Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қазанда № 19513 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10014 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      3-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Спорт жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету";

      5-тармағында:

      үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      алтыншы абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда зардап шеккен адамды жедел медициналық көмек бригадасы оған мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға жеткізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген 067/е нысаны бойынша дене шынықтыру сабақтары мен спорт іс-шараларында көрсетілетін медициналық көмекті тіркеу журналында тіркеледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету спортпен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларға ағымдағы медициналық бақылау жүргізуді, спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру (бұдан әрі – ТМТ) және спортшыларды кезеңдік (мерзімдік) медициналық тексеру жүргізуді, спортшыларға кешенді функционалдық тестілеу жүргізуді, спортшыларға дәрігерлік-педагогикалық бақылау (бұдан әрі – ДПБ) жүргізуді қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Спортшыларға ТМТ және кешенді функционалдық тестілеу спорттық медицина бөлімшелерінде (кабинеттерде), амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдарында, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде, спорттық медицина және оңалту орталықтарында жүргізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Медициналық тексерулер мен бақылау нәтижелері бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген 061/е нысаны бойынша диспансерлік тексеру бойынша қорытынды беріледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, аурулары мен жарақаттарынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Аурулар мен жарақаттар кезінде спортшыны қалпына келтірудің қажетті шарты оның функционалдық мәртебесі мен спорт түрінің ерекшелігі, қозғалу режимі және қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде дене жүктемесінің өзге де түрлері болып табылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Спортшыны қалпына келтіруді іске асыру үшін оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – жеке бағдарлама) жасалады, онда аурудың немесе жарақаттың клиникалық ағымы, функционалдық мәртебесі және спорттың түрі ескеріледі.

      Спортшының жеке бағдарламасын (патология сипатын ескере отырып) спорттық медицина, емдік дене шынықтыру мамандары, функционалдық диагностика дәрігері, физиотерапевт дәрігермен бірлесе отырып, дәрігер-мамандар жасайды.

      Медициналық көрсеткіштері бойынша оңалту бағдарламасына мануалды терапевт, рефлексотерапевт, психотерапевт, травматолог-ортопед, сондай-ақ, зертханалық диагностика, сәулелік және ультрадыбыстық диагностика бойынша бейінді мамандар тартылады.";

      2) "Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10009 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Медициналық тексеру түрлері";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медициналық тексеру мыналарды қамтиды:

      1) тереңдетілген медициналық тексеру;

      2) кезеңдік медициналық тексеру;

      3) ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау;

      4) кешенді функционалдық тестілеу;

      5) медициналық тексерудің қосымша түрі (жарыс алдындағы тексеру).";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау денсаулық жағдайын және ағзаның жаттығу жүктемелеріне бейімделу динамикасын жедел бақылау, даярлау және қалпына келтіру іс-шаралары процесінің тиімділігін даралау және арттыру мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

      1) спорт дәрігерінің қарауы, жаттығу сабақтарында функционалдық сынамаларды өткізу;

      2) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда функционалдық және зертханалық тексеру және басқа мамандардың қарауы.";

      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      7-2. Кешенді функционалдық тестілеу келесі тексерулерді қамтиды:

      1) спорт дәрігерінің қарауы (спорт дәрігерінің тағайындауы бойынша медициналық көрсетілімдер болған жағдайда – басқа мамандардың тексеруі);

      2) қан мен зәрді зертханалық зерттеу;

      3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық тексерулер:

      бойын, салмағын өлшеу;

      дене құрамын талдау;

      плантоскопия;

      спирография;

      омыртқаның 3D-талдауы;

      электрокардиография;

      эхокардиография;

      жүктемелі кардиологиялық тестілеу;

      буындардың магниттік-резонанстық томографиясы;

      жүгіру жолында және (немесе) велоэргометрде лактатпен және газ талдағышпен арнайы төзімділікті бағалау;

      жылдамдық пен қуат көрсеткіштерін бағалау.

      7-3. Кешенді функционалдық тестілеу үшін тексерулерді спорт дәрігері спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасының) бас жаттықтырушысымен келісім бойынша спорт түріне, жаттығу жиындары мен жарыстардың жиілігіне сәйкес, сондай-ақ әр спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Спорт түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, спортшыларда қосымша:

      1) көру аясына, көздің түбіне, көздің ішкі қысымына, көру аясының шетіне офтальмологиялық тексеру жүргізіледі;

      2) терапевттің тағайындауы бойынша мына мамандарға тексеру жүргізіледі: травмотолог, невролог, отоларинголог, көз дәрігері, гинеколог, тіс дәрігері, тері аурулары дәрігері, уролог, кардиолог, эндокринолог, емдік дене шынықтыру дәрігері (14 жасқа дейінгі балалар);

      3) неврологиялық жағдайы, қозғалыс реакциясының уақыты, вегетативті орнықтылығы тексеріледі;

      4) мергендер (биатлоншылар), конкуршылар, семсерлесушілер, жеңіл атлеттер, жүзушілер, бессайысшылар, жекпе-жекке қатысатындар және ауыр атлетшілерде аудиометрия жүргізіледі;

      5) ауыр атлет спортшыларда күшенуіне (А. Вальсальва) сынама жүргізіледі;

      6) дәрігердің тағайындауы бойынша клиникалық тексерулер, рентгенография, ультрадыбыстық зерттеулер, компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және басқа тексерулер жүргізіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Спортшыларды медициналық тексеруден өткізу тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кезеңдік медициналық тексеру бір жылдық кезең ішінде дайындық кезеңдерінің санына байланысты жүргізіледі.";

      12-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) халықаралық және республикалық жарыстарға даярлау бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Спортшының кешенді функционалдық тестілеу нәтижелері бойынша Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамалық нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 061/е нысаны бойынша диспансерлік тексеру бойынша қорытынды беріледі. Қорытынды спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасының) бас жаттықтырушысына одан әрі жаттығу бағдарламасын жасау үшін, сонымен қатар қажет болған жағдайда қалпына келтіру және оңалту шараларын жүргізу үшін ұсынылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Медициналық тексерулердің қосымша түрлері (жарыс алдындағы тексеру) әр спорттық жарыс алдында өткізіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыны медициналық тексерудің нәтижесі бойынша Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамалық нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 061/е нысаны бойынша спортшыны диспансерлік байқаудың дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі