Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 қарашада № 19581 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр К. Бозумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 7 қарашадағы
№ 358 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11222 болып тіркелді, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап –10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі;

      порталға жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      2) порталға – "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6 және 7-қосымшалары алып тасталсын;

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса есептегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелері.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін қажетті нәтижелерді алуға бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі – КҚК) конструкциясын бекіту үшін:

      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге арналған өтінім;

      2) B (U) типіне, С типіне және уран гексофторидіне КҚК конструкциясын бекіту үшін:

      физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;

      инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;

      жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;

      КҚК пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;

      егер КҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін ең жоғарғы деңгейдегі қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, таңдап алуы жоспарланған сынамалардың және ұсынылған сынақтардың толық сипаттамасы;

      егер болжауы радиоактивті құрамы сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың дәйектемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;

      көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдардың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарын сипаттауды;

      КҚК құрастыруын суретпен сипаттаушы өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес нақты көшірмесін алуға жарайтын кескінделген бейнелемені;

      КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;

      3) B (М) типіне КҚК конструкциясын бекіту үшін осы қосымшаның 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

      тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;

      көліктің түрі жайында кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;

      тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет.

      Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін:

      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясына басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінім;

      2) басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың есепке алынған көшірмесі;

      3) КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының толық сипаттамасы.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша тұлға) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда беріледі, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мекенжайы:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында – www.energo.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.kaenk.energo.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz орналасқан.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларында:

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аттестаттаудан өту үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) мынадай құжаттарды ұсынады (бұдан әрі – құжаттар):

      уәкілетті органның ведомствосына:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) қызметке тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі;

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал):

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) қызметке тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының электрондық көшірмесі.

      13. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау өтетін орны мен күні туралы хат жолданады.

      Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комиссия осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) жіберіледі.

      Куәлікке уәкілетті органның ведомствосы басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды, атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәліктерді беру журналына тіркеледі.

      Куәліктің көшірмесі уәкілетті органның ведомствосында аттестатталатын тұлғаның аттестаттау ісінде сақталады.

      Куәлік осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде немесе портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электрондық түрде беріледі.

      23. Комиссия осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде Комиссияның аттестатталатын тұлғаның біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыны қағаз түрінде немесе портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электрондық түрде жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аккредиттеуден өту қажетті құжаттар тізімі:

      уәкілетті органға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар;

      5) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері;

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал):

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері;

      3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелері.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін қажетті нәтижелерді алуға бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.".

      4. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын (бұдан әрі - КҚК) бекіту, сонымен қатар, оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына тарату (бұдан әрі – сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын тарату) үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) мынадай құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация):

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге немесе оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінімді;

      2) КҚК конструкциясын бекіту үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін;

      3) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК-нің конструкциясына сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына тарату үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін жібереді.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері жоқ құжаттарды көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган КҚК конструкциясын бекітеді немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын таратады не өтініш берушіге КҚК конструкциясын бекітуден немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын таратудан бас тартады.

      КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын тарту туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен рәсімделеді.

      Өтініш берушіге КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын тарату туралы бұйрықты беру не дәлелді бас тарту жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын тарату, сондай-ақ өтініш берушіге КҚК конструкциясын бекітге немесе сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын таратуға бас тарту кезінде уәкілетті органның тиісті бұйрығының көшірмесі немесе дәлелді бас тартуы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жіберіледі.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда, егер уәкілетті орган КҚК конструкциясын бекітпесе немесе сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын таратпаса не Мемлекеттік корпорацияға белгіленген мерзімде жазбаша дәлелді бас тартуды жібермесе, онда КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын тарату туралы шешімді өтініш беруші алған болып есептеледі.".

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  "Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
10-қосымша
  Нысан

      № _______ Хаттама

      Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "___" ___________

      Апелляциялық комиссия құрамында:

      Комиссия төрағасы:_______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)

      20___ жылғы "___" ___________ ____________________________ тестілеу немесе әңгімелесу

      (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      нәтижелерін қайта қарастырып анықтады:

      дұрыс ________________________ жауап

      дұрыс емес___________________________ жауап

      персоналдың осы санаты үшін шекті деңгей ___________________ құрайды.

      Апелляциялық комиссия шешім қабылдады:

      1. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі өзгеріссіз қалсын ("тесттен өткен жоқ" немесе "әңгімелесуден өткен жоқ")

      2. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі оң деп танылсын ("тесттен өтті" немесе "әңгімелесуден өтті")

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20___ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
  2-қосымша
  "Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкциясын бекіту,
сондай-ақ басқа елдердің
уәкілетті органдары бекіткен
Қазақстан Республикасының
аумағында оларға
сертификаттар-рұқсаттар күшін
қолдану" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      Өтінім

      Кімге _________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Кімнен _______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/

      ұйымның атауы)                 

      Сіздерден ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді/ немесе ____________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі) сертификат-рұқсаттардың күшін қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімде таратуды сұраймын.

      Жеке тұлғаның/ұйымның мекенжайы __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      Жеке тұлға/ұйым басшысы _____________________________________________ ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  "Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкциясын бекіту,
сондай-ақ басқа елдердің
уәкілетті органдары бекіткен
Қазақстан Республикасының
аумағында оларға
сертификаттар-рұқсаттар
күшін қолдану" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі Сіздің "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Телефон (бар болса) ___________

      Алдым: __________________________________ 20__ жылғы "___" __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналмен

      № әңгімелесу хаттамасы

      Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "___" __________

      Бұйрық негізінде жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы ____________________ құрамында:

      (бұйрық нөмірі)

      Комиссия төрағасы: ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Комиссия мүшелері: ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      анықтады:

      ________________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)

      аттестаттаудан _____________________________________________________________ өтуші

      (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      20 ___ жылғы "____" ___________

      ___ сұраққа дұрыс жауап берді

      ___ сұраққа дұрыс жауап бермеді

      Әңгімелесу нәтижесі: _____________________________________________________________

      (әңгімелесуді өтті/әңгімелесуді өтпеді)

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20 ___ жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға

      аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының № қорытындысы

      Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "___" _________

      Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін

      персоналды аттестаттаудан өткізу үшін 20___жылғы __________ № ____

      бұйрығы негізінде жұмыс істейтін комиссия құрамында:

      Комиссия төрағасы: ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      1.Тестілеу нәтижесін

      2.Әңгімелесу хаттамасын (аттестатталушы тұлға әңгімелесуден өткен жағдайда) қарастырып:

      ШЕШТІ: ________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен кәсіби даярлық

      деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      № _______ Хаттама

      Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "___" ___________

      Апелляциялық комиссия құрамында:

      Комиссия төрағасы:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      _______________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

      _______________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)

      20___ жылғы "___" ___________ ____________________________ тестілеу немесе әңгімелесу

      (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      нәтижелерін қайта қарастырып анықтады:

      дұрыс ________________________ жауап

      дұрыс емес___________________________ жауап

      персоналдың осы санаты үшін шекті деңгей ___________________ құрайды.

      Апелляциялық комиссия шешім қабылдады:

      1. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі өзгеріссіз қалсын

      ("тесттен өткен жоқ" немесе "әңгімелесуден өткен жоқ")

      2. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі оң деп танылсын

      ("тесттен өтті" немесе "әңгімелесуден өтті")

      Комиссия мүшелері: ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20___ жылғы "___" ____________