"Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 1194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19552 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16905 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мен оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 1194 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 488 бұйрығымен бекітілген
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Заңының 17-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 184-бабының 1-бөлігінде көзделген бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат 20 ___жылғы тоқсан ____ есеп кезеңі


      Индекс: № 1 – ЧЛ (Бағалау)

      Мерзімділік: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: бағалаушылар палатасы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне

      Бағалаушылар палатасының бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________________

      1. Бағалаушылар палатасының қызметі туралы мәлімет

Бағалаушылар палатасының алқалық органның басшысы

Бағалаушылар палатасының алқалық органының басшысын сайлау туралы ақпарат

Өтініштердің нәтижелері бойынша тәртіптік істерді қоспағанда, бағалаушыларға қатысты қаралған тәртіптік істердің саны

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қоспағанда, тәртіптік жауапкершілікке тартылған бағалаушылар саны

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

жеке сәйкестендіру нөмірі

сайлау туралы шешім қабылдау күні

сайлау туралы шешімнің нөмірі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Берілген біліктілік куәліктерінің саны (мамандық бойынша бөліністе)

Біліктілік куәлігінен айырылған тұлғалардың саны (мамандық бойынша бөліністе)

Біліктілікті жоғарылату және қайта даярлау курстарынан өткендер саны

Біліктілікті жоғарылату және қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификат алған тұлғалардың саны (мамандық бойынша бөліністе)

Қайта даярлаудан өткен бағалаушыларға кандидаттардың саны (мамандық бойынша бөліністе)

"бағалаушы"

"сарапшы"

"бағалаушы"

"сарапшы"

бағалаушылар

сарапшылар

бағалаушылар саны

сарапшылар саны

7

8

9

10

11

12

13

14

15










      2. Бағалаушылар туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бағалаушының

Бағалаушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Бағалаушының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігі бар мамандық атауы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігін берген бағалаушылар палатасының атауы

жылжымайтын мүлікті бағалау

жылжымалы мүлікті бағалау

зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау, бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау




нөмірі

берілу күні

нөмірі

берілу күні

нөмірі

берілу күні


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтатыла тұру

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

шешім күні

шешім күні

негіздеме (себебі)

тоқтатыла тұрған кезең

шешім күні

11

12

13

14

15






      кестенің жалғасы

Бағалаушылар палатасына мүшелік мәртебесі туралы мәлімет

Палатаға мүшелік шарттарын бұзу
(себебі)

Тәртіптік жазаның шаралары

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі

кіру

аяқталуы

қабылдау күні

негіздеме (себебі)

тәртіптік жаза түрі

шешім қабылдау күні

шешім нөмірі

шешім қабылдау күні

шешімнің (себебі) негізі

16

17

18

19

20

21

22

23

24










      3. Сарапшылық кеңестің мүшелері туралы мәлімет

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Сарапшының жеке сәйкестендіру нөмірі

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік

Сарапшыны/сараптамалық кеңестің төрағасын сайлау туралы мәліметтер

нөмірі

берілген күні

"сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы

сарапшы болып сайлану күні

мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








      кестенің жалғасы

Сарапшылық кеңестің құрамында өткізілген бағалау есебін сараптау туралы мәлімет

"Сарапшы" біліктілік куәлігін алудағы қабылданған шаралар туралы мәлімет

тоқтату

айырылу

сараптамалық қорытындының атауы

шығарылған күні мен нөмірі

шешімдер қабылдау күні

негіздеме (себебі)

шешімдер қабылдау күні

негіздеме (себебі)

9

10

11

12

13

14







      4. Белгілі бір құн түрлері туралы мәліметтер

Бағалау объектісі

Белгілі бір құнның саны

Жиыны

нарықтық

өзге де

Жылжымалы мүлік




Жылжымайтын мүлік




Зияткерлік меншік және материалдық емес активтер




Бизнес және бизнеске қатысу құқығы




Қаржы құралдары




Жиыны




      5. Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер

Өтініштер саны

Қатысты

Өтініштердің сипаты



бағалаушыларға

сараптамалық кеңеске

бағалаушылар палатасына

бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебі кодексінің қағидаттарын бұзу

біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бұзу

бағалау стандарттарын бұзу

бағалау қызметі саласында оқыту, кәсіби қайта даярлау бағдарламасын бұзу

бағалау туралы есепке сараптама жүргізу қағидаларын бұзу

бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бұзу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы

Алқалы органның шешімі

Бағалаушылар палатасына қатысты сотта қаралған істер саны

Қаралған тәртіптік істер саны

өтінішті қанағаттандыру

өтінішті қарауды кейінге қалдыру

өтінішті қанағаттандырудан бас тарту

талапкердің пайдасына қанағаттандырылған қуынымдар

бағалаушылар палатасының пайдасына қуынымдарды қанағаттандырудан бас тарту

ішінара қанағаттандырылған қуынымдар

12

13

14

15

16

17

18















      кестенің жалғасы

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жазалар саны

куәліктің қолданысын тоқтата тұру

куәліктен айыру

ескерту шығару

өзге де шаралар

19

20

21

22





Жиыны




      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________

      Телефон ________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_____________________________

      Орындаушы __________________________________      _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)      қолы

      Басшы

      немесе оның міндетін атқарушы адам________________________________      ________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)      қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  "Бағалаушылар палатасының
және оның мүшелерінің
қызметі туралы ақпарат" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

"Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат"

(Индекс: № 1 – ЧЛ (Бағалау), мерзімділік: тоқсан сайын)

1-бөлім. Жалпы ереже

      1. Осы түсіндірме "Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды бағалаушылар палатасы толтырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсынылады.

      3. Нысанға бағалаушылар палатасы алқалы органының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2-бөлім. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Бағалаушылар палатасының қызметі туралы ақпарат":

      кестенің 1 және 2-бағандарында бағалаушылар палатасының алқалы органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетіледі;

      кестенің 3 және 4-бағандарында бағалаушылар палатасының алқалық органының басшысын сайлау туралы шығарылған шешім күні, нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 5-бағанында өтініштердің нәтижелері бойынша тәртіптік істерді қоспағанда, ақпаратты егжей-тегжейлі сипаттай отырып, түсіндірме қоса беріліп, бағалаушыларға қатысты қаралған тәртіптік істердің саны көрсетіледі;

      кестенің 6-бағанында өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қоспағанда, ақпаратты егжей-тегжейлі сипаттай отырып, түсіндірме қоса беріліп, тәртіптік жауаптылыққа тартылған бағалаушылардың саны көрсетіледі;

      кестенің 7 және 8-бағандарында "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы берілген куәліктер саны (мамандық бойынша бөліністе) көрсетіледі;

      кестенің 9 және 10-бағандарында "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлігінен айырылған адамдардың саны (мамандық бойынша бөліністе) түсіндірме қоса беріле отырып, көрсетіледі;

      кестенің 11 және 12-бағандарында өткізілген біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының саны көрсетіледі. Осы бағандар бойынша кестеге түсініктеме қоса берілуі керек, онда біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының тақырыптарының атауын, барлық сағат санын, тартылған лекторлардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуі қажет;

      кестенің 13 және 14-бағандарында мамандықтар бойынша бөлінісінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификат алған тұлғалардың (бағалаушылардың, сарапшылардың) саны көрсетіледі;

      кестенің 15-бағанында мамандықтар бойынша бөлінісінде қайта даярлаудан өткен бағалаушыларға кандидаттардың саны көрсетіледі;

      2. "Бағалаушылар туралы мәліметтер":

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      кестенің 3-бағанында бағалаушының ЖСН көрсетіледі;

      кестенің 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарында бағалаушының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігі бар мамандық атауы, сондай-ақ нөмірі және "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің берілген күні көрсетіледі;

      кестенің 10-бағанында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы көрсетіледі;

      кестенің 11-бағанында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім күні көрсетіледі;

      кестенің 12, 13 және 14-бағандарында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде шешімнің күні, тоқтату негіздемесі (себебі) және кезеңі көрсетіледі;

      кестенің 15-бағанында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімнің күні көрсетіледі;

      кестенің 16, 17, 18 және 19-бағандарында бағалаушылар палатасына мүшеліктің жай-күйі туралы мәліметтер, атап айтқанда мүшелікке кіру туралы шешімнің күні мен нөмірі, мүшелікті тоқтату шешімінің күні мен негіздемесі (себебі) көрсетіледі;

      кестенің 20-бағанында 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 19-бабына сәйкес бағалаушының бағалаушылар палатасына мүшелік шарттарын бұзуы туралы мәліметтер (себебі) көрсетіліп, еркін нысанда толтырылған түсініктеме ұсынылады;

      кестенің 21, 22 және 23-бағандарында бағалаушыға қатысты тәртіптік жазаның қабылданған күні, негіздемесі (себебі) және түрі көрсетіледі;

      кестенің 24-бағанында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі көрсетіледі;

      3. "Сараптамалық кеңестің мүшелері туралы мәліметтер":

      1-реттік нөмірмен кестенің 2-14-бағандарында сараптамалық кеңес төрағасы туралы ақпарат көрсетіледі;

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      кестенің 3-бағанында сарапшының ЖСН көрсетіледі;

      кестенің 4, 5 және 6-бағандарында "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің нөмірі, берілген күні, "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы көрсетіледі;

      кестенің 7 және 8-бағандарында сарапшының сайланған күні және сайлау мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі. Сараптамалық кеңес төрағасы бойынша: алдымен сарапшы сайланған күні және сайлау мерзімінің аяқталған күні, содан кейін сараптамалық кеңес төрағасын сайлау күні және мерзімінің аяқталуы көрсетіледі;

      кестенің 9 және 10-бағандарында сараптамалық кеңестің құрамында бағалау туралы есепке жүргізілген сараптамалар туралы мәліметтер, атап айтқанда сараптамалық қорытындының атауы, нөмірі және берілген күні түсіндірмені қоса бере отырып, көрсетіледі;

      кестенің 11, 12, 13 және 14-бағандарында "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер, атап айтқанда шешімнің күні, тоқтату үшін негіздеме (себебі), "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру шешімнің күні және негізі (себебі) түсіндірмені қоса бере отырып көрсетіледі;

      4. "Белгілі бір құнның түрлері туралы мәліметтер" Заңның 15-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бағалаушы бағалаушылар палатасына ұсынған бағалау объектісінің белгілі бір құнының түрлері туралы мәліметтер түсіндірме қоса беріле отырып көрсетіледі;

      5. "Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері туралы мәліметтер":

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында өтініштердің саны көрсетіледі;

      кестенің 3, 4 және 5-бағандарында өтініштің кімге қатысты түскені туралы мәліметтер көрсетіледі, бұл ретте көрсетілген бағандардың жалпы сомасы 2-бағанның сомасына тең болуы тиіс;

      кестенің 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында өтініштердің сипаты көрсетіледі;

      кестенің 12, 13 және 14-бағандарында өтініш берушінің немесе бағалаушылар палатасы мүшесінің бағалаушылар палатасының мамандандырылған органының тексеру нәтижелеріне шағымдануы туралы өтініші бойынша алқалы органның шешімі көрсетіледі;

      кестенің 15, 16 және 17-бағандарында бағалаушылар палатасына қатысты сотта қаралған істер саны, атап айтқанда, талапкердің пайдасына қанағаттандырылған, бағалаушылар палатасының пайдасына қанағаттандырудан бас тартылған және ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың саны көрсетіледі;

      кестенің 18-бағанында қаралған тәртіптік істердің саны көрсетіледі;

      кестенің 19, 20, 21 және 22-бағандарында өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жазалардың саны, атап айтқанда "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің тоқтатылған әрекеттерінің саны, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру, ескерту шығару немесе өзге де қабылданған шаралар көрсетіледі;

      Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер еркін нысанда жазылған түсініктемені қоса отырып, нысанның 22-бағаны бойынша қабылданған шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасымен және сілтемелер мен негіздемелерді көрсету ұсынылады.