БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16549 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оларды құру және жұмыс істеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Әуе кемесінің бортында шетелдік тауарларды сатуға арналған және мақұлданған кеңсе, БСД сату бөлмесі ретінде (олар болған жағдайда) қызметтік бөліктерін немесе БСД кеңсе қоймаларын пайдаланады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде өткізу БСД иесінің тауарларға декларация беруі арқылы жүзеге асырылады.
Әуе кемесінің бортында сатылмаған шетелдік тауар қайтарылған жағдайда БСД иесі осы тауарды Кодекстің 35-тарауында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.
Бұл ретте, шетелдік тауарды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін көрсетілген тауар өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын БСД-ді орналастыру бөлігінде орналастырылады.".
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.04.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Керек-жарақтар ретінде өткізілген бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды есепке алу
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.04.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлар және оларды өткізу туралы
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.04.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.