"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қарашада № 19660 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 8-қосымшаға сәйкес бекітілген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 9-қосымшаға сәйкес бекітілген "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Тәуекелдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет–ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшаcында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар – Ұлттық Банктің баспасөз қызмет департаменті осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 206 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
8-қосымша

"Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі, оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты бөлімше басшылығы;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкері.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

      3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

      4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық нысанда тіркеу;

      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

      6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

      7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

      8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

      9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

      10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

      11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес жазылған.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес жазылған.

  "Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы





  "Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 206 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
9-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

      облигациялық бағадарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық шығарылымы бағдарлама проспектісінің 1 (бір) данасы;

      облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір данасы) не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 20 және 21-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі, оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      6. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды жауапты бөлімшеге беруі – өтініш түскен күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі, оған құжаттарды орындауға беруі – өтініш түскен күні.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – өтініш түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды жауапты бөлімшеге беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі, оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – құжаттар түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды жауапты бөлімшеге беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі, оған құжаттарды орындауға беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қойылған күні – мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінде.

      9. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:

      1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі – құжаттар келіп түскен күні;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды жауапты бөлімшеге беруі – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні;

      3) жауапты бөлімше басшылығының құжаттарды қарауы, жауапты қызметкерді белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі – мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынған күннен кейінгі күні;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуін қарауы, куәлік жобасын не бас тартуды дайындауы – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейінгі күні.

      Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      5) жауапты бөлімше басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды келісуі –1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      7) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберуі – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қойылған күні – мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) хат-хабарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкер;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты бөлімше басшылығы;

      4) жауапты бөлімшенің жауапты қызметкері.

      11. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес жазылған.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

      3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

      4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық нысанда тіркеу;

      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

      6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

      7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

      8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

      9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

      10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

      11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымшаға сәйкес жазылған.

      14. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 7-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 8-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 9-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 10-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 11-қосымшаға сәйкес жазылған.

  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
5-қосымша

Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
6-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы





  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
7-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
8-қосымша

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
9-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
10-қосымша

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
11-қосымша

Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы