"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қарашада № 19547 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 28 қазандағы
№ 280 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/278 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқарма – Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы немесе облыстардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма);

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Басқарма айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) өтінім – дайындаушы ұйымды аккредиттеуге арналған электрондық өтінім;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, дайындаушы ұйымды аккредиттеуге арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді аккредиттеу шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      6) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      3. Осы Қағидаларда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің көрсетілетін қызметтерін жеткізушілер үшін мынадай шаралар қабылдау көзделген:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің көрсетілетін қызметтерін жеткізуші қызмет көрсету нәтижесінде алынған ақпараттың құпиялылығы мен жария етілмеуі бөлігінде уәкілетті орган айқындаған шектеулерге қол қояды, сондай-ақ Басқармамен жасалған қызмет көрсетуге арналған негізгі шартқа қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде қалыптастырылған дерекқорды қалыптастыру бойынша уәкілетті орган айқындалған шараларды жүзеге асырады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің көрсетілетін қызметтерін жеткізуші барлық дерекқорларды жаңартуды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті іске асыру процесінде қалыптасқан уәкілетті органның серверлеріне дерекқорларды апта сайын енгізіп отыруды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде қалыптастырылатын, оның ішінде субсидиялаудың кез келген жүйелері арқылы жүзеге асырылатын дерекқорлар мемлекет атынан уәкілетті органға тиесілі.

      4. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу шарттары

      5. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) дайындаушы ұйымның "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуге арналған өтінім беруі.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) дайындаушы ұйым берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялау жүйесінде тіркелуі.

3-тарау. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      6. Веб-портал (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілімнің деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) дайындаушы ұйым ЭЦҚ көмегімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркеледі;

      2) Басқарма жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.

      7. Жеке кабинетте тіркелу үшін дайындаушы ұйым мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және бірінші басшының ЖСН-сы;

      2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы).

      8. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дайындаушы ұйым Жеке кабинетке енгізілген жеке шотының деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      9. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дайындаушы ұйымның оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қоюы арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарастыруға өтінімнің келіп түскендігі туралы электрондық хабарлама жолданады.

      Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап отыз минут ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою арқылы оны қабылдағанын растайды. Аталған растау дайындаушы ұйымды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізуге негіз болып табылады. Хабарлама дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі Жеке кабинетінде өз бетінше тіркелген жағдайда қолжетімді болады.

      Басқарма дайындаушы ұйым аккредиттелген сәттен бастап отыз минут ішінде тізбені субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде және "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелген) сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) интернет-ресурсына орналастырады.

      10. Өтінім берілген жағдайда, аккредиттеуден бас тартуға жол берілмейді.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аккредиттеуге арналған өтінім

      1.(кімге)________________________________________________________ облысының

      __________________________________________________________________________

      (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      _(кімнен)__________________________________________________________________

      2. ___________________________________________ аккредиттеу жүргізуді сұраймын.

      (ұйымның атауы)

      3. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      атауы _____________________________________________________________________

      БСН______________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________

      басшының ЖСН-сы _________________________________________________________

      мекенжайы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі _______________________________________________________

      4. Ұйым өткізуді іске асырып отырған немесе іске асыруды жоспарлап отырған ауыл шаруашылығы өнімі туралы мәліметтер ("Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес)*:

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

1

2

1.


2.


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Ескертпе:

      * - ауыл шаруашылығы өнімінің тізімін өзгерту және (немесе) толықтыру Заңға сәйкес қайта аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады. Алдыңғы аккредиттеу туралы мәліметтер тауарлар тізбесі бойынша өзектендірген кезде жойылады.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және ол агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосылып, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлаймыз.