Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 қазанда № 19433 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 қазандағы
№ 750 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;

      2) авиажолаушылар туралы мәліметтерді жинау және беру бойынша қызметтер – уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға халықаралық рейстермен орындалған әуе көлігіне ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қызметтері;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласын, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) әуежай қызметі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауіпсіздігі мен авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;

      5) әуежайды пайдаланушы – меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуежайды пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің заңды тұлғасы;

      6) жерде қызмет көрсету – әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өзінің әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін әуе компания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі;

      7) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші – әуежайды пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      8) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам.

      3. Әуежай аумағында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №749 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17718 болып тіркелген) әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесінде көзделген жерде қызмет көрсету қызметтері көрсетіледі.

      4. Әуежайды пайдаланушы әуежайда жүзеге асырылатын жерде қызмет көрсету қызметтері туралы ақпараттық хабарламаны әуежайды пайдаланушының интернет-ресурсында орналастырады, ол қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      5. Әуежайды пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін, көрсететін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.

2-тарау. Әуежайларда жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Авиакомпанияның әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      6. Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді авиакомпания дербес тек өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға қызмет көрсету үшін ғана жүзеге асырады.

      7. Өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға дербес қызмет көрсететін авиакомпания әуежайды пайдаланушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерде қызмет көрсету қызметін көрсетуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну жөніндегі технологиялық құжаттар;

      2) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі бекітілген жоспар (егер мұндай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және жұмыстарды орындау технологиясымен белгіленсе);

      3) меншіктегі немесе жалға алу шарттарындағы материалдық және материалдық емес активтер туралы ақпарат (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе).

      Әуежайды пайдаланушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн мерзімінде өтінімді қарайды.

      Өтінім бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, әуежайды пайдаланушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жерде қызмет көрсетуге арналған үлгі шартқа (бұдан әрі – Жерде қызмет көрсету үлгі шарты) сәйкес өзінің әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға дербес қызмет көрсету үшін авиакомпаниямен жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасайды.

      Бұл ретте, Заңның 65-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әуежайды пайдаланушы өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға дербес қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.

      8. Әуежайды пайдаланушы өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға дербес қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасалатын шартта әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.

2-параграф. Қызмет көрсетушінің әуежайларда жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету тәртібі мен талаптары

      9. Егер осы Қағидалармен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, әуежайды пайдаланушы әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіні іріктеу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - конкурс) өткізеді.

      10. Әуежайды пайдаланушы, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіні іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі - қызметті беруші өтінімі) қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарландыруды өз интернет-ресурсында орналастырады.

      11. Хабарландыру жарияланғанға дейін әуежайды пайдаланушы конкурстық құжаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссия құрамына әуежайда тұрақты рейстер жүзеге асыратын авиакомпанияның бір өкілін енгізуге рұқсат беріледі.

      12. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның мүшелері ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде жазылады және ашу немесе конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасына қоса беріледі.

      13. Конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген талаптардан басқа, мыналарды:

      1) конкурсты өткізетін әуежайды пайдаланушының атауы мен орналасқан жерін;

      2) жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыруға талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті;

      3) әуежайда ұсынылатын жерде қызмет көрсету қызметінің ең жоғары құнын (тариф);

      4) өтемақы төлемінің мөлшерін (әуежайда жерде қызмет көрсетуді ұсыну үшін әуежай ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын пайдалану кезінде);

      5) қызметті берушінің өтінімдерін ашу, қарау, бағалау және салыстыру рәсімінің сипаттамасын;

      6) конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемшарттарды;

      7) қызметті берушілердің өтінімдерін ашу уақыты мен күнін қамтиды.

      Конкурстық құжаттамада қызметті берушіге өткізілетін конкурс талаптары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

      14. Конкурсқа қатысу үшін жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші жерде қызмет көрсету қызметінің жоспарланған құнын (тарифын), баламалы талаптарды және басқаларды көрсете отырып, еркін нысанда қызмет берушінің өтінімін ұсынады.

      Қызметті берушінің өтініміне мынадай құжаттар:

      1) қажетті меншіктегі немесе жалға алу шартындағы материалдық және материалдық емес активтерді (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе), жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну үшін технологиялық құжаттарды, жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі бекітілген жоспарларды көрсете отырып, техникалық сипаттамасы;

      2) білікті мамандар немесе авиация персоналы, оның ішінде жерде қызмет көрсетуді үздіксіз жүзеге асыру үшін жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі (кемінде 2 жыл) бар мамандар туралы ақпарат;

      3) өткізілетін конкурстың мәні болып табылатын жерде қызмет көрсету қызметтерінің көлемі;

      4) өтемақы төлемінің төлеу мөлшері мен шарттары қоса беріледі.

      15. Қызмет беруші өтінімін ашу сәтінен бастап конкурстық комиссия қызметті беруші ұсынған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды толықтығына және сенімділігіне күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурстық комиссия жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат береді.

      16. Конкурстық комиссия қызметті берушінің өтінімін, егер:

      1) жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуші осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) қызметті берушінің өтінімі және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

      3) жерде қызмет көрсету қызметінің құны (тарифы) конкурстық құжаттамада белгіленген мөлшерден асып кетсе;

      4) осы Қағидалардың 3-тарауында және 14-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса, қабылдамайды.

      17. Әуежайда жерде қызмет көрсету қызметінің ең төменгі тарифын ұсынған жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші жеңімпаз болып танылады.

      Өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде конкурстық комиссия жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші ұсынған өтемақы төлемінің мөлшерін ескереді.

      Конкурсты өткізу кезінде жерде қызмет көрсету қызметтерінің бір түрі бойынша біреуден көп конкурс жеңімпазын анықтауға жол беріледі.

      18. Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға бір өтінімнен кем ұсынылса, конкурс өткізілмеді деп таниды.

      19. Конкурс жеңімпазымен әуежайды пайдаланушы Жерде қызмет көрсетудің үлгі шартының нысаны бойынша шарт жасайды.

3-параграф. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру тәртібі мен талаптары

      20. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Авиакомпаниялардан авиажолаушылар туралы деректерді жинау және уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға беру жөніндегі қызметтерді берушіні және оған қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамада көзделген тәртіппен айқындайды. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтер уәкілетті органға авиакомпаниялардан авиажолаушылар туралы мәліметтерді алуға және оларды құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға беруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені ұсыну нысанында көрсетіледі.

      22. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтер үшін төлемді авиакомпаниялар мөлшерлемелер бойынша әуежай алымы құрамында және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартында (бұдан әрі – Мәліметтерді беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт) көзделген формула негізінде төлейді. Мәліметтерді беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарттың ережелері авиажолаушылар, авиакомпаниялар және/немесе әуежайларды пайдаланушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтерді берушінің арасындағы кез келген шарттарға қолданылады және енгізілуге жатады. Әуежайларды пайдаланушылар авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтерді берушіге мәліметтерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт нысаны бойынша жасалатын шарт негізінде ақы аударады.

3-тарау. Жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар

      23. Жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге мынадай негізгі талаптар қойылады:

      1) құқық қабілеттілігінің болуы;

      2) жерде қызмет көрсету қызметтерін үздіксіз жүзеге асыру үшін жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың немесе авиациялық персоналдың (кемінде 2 жыл) жеткілікті санының болуы;

      3) меншікте немесе жалға алу шартында материалдық және материалдық емес активтердің болуы (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе);

      4) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну үшін технологиялық құжаттардың болуы;

      5) әуежай аумағында қызмет кезеңінде үшінші тұлғалар алдында сақтандыру жауапкершілігін қамтудың болуы;

      6) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші бекіткен жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі жоспардың болуы.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(әуежай атауы)
кімнен ______________________
____________________________
(авиакомпания атауы,
басшысының тегі, есімі, әкесінің
есімі (болған кезде)

Жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған өтінім

      Жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну үшін мынадай жерде қызмет көрсетуге рұқсат беруіңізді сұраймын:

Жерде қызмет көрсету қызметтерінің атауы

Қызметті жүзеге асырудың жоспарланған кезеңі

Қызметтер көлемі





      қажетті инфрақұрылым объектілерінің тізбесі:

№ р/с

Инфрақұрылым объектілерінің, арнайы техниканың атауы

Талап етілетін инфрақұрылым көлемі (саны)

1

2

3




      Авиакомпания деректемелері:

      Толық атауы: _______________________________________________________

      Заңды мекенжайы: __________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________

      Банктік деректемелер: ______________________________________________

      __________________________________________________________________

      Телефон, факс, e-maіl: _______________________________________________

      __________________________________________________________________

      20____жылғы "____" _______

      _______________             _________________________________________________

      (қойылған қолы)             (басшының тегі, есімі, әкесінің есімі (болған кезде)

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Жерде қызмет көрсетуге арналған үлгі шарты

      Бұдан әрі "Әуежай" деп аталатын, (әуежай басшысының лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда) атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін (Әуежайды пайдаланушының атауы) бір тараптан және бұдан әрі "Қызмет беруші" немесе "Авиакомпания" деп аталып, (лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда) атынан____________________ негізінде әрекет ететін (Қызмет берушінің немесе авиакомпанияның атауы) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған осы шартты жасады және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      Қызмет беруші әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін (жерде қызмет көрсету түрі көрсетілсін) тарифтер бойынша (жерде қызмет көрсету түрлері бойынша тарифтер көрсетілсін) көрсетуге міндеттенеді, ал Әуежай жерде қызмет көрсетуге қажетті инфрақұрылымға (инфрақұрылым атауы көрсетілсін) қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Ескертпе: Авиакомпаниямен шарт жасаған кезде шарттың мәні авиакомпания тек қана өз әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктерге және поштаға дербес жерде көрсетілетін қызметтерді ұсыну болып табылады.

2. Тараптардың міндеттері

      2.1. Қызмет беруші немесе Авиакомпания:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық қамтамасыз етуге және тиісінше орындауға;

      2) жерде қызмет көрсету ұсынылған кезде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) қызмет тұтынушылары үшін әуежайда жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсеткен кезде бірдей жағдайда жерде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;

      4) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасының тиісті талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде өтемақы төлемін төлеуге;

      6) жерде қызмет көрсету қызметтерінің құны өзгерген кезде Әуежайды уақтылы хабардар етуге;

      7) Әуежайдың бірінші талабы бойынша Шарттағы міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      8) Қызмет берушімен немесе Авиакомпаниямен Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) құқықтан тыс әрекеттерінен туындаған, Әуежайға келтірілген шығындарды толық көлемде оған өтеуге;

      9) Әуежайдың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ешкімге бермеуге міндеттенеді.

      Ескертпе: 2.1-тармақтың 3) және 6) тармақшалары Авиакомпанияның міндеттемелеріне кірмейді.

      2.2. Қызмет беруші:

      1) Әуежайдан осы шартта белгіленген шарттық міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      2) Әуежайдың инфрақұрылым объектілері мен құрал-жабдығын жұмыс бабында ұстауын Әуежайдан талап етуге құқылы.

      2.3. Әуежай:

      1) жерде қызмет көрсету қызметін көрсету үшін қажетті әуежайдың инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) әуежай аумағында қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін Қызмет беруші немесе Авиакомпания мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      3) жерде қызмет көрсету қызметтерінің сәйкессіздіктерін анықтаған кезде Қызмет берушіні немесе Авиакомпанияны дереу жазбаша хабардар етуге;

      4) Әуежайдың Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) құқықтан тыс әрекеттерінен туындаған, Қызмет берушіге немесе Авиакомпанияға келтірілген залалдарды толық көлемде оған өтеуге міндеттенеді.

      2.4. Әуежай:

      1) жерде көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Қызметті берушінің немесе Авиакомпанияның әуежай аумағында олар ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзған немесе сақтамаған жағдайда, олардың персоналы мен техникалық құралдарды шеттетуге құқылы.

3. Шарттың сомасы және төлеу шарттары

      3.1. Қызмет беруші немесе Авиакомпания өтемақы төлемін _____________ мөлшерінде төлейді. Өтемақы төлемі тиісті инфрақұрылым объектісін жұмыс бабында ұстап тұру шығыстарын, оның ішінде қолайлы рентабельділік деңгейін есепке ала отырып, ағымдағы және күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтер шығыстар сомаларын одан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      Қызмет беруші немесе Авиакомпания өтемақы төлемін Әуежайдың есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, ақы төлеуге шотты ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүргізеді.

      3.2. Өтемақы төлемін төлеу мерзімдерін кешіктірген жағдайда, тұрақсыздық айыбының сомасын Қызметті беруші немесе Авиакомпания Әуежайға

      __________________________________________________________________________

      (шарттың жалпы сомасынан %-ды немесе әрбір кешіктірілген күн үшін тіркелген

      сомасын көрсету) төлейді.

      3.3. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу осы Шартта көзделген міндеттемелерін Тараптарды орындаудан босатпайды.

4. Шарттың қолданылу мерзімі және күшін бұзу шарттары

      4.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және _______ жылғы "___"______________ дейін қолданылады.

      4.2. Шарттың күші тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

5. Хабарлама

      5.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хат арқылы жіберіледі.

      5.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кейін туындауына қарай күшіне енеді.

6. Еңсерілмейтін күш

      6.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      6.2. Шарт мақсаттары үшін "еңсерілмейтін күш" төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) білдіреді.

7. Даулы мәселелерді шешу

      7.1. Тараптар Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерлерін жұмсауы тиіс.

      7.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      7.3. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

8. Өзге де шарттар

      8.1. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әр Тарап үшін бір-бірден данадан жасалады.

      8.2. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары

Әуежай:
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қызметті беруші немесе Авиакомпания:
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

Уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге үлгі шарты

      Бұдан әрі "Әуежай" деп аталатын, (әуежай басшысының лауазымы, есімі, аты әкесінің есімі (болған жағдайда) атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін ______________________ (әуежайды пайдаланушының атауы) бір тараптан және бұдан әрі "Қызметті көрсетуші" деп аталып, (лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда) атынан ______________________ негізінде әрекет ететін _____________________, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету ұсынуға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызметтер көрсетуге қызметті берушіні (бұдан әрі – Қызметті беруші) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамада көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Қызметті беруші төлемақысының мөлшері (бұдан әрі - Төлемақы) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Қызметті берушінің арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен айқындалады.

      1.2. Қызметті беруші Әуежайға уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетуге міндеттенеді.

      1.3. Қызметтер Қызмет берушімен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеудің ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйе) ұсыну және авиакомпанияларына жолаушылар туралы ақпараттық жүйенің жүйеге жолаушылар туралы деректерді ұсынуға мүмкіндік беретін қызметіне рұқсат беру түрінде көрсетіледі.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Қызмет беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық және тиісінше орындауын қамтамасыз етуге;

      2) Қызметтерді ұсынған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) барлық қызмет тұтынушылары үшін Қызметтерді бірдей жағдайда ұсынуға;

      4) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасының тиісті талаптарына сәйкес Қызметтердің тиісінше көрсетілуін қамтамасыз етуге;

      5) Әуежайдың талабы бойынша Шарттағы міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      6) Әуежайдың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге бермеуге міндеттенеді.

      2.2. Қызмет беруші:

      1) осы Шартта белгіленген мерзім ішінде әрбір авиакомпаниясына қатысты авиакомпаниялар Әуежайға ұсынатын ұшу парақтары негізінде халықаралық рейстермен Қазақстан Республикасына келуші немесе Қазақстан Республикасынан кетуші жолаушыларының саны мен транзиттік жолаушылар туралы (бұдан әрі – Статистикалық деректер) алуға;

      2) осы Шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде Төлемақы алуға;

      3) белгіленген мөлшерде және белгіленген мерзімде Төлемақы төлемеген және/немесе авиажолаушылары туралы ақпараттық жүйенің жұмыс істеуімен байланысты міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған әуе компанияларына Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға;

      4) осы Шартта белгіленген шарттық міндеттемелерді орындауын Әуежайдан талап етуге;

      5) қызметті беруші мынадай негіздердің кез келгені бойынша Әуежай ұсынған Статистикалық деректерге ескерту беріп мәлімдеме жасауға құқылы:

      Статистикалық деректер мен авиажолаушылар туралы нақты деректер арасындағы алшақтығы;

      есептердегі Статистикалық деректер мен авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйеге берілген деректер арасындағы алшақтығы;

      Статистикалық деректер мен Әуежай төлеген Төлемақы мөлшері арасындағы алшақтығы.

      2.3. Әуежай:

      1) осы Шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде барлық әуе компанияларынан Төлемақы алуға және оларға шоттарды ұсынуға, Төлемақыны осы Шартта белгіленген мерзім ішінде Қызметті берушіге аударуға;

      2) өзінің қызметтерін көрсететін барлық әуе компанияларына қатысты Статистикалық деректерді жинауға және мұндай Статистикалық деректерді Қызметті берушіге ұсынуға;

      3) Төлемақы немесе Статистикалық деректердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Қызметті берушіні жазбаша хабардар етуге;

      4) егер мұндай орындамау Әуежайға байланысты емес себептер бойынша мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, Әуежайдың Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) құқықтан тыс әрекеттерінен туындаған, Қызметті берушіге келтірілген залалдарды толық көлемде оған өтеуге міндеттенеді;

      5) Әуежай Статистикалық деректерге түзетулер енгізіп, анықталған қателер төленген Төлемақының мөлшері төленуі тиіс сомадан кем болған жағдайда, Қызметті берушіге қосымша Төлемақы аударуға міндетенеді. Артық төлем келесі кезеңдер үшін Әуежайдың төлем міндеттемелерін өтеу есебіне есептеледі.

      Қызметті беруші Әуежай ұсынған Статистикалық деректермен келіспесе, тараптардың әрқайсысы оның есептерін растаушы құжаттарды соңғысына ұсынады. Егер бір ай ішінде Қызметті беруші және Әуежай статистикалық деректерді келіспесе, келіспеуші тарап талап-арыз беруге құқылы.

      2.4. Әуежай:

      1) осы Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Қызметті беруші осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда өзінің міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға құқылы.

3. Шарттың сомасы және төлеу шарттары

      3.1. Қызметті берушімен Қызметтерді осы тарауда көзделген тарифтер бойынша ақылы негізде жүзеге асырады.

      Әуежайдың жинауға және Қызметті берушіге төлеуге жататын Төлемақының мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      Төлемақы = (658,14 теңге x N) x R,

      мұндағы:

      Төлемақы – ҚҚС-ты қоспағанда, есептік кезең үшін Төлемақы мөлшері;

      теңге – қазақстандық теңге, Қазақстан Республикасының заңды төлем құралы;

      N – есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасына келетін немесе халықаралық рейстермен Қазақстан Республикасынан кететін авиажолаушылардың саны. Жолаушылар санынан халықаралық транзиттік рейстердің жолаушылары (Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпейтін (кірмейтін)) алып тасталады;

      R = X/Y;

      X – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің айырбастау бағамы бойынша Қызметті берушіге әуе компаниясы төлемақы төлеу күніндегі 1 АҚШ долларына тең теңгедегі сома;

      Y – 368,56 теңге.

      Бір (1) күнтізбелік ай есепті кезең болып саналады. Есепті кезеңдегі жолаушылар санын Қызмет көрсетушіге Әуежай береді. Жолаушылардың саны авиакомпаниялар Әуежайға ұсынатын ұшу парақтары мен транзиттік жолаушылар туралы мәліметтердің негізінде анықталады.

      3.2. Төлемақы мөлшерін есептеу үшін Әуежай ай сайын Қызметті берушіге есептік айда әрбір авиакомпаниясы тасымалдаған жолаушылар санын көрсететін Статистикалық деректері бар есепті ұсынады. Есеп есептік ай аяқталғаннан кейін он бес (15) күн ішінде ұсынылады.

      Әуежайдан есеп алғаннан кейін бес (5) күн ішінде Қызметті беруші оған тиісті әуе компанияларына қатысты есептік кезеңге шот ұсынады.

      Қызметті беруші шотының негізінде Әуежай шотты алған күннен кейін жеті (7) күн ішінде Әуежай авиакомпанияларынан алған Төлемақыны Қызметті берушіге аударады.

      Әуе компаниялары тарапынан Төлемақы болмаған жағдайда Әуежай жауапты болмайды.

      3.3. Егер Әуежай осы Шартта көрсетілген мерзімде авиакомпаниясынан алынған төлемді Жеткізушіге аудармаған жағдайда, төленбеген сомаға күн сайын төлем мерзімі аяқталған сәттен бастап Қызметті беруші Төлемді алған күнге дейін төленбеген соманың 0,1% мөлшерінде өсімақы есептеледі.

      3.4. Халықаралық жолаушылар ағыны 300 000 (үш жүз мың) адамды құрайтын әуежайлар Төлемақы мөлшерінен 4%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

      Халықаралық жолаушылар ағыны 300 000-нан (үш жүз мың) 1 миллион адамға дейін әуежайлар Төлемақы мөлшерінен 3%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

      Халықаралық жолаушылар ағыны 1 миллион адамнан жоғары әуежайлар Төлемақы мөлшерінен 2%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

4. Шарттың қолданылу мерзімі және күшін бұзу талаптары

      4.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және _______ жылғы "___"______________ дейін қолданыста болады.

      4.2. Шарттың күші тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

5. Хабарлама

      5.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хат арқылы жіберіледі.

      5.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы күндердің қайсысының кейін келуіне қарай күшіне енеді.

6. Еңсерілмейтін күш

      6.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      6.2. Шарт мақсаттары үшін "еңсерілмейтін күш" төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) білдіреді.

7. Даулы мәселелерді шешу және қолданылатын құқық

      7.1. Тараптар Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе дауларды тікелей келіссөздер барысында шешуге барлық күш-жігерлерін жұмсауға тиіс.

      7.2. Осы Шарттан немесе оған байланысты туындаған барлық даулар, келіспеушіліктер, талаптар мен талап-арыздар (шарттық немесе шарттан тыс), оған қоса оның қолданылуы, жарамдылығы, орындалуы, бұзылуы немесе тоқтатылуына қатысты мәселелер ____________ (Тараптардың келісуі бойынша).

      7.3. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және оған сәйкес түсіндіріледі.

8. Өзге талаптар

      8.1. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әр Тарап үшін бір-бірден данадан жасалады.

      8.2. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      8.3. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және кейінгі ___ жылдар ішінде, Шарт бойынша есеп айырысуларға қатысты олар толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.

      8.4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жазбаша келісімі болған жағдайда Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары

Әуежай:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Қызметті беруші:
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________