ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12144 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамкулов |