"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қарашада № 19662 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12144 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов