұру кезеңі

Шешім күні

Шешімнің негізі

Тоқтатыла тұрған кезең

Шешім күні

Шешімнің негізі

6

7

8

9

10

11

12

13










  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығына
2-қосымша
Нысан

Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жазбаны тіркеу нөмірі

Төрағаны сайлау туралы сарапшылық кеңестің шешімі

Төрағаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шешу күні

Шешім нөмірі

1

2

3

4





      кестенің жалғасы

Сарапшылық кеңес мүшесін сайлау туралы мәліметтер

Телефон

Электрондық мекенжайы

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Сайлау күні

Мерзімінің аяқталу күні



5

6

7

8

9






      кестенің жалғасы

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданысын тоқтату

Нөмірі

Берілген күні

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы

Тоқтату күні

10

11

12

13






  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығына
3-қосымша

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдерін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдерін жүргізу тәртібін белгілейді.

      Бағалаушылар палатасы мүшелерінің сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізуді бағалаушылар палаталары электрондық нысанда жүзеге асырады және бағалаушылар палатасының және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүзеге асырады және мемлекеттік органның және қаржылық есептілік депозитарийінің ресми сайтында орналастырылады.

      Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерінде қамтылған бағалаушылар, сарапшылардың тізімдік құрамы, жосықсыз бағалаушылар және олар бойынша мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу тәртібі

      2. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін әрбір бағалаушылар палатасы жүргізеді.

      Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      3. Бағалаушылар палатасының мүшелері туралы мәліметтер олар бағалаушылар палатасының мүшелігіне қабылданған күннен бастап тізілімге мынадай құжаттардың негізінде енгізіледі:

      1) өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік;

      4) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының жоқтығы туралы анықтамалар;

      5) бағалаушылар палатасы белгілеген өзге де құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      4. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімінде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, бағалаушы бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік он күн ішінде бағалаушылар палатасына хабарлайды.

      5. Бағалаушылар палатасы үш жұмыс күні ішінде бағалаушы туралы мәліметтерге палата мүшелерінің тізілімінде оны бағалаушылар палатасының және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурстарында жариялай отырып, өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

      6. Осы бұйрыққа бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімі 1-қосымшаның 12, 13 және 14-бағандарында Заңның 25-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату бойынша ақпарат ұсынылады.

3-тарау. Жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізу тәртібі

      7. Жосықсыз бағалаушылар тізілімін бағалаушылар палатасы ұсынған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүргізеді.

      Осы бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны бойынша жосықсыз бағалаушылар тізілімі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі және мемлекеттік органның ресми сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      8. Бағалаушылар палатасы Заңның 25-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз мүшелерінің "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігінің қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру және (немесе) қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімі нысанына сәйкес мәліметтерді уәкілетті органға береді.

      Мәліметтерге бағалаушыны жосықсыз бағалаушылар тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылатын бағалаушылар палатасы шешімінің көшірмесі қоса тіркеледі.

      Уәкілетті орган бағалаушылар палатасы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бағалаушыны жосықсыз бағалаушылар тізіліміне қосады және бағалаушылар палатасы шешімінің негізін бекітеді.

      Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийіне орналастыру үшін жосықсыз бағалаушылардың түзетілген тізілімін "Ақпараттық-есептік орталық" Акционерлік қоғамына жібереді.

      9. Жосықсыз бағалаушылар тізілімінде көрсетілген ақпарат уәкілетті органның базасында және қаржылық есептілік депозитарийінде сақталады.

4-тарау. Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін жүргізу тәртібі

      10. осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін әрбір бағалаушылар палатасы жүргізеді.

      Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      11. Сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімінде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, сарапшы күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы бағалаушылар палатасына, сарапшылық кеңесіне растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабарлайды.

      12. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде бағалаушылар палатасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде куәліктің тоқтатылу күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті ақпаратты палатаның және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурстарында жариялай отырып, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізіліміне енгізеді.