"Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19555 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына, 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің міндетін атқарушы К. Надыров

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 5 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-140 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-309/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:

      31-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері (дәрігерлер мен орта медицина персоналы, оның ішінде мектеп мейіргері)";

      36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі –ТҚСҚБК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі –ТҚСҚБК АД)."

      мынадай мазмұндағы 43-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Аумақтық учаскенің дәрігері осы Қағидалардың 43 тармағына сәйкес ұсынысты қалыптастыру кезінде, ЖБНЫК Әдістемесіне сәйкес есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің аумақтық учаскесі деңгейіне дейін автоматты түрде есептелген КЖНЫК сомасының мынадай шекті мәндерін ескере отырып, қызметкерлер арасында КЖНЫК сомасын бөлу арақатынасын айқындайды:

      1) аумақтық учаскенің дәрігеріне (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) бір атқарып отырған мөлшерлемеге 30%-дан кем емес және 45%-дан аспайтын арақатынаста;

      2) жалпы практика учаскелік мейіргері, терапиялық және педиатриялық учаскелік мейіргері бір атқарып отырған мөлшерлемеге 10%-дан кем емес және 30%-дан аспайтын арақатынаста;

      3) әлеуметтік қызметкер мен психологқа 2%-дан кем емес және 4%-дан аспайтын арақатынаста;

      4) акушер-гинекологқа және (немесе) акушерге 2%-дан кем емес және 5% - дан аспайтын арақатынаста.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін жалпы дәрігерлік практика және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушісіне / аға мейіргеріне көтермелеу туралы ұсыну түрінде түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін аға мейіргер мен аға акушерге көтермелеу туралы ұсынуды оның қарамағындағы қызметкер көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына қол жеткізгені үшін қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын бөлімше меңгерушісі қалыптастырады.

      Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің аға мейіргеріне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) аға акушеріне КЖНЫК сомасын есептеу осы қызметкер оның қарамағындағы бөлімшенің меңгерушісі айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің учаскелік мейіргерлерінің КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.";

      45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) меңгерушісіне КЖНЫК сомасын есептеу МСАК субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына КЖНЫК сомасының мөлшері МСАК субъектісі дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан кемінде 1,0 және 1,25 арақатынасита комиссияның шешімі бойынша айқындалады және оны комиссия осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына көтермелеу мөлшерін айқындау туралы хаттама түрінде ресімдейді.";

      51-тармақта:

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "ӘМСҚ аумақтық бөлімшелерінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізген сараптама нәтижелері бойынша бұзушылықтардың болмауы.";

      Денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметкерлерін көтермелеу
қағидаларына
1-қосымша

Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемшарттары

№ р/с

Көрсеткіштердің атауы

Ақпарат көзі

Тиімділігі

1

Пациенттердің құқықтарының бұзылуына байланысты негізделген жазбаша және ауызша шағымдардың болуы

Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін есепке алу журналы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогына өтініштер, ТҚСҚБК-ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеуі

2

Емдеу мен диагностикалау нәтижесінде туындаған алдын алуға болатын өліммен аяқталған жағдайлардың, асқынулардың, оның ішінде пациенттің мүгедектігіне әкелген жағдайлардың болуы

Стационарлық науқастың статистикалық карталары, пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің басшысы бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссияның қорытындысы, сараптамалық тексеріс актілері, ӨЖЗК* отырыстарының хаттамалары және ТҚСҚБК -ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеуі

3

Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша бұзушылықтардың болуы

ТҚСҚБК АД-ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеуі

4

Пациенттердің қайта жоспарланбаған келіп түсу жағдайларының болуы (сараптамамен расталған)

Мтационарлық науқастың электрондық тіркелімі Қазақстан Республикасының осы және басқа да стационарларына дәл бір ауру себебі бойынша жазылып шыққан күннен бастап бір айдың ішінде қайта емдеуге жатқызу жағдайлары

Төмендеуі

5

Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың қайшы келу жағдайларының болуы

Патологиялық-анатомиялық зерттеудің хаттамасы мен патологиялық-анатомиялық конференция отырысының хаттамасы

Төмендеуі

6

Жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) енгізу

Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі Алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде орындалған ЖТМҚ-ның саны

Ұлғаюы

7

Бактерия шығаратын науқастарды емдеу процесінде қақырық жағындысының конверсиясына қол жеткізу**

Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі

Ұлғаюы

8

Туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды өткізіп алмауы**

Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі

Ұлғаюы

9

18 жасқа дейінгі аборт жасау жағдайлары

Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 066/е нысанды статистикалық карта (бұдан әрі – СНЭТ: № 066/е нысаны);
Автоматтандырылыған ақпараттық жүйе – Емхана: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 025-5/е нысан амбулаториялық пациенттің медициналық картасы

2.7-ден аз

10

Бекітілген халық ішінен қант диабетінің асқынуларымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі

СНЭТ: № 066/е нысаны

Төмендеуі

11

Бекітілген халық ішінен созылмалы расталған темір тапшылығы анемиясымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі

СНЭТ: № 066/е нысаны

Төмендеуі

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.