ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына, 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министрдің міндетін атқарушы | К. Надыров |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының №7 актілер жинағында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:
2-тармақтың 29) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. АЕК КЖН айына "БХТ" АЖ-да МСАК субъектісіне тіркелген бір бекітілген тұрғынға айқындалады және АЕК КЖН кепілдік берілген компонентінің, КЖНЫК-нің теңгедегі қосындысы болып табылады";
19-1- тармақ алып тасталсын;
3-қосымша алып тасталсын.
2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
31-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері (дәрігерлер мен орта медицина персоналы, оның ішінде мектеп мейіргері)";
36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі –ТҚСҚБК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі –ТҚСҚБК АД)."
мынадай мазмұндағы 43-1 - тармақпен толықтырылсын:
"43-1. Аумақтық учаскенің дәрігері осы Қағидалардың 43 тармағына сәйкес ұсынысты қалыптастыру кезінде, ЖБНЫК Әдістемесіне сәйкес есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің аумақтық учаскесі деңгейіне дейін автоматты түрде есептелген КЖНЫК сомасының мынадай шекті мәндерін ескере отырып, қызметкерлер арасында КЖНЫК сомасын бөлу арақатынасын айқындайды:
1) аумақтық учаскенің дәрігеріне (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) бір атқарып отырған мөлшерлемеге 30%-дан кем емес және 45%-дан аспайтын арақатынаста;
2) жалпы практика учаскелік мейіргері, терапиялық және педиатриялық учаскелік мейіргері бір атқарып отырған мөлшерлемеге 10%-дан кем емес және 30%-дан аспайтын арақатынаста;
3) әлеуметтік қызметкер мен психологқа 2%-дан кем емес және 4%-дан аспайтын арақатынаста;
4) акушер-гинекологқа және (немесе) акушерге 2%-дан кем емес және 5% - дан аспайтын арақатынаста.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін жалпы дәрігерлік практика және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушісіне / аға мейіргеріне көтермелеу туралы ұсыну түрінде түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін аға мейіргер мен аға акушерге көтермелеу туралы ұсынуды оның қарамағындағы қызметкер көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына қол жеткізгені үшін қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын бөлімше меңгерушісі қалыптастырады.
Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің аға мейіргеріне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) аға акушеріне КЖНЫК сомасын есептеу осы қызметкер оның қарамағындағы бөлімшенің меңгерушісі айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің учаскелік мейіргерлерінің КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.";
45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) меңгерушісіне КЖНЫК сомасын есептеу МСАК субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына КЖНЫК сомасының мөлшері МСАК субъектісі дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан кемінде 1,0 және 1,25 арақатынасита комиссияның шешімі бойынша айқындалады және оны комиссия осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына көтермелеу мөлшерін айқындау туралы хаттама түрінде ресімдейді.";
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"ӘМСҚ аумақтық бөлімшелерінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізген сараптама нәтижелері бойынша бұзушылықтардың болмауы.";
Денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
3. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
33) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
"36) Республикалық ауыр акушерия орталығы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасында босанулардан/аборттардан кейінгі ауыр жай-күйдегі әйелдерге стационарлық медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының астанасында медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі.";
48-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
55-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) есебі мен бөлінуі осы параграфқа сәйкес жүзеге асырылатын КЖНЫК төлеу үшін қажетті деректерді енгізу;";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. МСАК субъектілері мен ауыл субъектілеріне КЖНЫК сомасын төлеуді қор есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-күніне (оныншы) дейін автоматтандырылған режімде Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады:
МСАК субъектілері мен аумақтық учаскелері деңгейіне дейін КЖНЫК-ны "ЖБНҚК" АЖ-да".
72-1, 72-2, 72-3, 72-4, 72-5, 72-6 - тармақтар алып тасталсын;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Крон ауруы мен спецификалық емес ойық колит ауруын емдеу кезінде тәулік бойы стационарларда биологиялық терапияны қолдану жағдайында биологиялық терапия препараттарының құнын төлей отырып, негізгі диагноздың КШТ бойынша емделіп шығу жағдайы үшін құны бойынша төленеді.";
мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:
"111-1. Республикалық ауыр акушерия орталығына емдеуге жатқызылған босанулардан/аборттардан кейінгі ауыр жағдайдағы әйелдерге мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу нақты шығындар бойынша осы Қағиалардың 118 - тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 116-1 - тармақпен толықтырылсын:
"116-1. Өкпе гипертензиясын, сондай-ақ тәулік бойы стационар жағдайында асқынған өкпе гипертензиясын емдеу кезінде азот монооксидін қолданған жағдайда ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ бойынша тарифтер бойынша қызметтің құнын төлей отырып жүргізіледі.";
148-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
154-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) есебі мен бөлінуі осы Қағидалардың 2-бөлімінің 2-кіші бөлімі 1-тарауының 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын КЖНЫК төлеу үшін қажетті деректерді енгізу.";
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына 49-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына 50-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымша |
|
Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына 1-қосымша |
Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемшарттары
№ р/с | Көрсеткіштердің атауы | Ақпарат көзі | Тиімділігі |
1 | Пациенттердің құқықтарының бұзылуына байланысты негізделген жазбаша және ауызша шағымдардың болуы | Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін есепке алу журналы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогына өтініштер, ТҚСҚБК-ның тексеру парақтары мен актілері | Төмендеуі |
2 | Емдеу мен диагностикалау нәтижесінде туындаған алдын алуға болатын өліммен аяқталған жағдайлардың, асқынулардың, оның ішінде пациенттің мүгедектігіне әкелген жағдайлардың болуы | Стационарлық науқастың статистикалық карталары, пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің басшысы бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссияның қорытындысы, сараптамалық тексеріс актілері, ӨЖЗК* отырыстарының хаттамалары және ТҚСҚБК -ның тексеру парақтары мен актілері | Төмендеуі |
3 | Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша бұзушылықтардың болуы | ТҚСҚБК АД-ның тексеру парақтары мен актілері | Төмендеуі |
4 | Пациенттердің қайта жоспарланбаған келіп түсу жағдайларының болуы (сараптамамен расталған) | Мтационарлық науқастың электрондық тіркелімі Қазақстан Республикасының осы және басқа да стационарларына дәл бір ауру себебі бойынша жазылып шыққан күннен бастап бір айдың ішінде қайта емдеуге жатқызу жағдайлары | Төмендеуі |
5 | Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың қайшы келу жағдайларының болуы | Патологиялық-анатомиялық зерттеудің хаттамасы мен патологиялық-анатомиялық конференция отырысының хаттамасы | Төмендеуі |
6 | Жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) енгізу | Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі Алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде орындалған ЖТМҚ-ның саны | Ұлғаюы |
7 | Бактерия шығаратын науқастарды емдеу процесінде қақырық жағындысының конверсиясына қол жеткізу** | Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі | Ұлғаюы |
8 | Туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды өткізіп алмауы** | Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі | Ұлғаюы |
9 | 18 жасқа дейінгі аборт жасау жағдайлары |
Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 066/е нысанды статистикалық карта (бұдан әрі – СНЭТ: № 066/е нысаны); | 2.7-ден аз |
10 | Бекітілген халық ішінен қант диабетінің асқынуларымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі | СНЭТ: № 066/е нысаны | Төмендеуі |
