Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 1278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19634 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16549 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оларды құру және жұмыс істеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Әуе кемесінің бортында шетелдік тауарларды сатуға арналған және мақұлданған кеңсе, БСД сату бөлмесі ретінде (олар болған жағдайда) қызметтік бөліктерін немесе БСД кеңсе қоймаларын пайдаланады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде өткізу БСД иесінің тауарларға декларация беруі арқылы жүзеге асырылады.

      Әуе кемесінің бортында сатылмаған шетелдік тауар қайтарылған жағдайда БСД иесі осы тауарды Кодекстің 35-тарауында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.

      Бұл ретте, шетелдік тауарды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін көрсетілген тауар өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын БСД-ді орналастыру бөлігінде орналастырылады.".

      2. "Мемлекеттік кірістер органына есепке алуды жүргізу мен есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16680 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде, оның ішінде сақтауда тұрған, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілің Мемлекеттік кірістер органдарының талабы бойынша ғана ұсынылады, тауарлар мен көлік құралдарының есебін ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№367 бұйрығына
1-қосымша";

      22-тармақ келесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері есептіден кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей Excel форматындағы электрондық құжат түрінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар және оларды өткізу туралы есепті ұсынады.

      Бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен тауарлар және оларды сату туралы есеп осы Қағидаларға 4, 5 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен тауарларды есепке алу және бажсыз сауда дүкенінде сатылған тауарларды есепке алу журналдарына енгізілген деректердің негізінде қалыптастырылады, олар Ехсеl форматында электрондық құжат түрінде жүргізіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсуі және олардың оларды өткізу туралы есеп былайша толтырылады:

      1) "Түскен тауарлар" бөлімінде:

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда бажсыз сауда дүкеніне тауарды орналастыру күні көрсетіледі;

      3-бағанда электрондық тауарларға арналған декларация нөмірін көрсетіледі;

      4-бағанда тауардың толық атауы көрсетіледі;

      5-бағанда 2012 жылғы 16 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауарлар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес (әрі қарай - ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар коды көрсетіледі;

      6-бағанда тауар саны көрсетіледі;

      7-бағанда есепті кезеңнің басына тауарлар қалдығы көрсетіледі;

      8-бағанда есепті кезеңнің соңына тауарлар қалдығы көрсетіледі;

      9-бағанда электрондық тауарларға арналған декларацияның (ЭТД) немесе ТД 6, 7, 8-бағандарға сәйкес өлшем бірлік көрсетіледі;

      10-бағанда тауарларды керек-жарақтар ретінде шығару үшін берілген ЭТД нөмірі көрсетіледі;

      2) "Өткізілген тауарлар" бөлімінде:

      1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;

      2-бағанда ЭТД немесе ТД нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда тауардың толық атауцы көрсетіледі;

      4-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды көрсетіледі;

      5-бағанда тауар саны көрсетіледі;

      6-бағанда ЭТД немесе ТД 5-бағанына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;

      7-бағанда отырғызу билетінің нөмірі/тұлғаны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредитациялауды растайтын құжат нөмірі көрсетіледі;

      8-бағанда жолға шығатын тұлғаның баратын елі/дипломатиялық өкілдіктің атауы көрсетіледі;

      9-бағанда чектің нөмірі мен күні көрсетіле отырып, бақылау чегі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      10-бағанда бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтаған ЭТД немесе ТД нөмірі көрсетіледі;

      3) Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, керек-жарақтар ретінде сатылған шетелдік тауарлар" бөлімінде:

      1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;

      2-бағанда ЭТД немесе ТД нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда тауардың толық атауы көрсетіледі;

      4-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды көрсетіледі;

      5-бағанда тауар саны көрсетіледі;

      6-бағанда 5-бағанда көрсетілген, тауарларды өлшеу бірлігі көрсетіледі;

      7-бағанда бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтайтын ЭТД немесе ТД нөмері көрсетіледі;

      8-бағанда орналастырылмаған тауарлар саны көрсетіледі;

      9-бағанда бажсыз сауда кедендік рәсімімен берілген тауарлардың қайтарылуын растайтын құжаттың нөмірі мен күні/ТД нөмері көрсетіледі;

      10-бағанда ескерту (бар болса) көрсетіледі.";

      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен тауарлар және оларды сату туралы есептіліктің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 1278 бұйрығына
1-қосымша
  Есептілікті ұсыну қағидалары
мен мерзімдеріне, оның ішінде
сақтауда тұрған,
тасымалданатын, өткізілетін,
қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлар
туралы туралы, сондай-ақ
жасалған кедендік операциялар
туралы есептілің Мемлекеттік
кірістер органдарының талабы
бойынша ғана ұсынылатын,
тауарлар мен көлік
құралдарының есебін ұсыну
тәсілі, электрондық құжат
түрінде ұсынылатын есептердің
құрылымы мен форматы,
оларды толтыру тәртібіне
9-қосымша
  нысан

Керек-жарақтар ретінде өткізілген бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды есепке алу

№ р/с

электрондық ТД/ ТД №

Тауар атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды

Тауар саны

5-бағанда көрсетілген тауарлардың өлшем бірлігі

Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтаған ТД нөмірі

Өткізілмеген тауардың саны

бажсыз сауда кедендік рәсімінде берілген тауардың қайтарылуы растайтын құжаттың № және күні/ ТД№

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      р/с – реттік саны;

      ТД – тауарларға арналған декларация.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 1278 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 367 бұйрығына
6-қосымша
  әкімшілік деректер жинауға
арналған нысан

Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар және оларды өткізу туралы

      есеп есепті кезең 20__ жылдың____ айы

      Мерзімділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: бажсыз сауда дүкендерінің иелері

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасына кешіктірмей

1. Түскен тауарлар

р/с№

Тауарды БСД орналастыру

Электрондық ТД/ТД №

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы бойынша тауар коды

Тауардың саны

Есепті кезеңнің басына тауарлардың қалдығы

Есепті кезеңнің аяғына тауарлардың қалдығы

6, 7, 8-бағандардағы өлшем бірлік

Тауарларды кере-жарақтар ретінде шығару үшін берілген электрондық ТД/ТД №*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2.Өткізілген тауарлар

р/с №

Электрондық ТД/ТД №

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы бойынша тауар коды

Тауардың саны

5-бағандағы өлшем бірлік

Отырғызу билетінің нөмірі/ҚР СІМ тұлғаның аккредиттелгенін растайтын құжаттың нөмірі

Кететін тұлғаның бару елі/Дипломатиялық өкілдіктің атауы

Бақылау чегі туралы мәліметтер

Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтаған ТД нөмірі



Чек №

Чек күні


3. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, керек-жарақтар ретінде сатылған шетелдік тауарлар

р/с№

Электрондық ТД/ТД №

ТТауар атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды

Тауар саны

5-бағанда көрсетілген тауарлардың өлшем бірлігі

Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтаған ТД нөмірі

Өткізілмеген тауардың саны

Бажсыз сауда кедендік рәсімінде берілген тауардың қайтарылуын растайтын құжаттың № және күні/ ТД№

Ескертпе

      Ескертпе:

      "Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар және оларды өткізу туралы туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Есептілікті, оның ішінде сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік мемлекеттік кірістер органының талабы бойынша ғана ұсынылатын жағдайларда ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде келтірілген.

      * - баған тек әуе кемесі бортында шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде сатуға бекітілген және арналған БСД иесімен толтырылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСД – бажсыз сауда дүкені;

      ҚР СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      р/с – реттік саны;

      ТД – тауарларға арналған декларация.