11 | Бекітілген халық ішінен созылмалы расталған темір тапшылығы анемиясымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі | СНЭТ: № 066/е нысаны | Төмендеуі |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына 49-қосымша |
Нақты жұмсалған шығыстар бойынша ақы төлеуге жататын жағдайлардың тізбесі
№ п/п | Код | Атауы |
1 | 2 | 3 |
Емдеу (ЖТМҚ) | ||
1. | 00.93 | Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
2. | 33.5 | Өкпені транспланттау |
3. | 33.6 | "Жүрек - өкпе" кешенін аралас транспланттау |
4. | 37.51 | Жүректі транспланттау |
5. | 41.06 | Кіндік дің жасушаларын транспланттау |
6. | 50.52 | Кадаврдан бауырды транспланттау |
7. | 52.80 | Ұйқы безін транспланттау, нақтыланбаған |
8. | 55.62 | Кадаврдан бүйректі транспланттау |
9. | 35.991 | Митралды тесікті клиптеу |
10. | 37.941 | Автоматты кардиовертерді/дифибрилляторды, жалпы жуйені ауыстыру |
11. | 78.191 | Жамбас сүйектеріне кезеңдік түзетуді қажет ететін беткей бекітетін құрылғыларды қолдану |
12. | 92.291 | Қалқанша безі ауруларын радио-йодтік емдеу |
13 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
Емдеу (ММК) | ||
14. | 41.94 | Көкбауыр трансплантациясы |
15. | 78.05 | Жамбас сүйегінің трансплантациясы |
16. | 78.07 | Үлкен және кіші жіліншік сүйегінің трансплантациясы |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына 50-қосымша |
Қосымша шығыстарды төлей отырып, клиникалық-шығындық топтардың құны бойынша ақы төлеуге жататын жағдайлардың тізбесі
№ | Код | Атауы |
1 | 2 | 3 |
Шығындарды қосымша өтей отырып, негізгі диагноздың КШТ құны бойынша ақы төлеуге жататын қызметтердің/манипуляциялардың тізбесі | ||
17. | 39.7916 | Түрлі аймақтағы біріншілік және екіншілік метастатикалық қатерлі ісіктердің эндоваскулярлық химиоэмболизациясы |
18. | 39.7949 | Гепатоцеллюлярлық карцином кезінде бауыр артерияларының химиоэмболизациясы |
19. | 92.231 | Конформдық сәулелік терапия |
20. | 92.241 | Түрлі ошақтардағы қатерлі ісіктердің жіті-модулирленген сәулелік терапиясы |
21. | 92.242 | Лимфомалар және кіші жанбас, құрсақ қуысы, висцералдық кеуде ағзаларының қатерлі ісіктерді жіті-модулирленген сәулелік терапиясы (IMRT) |
22. | 92.243 | Сүт безі обырындағы сәулелендіру барысында түйін ішінде жітілігінің (флюенса) модуляциясымен (өзгеруімен) сәулелік терапиясы |
23. | 92.244 | Бас және мойын ісіктері обырындағы сәулелендіру кезінде түйін ішінде жітілігінің (флюенса) модуляциясымен (өзгеруімен) сәулелік терапиясы |
24. | 92.245 | Әйел жыныс мүшелерінің обырындағы жіті-модуляцияланған сәулелендіру терапиясы (IMRT) |
25. | 92.246 | Жеке ошақтардағы ісіктер үшін бейнелермен басқармалы сәулелік терапиясы |
26. | 92.247 | Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия |
27. | 92.202 | Еркектік бездің жергілікті обыры кезіндегі интерстициальдық сәулелік терапия (брахитерапия) |
28. | 92.201 | Жоғары дозалы брахитерапия еркектік бездің обыры |
29. | 99.25 | Полихимиотерапия (онкология) |
30. | 99.2900 | Балалардағы идиопатиялық тромбоцитопендік қанталау бөртпесінің рефрактерлық түрлерін иммуноглобулин және моноклоналдық денелермен емдеу |
31. | 99.2901 | Балалардағы аплазиялық анемияның құрама иммуносупрессивтік терапиясы |
32. | 99.2902 | Лангерганс жасушаларынан гистицитоздың жоғарғы мөлшердегі химиотерапиясы (LCH-III) |
33. | 99.2903 | Жіті лейкоздың жоғарғы мөлшердегі химиотерапиясы (ALL-BFM, AML-BFM) |
34. | 99.0601 | Оның дефицитiнде VIII-шi тұқым қуалайтын факторды енгізу |
35. | 99.0602 | Оның дефицитiнде IX-шi тұқым қуалайтын факторды енгізу |
36. | B06.573.008 | Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы "миеломдық ауруға арналған панельді" иммунофенотиптеу |
37. | B06.574.008 | Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы "жіті лейкоздарға арналған панельді" иммунофенотиптеу |
38. | B06.576.008 | Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы "созылмалы лейкоздарға арналған панельді" иммунофенотиптеу |
39. | B09.766.016 | Сүйек кемігі жасушаларын ДНҚ-зондтарын пайдалану арқылы (ФИШ-әдісі)молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу |
40. | B09.767.016 | Перифериялық қан лимфоциттерінің (1 зонд) ДНҚ-зондтарын пайдалану арқылы (ФИШ-әдісі) молекулярлық-цитогенетикалық зерттеуін жүргізу |
41. | B09.769.016 | ДНҚ-зондтарын пайдалану арқылы (ФИШ-әдісі) цитологиялық препараттардың, гистологиялық қималардың молекулярлық-цитогенетикалық зерттеуін жүргізу (1зонд) |
42. | B09.800.017 | Молекулалық-генетикалық әдіспен 2 класстық қанның HLA-типтендіруін жүргізу |
43. | B09.799.017 | Молекулалық-генетикалық әдіспен 1 класстық қанның HLA-типтендіруін жүргізу |
44. | D92.320.024 | Қашықтықтан сәулелік терапия |
45. | D92.320.025 | Қашықтықтан сәулелік терапия, РОД Гр |
46. | D92.201.029 | Жолақішілік гамматерапия (жатыр мойыны және тоқ ішек обыры кезінде), РОД 5Гр |
47. | D92.060.023 | Сәуле алдыңғы топометриялық дайындау-центрация |
48. | B06.660.011 | 1-4 маркерлерді қолданып, иммуногистохимиялық әдіспен қатерлі ісіктердің блок-препараттарын зерттеу |
49. | B06.670.011 | Қатерлі ісік тінінің блок-препаратын 5-10 маркерлерін қолдана отырып, иммуногистохимиялық әдіспен зерттеу |
50. | B06.671.011 | Қатерлі ісік тінінің блок-препаратын10-нан көп маркерлерді қолдана отырып, иммуногистохимиялық әдіспен зерттеу |
51. | B06.667.011 | Иммуногистохимиялық әдіспен орнын басушы терапияға ісік жасушаларының сезімталдығын зерттеу |
52. | B06.668.011 | Иммуногистохимиялық әдіспен химиялық препараттарға ісік жасушаларының сезімталдығын зерттеу |
53. | B06.669.011 | лимфопролиферативті ауруға иммуногистохимиялық әдіспен зерттеу (стандарт-панель) |
54. | B06.673.011 | лимфопролиферативті ауруға иммуногистохимиялық әдіспен зерттеу (кеңейтілген-панель) |
55. | C04.010.009 | Мидың перфузиялық статистикалық сцинтиграфиясы бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы (3 кескінде) |
56. | C04.011.009 | Мидың перфузиялық динамикалық сцинтиграфиясы бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы |
57. | C04.001.009 | Миокардттың статистикалық бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы (3 кескінде) |
58. | C04.002.009 | Скелеттің статистикалық бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы (1 кескінде) |
59. | C04.003.009 | Скелеттің динамикалық бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы (1 кескінде) |
60. | C04.004.009 | Скелеттің статистикалық бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы - одан кейінгі әрбір кескін |
61. | C04.013.009 | Гепатобилиярлы жүйенің динамикалық сцинтиграфиясы бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы |
62. | C04.014.009 | Бүйректі динамикалық сцинтиграфиясы бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы |
63. | C04.006.009 | Қалқанша безінің статистикалық бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы |
64. | C04.012.009 | Жүректің динамикалық сцинтиграфиясы бір фотондық эмиссиондық компьютерлік томографиясы |
65. | C04.001.010 | Бір анатомиялық аймақтың позитрондық-эмиссиондық томографиясы (ПЭТ) + компьютерлік томографиясы |
66. | C04.002.010 | Барлық дененің позитрондық-эмиссиондық томографиясы (ПЭТ) + компьютерлік томографиясы |
67. | B08.851.021 | Биопсиялық материалды иммундық флюоресценттік микроскопия әдісімен зерттеу |
68. | B08.851.022 | Гистологиялық/цитологиялық материалды электрондық микроскопия әдісімен зерттеу |
69. | B09.801.019 | Масс-спектрометрия әдісімен қандағы орфан ауруларын диагностикалау |
70. | B09.802.019 | Масс-спектрометрия әдісімен орфан ауруларын дәрілік мониторингілеу |
71. | D39.955.703 | Тәуліктік стационардың деңгейінде гемодиализ |
72. | D50.920.035 | MARS - жасанды бауыр аппаратында альбуминдік диализ (экстракорпорлық бауырлық жәрдем) |
73. | D54.980.704 | Перитонеалдық катетерді ересектерге имплантанттау |
74. | D54.980.705 | Балалардың перитонеалдық катетерінің имплантациясы |
75. | D54.985.728 | Тәуліктік стационар деңгейінде бикарбонатты буфермен автоматтандырылған перитонеалды диализ (ересектер) |
76. | D54.985.709 | Тәуліктік стационар деңгейінде бикарбонатты буфермен автоматтандырылған перитонеалды диализ (балалар) |
77. | D54.986.710 | Тәуліктік стационар деңгейінде лактатты буфермен автоматтандырылған перитонеалды диализ (ересектер) |
78. | D54.985.725 | Тәуліктік стационар деңгейінде лактатты буфермен автоматтандырылған перитонеалды диализ (балалар) |
79. | D54.985.718 | Тәуліктік стационар деңгейінде лактатты буфермен тұрақты перитонеалды диализ (ересектер) |
80. | D54.985.719 | Тәуліктік стационар деңгейінде лактатты буфермен автоматтандырылған перитонеалды диализ (ересектер) |
81. | D54.985.720 | Тәуліктік стационар деңгейінде бикарбонатты буфермен тұрақты перитонеалды диализ (ересектер) |
82. | D54.985.722 | Тәуліктік стационар деңгейінде бикарбонатты буфермен тұрақты перитонеалды диализ (балалар) |
Шығындарды қосымша өтей отырып, КШТ құны бойынша ақы төлеу жүргізілетін АХЖ-10 бойынша аурулардың негізгі кодтарының тізбесі | ||
Тромболитикалық препараттарды қолданумен ишемиялық инсульттер | ||
83. | I63.0 | Прецеребралды артерияның тромбозы тудырған ми инфарктісі |
84. | I63.1 | Прецеребралды артерияның эмболиясы тудырған ми инфарктісі |
85. | I63.2 | Прецеребралды артерияның анықталмаған бітелуі немесе тарылуы тудырған ми инфарктісі |
86. | I63.3 | Ми артерияларының тромбозы тудырған ми инфарктісі |
87. | I63.4 | Ми артерияларының эмболиясы тудырған ми инфарктісі |
88. | I63.5 | Ми артерияларының анықталмаған бітелуі немесе тарылуы тудырған ми инфарктісі |
89. | I63.6 | Ми веналарының тромбозы тудырған ми инфарктісі, ірің текті емес |
90. | I63.8 | Мидың басқа инфарктісі |
91. | I63.9 | Мидың анықталмаған инфарктісі |
Тромболитикалық препараттарды қолданумен жіті миокард инфарктісі ST көтерілуімен бірге | ||
92. | I21.0 | Жүректің төменгі қабырғасының ушыққан трансмуральдық инфарктісі |
93. | I21.1 | Жүректің басқа орналасу орны анықталған ушыққан трансмуральдық инфарктісі |
94. | I21.2 | Жүректің орналасу орны анықталмаған ушыққан трансмуральдық инфарктісі |
95. | I21.3 | Жүректің анықталмаған ушыққан инфарктісі |
96. | I21.9 | Жүректің алдыңғы қабырғасының қайталанған инфарктісі |
97. | I22.0 | Жүректің астыңғы қабырғасының қайталанған инфарктісі |
98. | I22.1 | Жүректің басқа орналасу орны анықталған, қайталанған миакард инфарктісі |
99. | I22.8 | Жүректің басқа орналасу орны анықталмаған, қайталанған миокард инфарктісі |
100. | I22.9 | Жүректің төменгі қабырғасының ушыққан трансмуральдық инфарктісі |
Тромболитикалық препараттарды қолданумен бірге өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы | ||
101. | I26.0 | Ушыққан өкпелік жүрек туралы ескертілген өкпе эмболиясы |
102. | I26.9 | Ушыққан өкпелік жүрек туралы ескертілмеген өкпе эмболиясы |
Бауырдың циррозы және фиброзы | ||
103. | K70.2 | Бауырдың алкогольдік фиброзы және склерозы |
104. | K70.3 | Бауырдың алкогольдік циррозы |
105. | K71.7 | Бауыр циррозы және фиброзымен бірге бауырдың токсикалық зақымдануы |
106. | K74.0 | Бауыр фиброзы |
107. | K74.1 | Бауыр склерозы |
108. | K74.2 | Бауыр склерозы қосарласа бауыр фиброзы |
109. | K74.3 | Біріншілік билиарлық цирроз |
110. | K74.4 | Екіншілік билиарлық цирроз |
111. | K74.5 | Нақталмаған билиарлық цирроз |
112. | K74.6 | Басқа және нақталмаған билиарлық цирроз |
Өкпе гипертензиясын емдеуде азот монооксидін қолдану | ||
113. | I27.0 | Өкпелік бастапқы гипертензия |
114. | I27.8 | Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа анықталған пішіндері |
115. | I27.9 | Өкпе-жүрек функцияларының анықталмаған жеткіліксіздігі |
Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит кезінде биологиялық терапияны қолдану | ||
116. | K50.0 | Жіңішке ішектің Крон ауруы |
117. | K50.1 | Тоқ ішектің Крон аруы |
118. | K50.8 | Крон ауруының басқа түрлері |
119. | K50.9 | Анықталмаған Крон ауруы |
120. | K51.0 | Жаралы (созылмалы) энтероколит |
121. | K51.1 | Жаралы (созылмалы) илеоколит |
122. | K51.2 | Жаралы (созылмалы) проктит |
123. | K51.3 | Жаралы (созылмалы) ректосигмоидит |
124. | K51.9 | Анықталмаған жаралы колит |