Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы "____"__________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 157 қаулысына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 болып тіркелген, 2015 жылы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне:
1-қосымшаның 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:
мұнда:
ä - ағымдағы құн факторы;
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
ЗЖ - зейнетақы жинақтарының сомасы;
СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;
m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä - ағымдағы құн факторы;
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;
m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä - ағымдағы құн факторы;
c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).".
2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13052 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларында:
1-қосымша Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарда:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Актуарий есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне актуарийдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда (Mіcrosoft Word форматы) сақтандыру резервтерін есептеу негіздемесін ұсынады.
Сақтандыру резервтерін есептеу негіздемесі еркін түрде жасалады және онда:
әр өлшемшарт бойынша негіздемелер қоса берілген резервтік базистің өлшемшарттары;
есептеуде басталған кезеңдерде ескерілетін шығындар саны, шығын мерзімділігі, шығынды дамыту коэффициентін таңдау, ірі шығынды деңгейлестіру, қосымша міндеттемелері мен Талаптардың 16-тармағына сәйкес түзету коэффициентінің есебі бойынша ақпарат баяндалған, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві мен орын алған, бірақ әлі мәлімделмеген шығындар резервін есептеу әдісін таңдау бойынша негіздеме;
мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарауға және реттеуге байланысты болжаулы шығын сомалары бойынша негіздеме;
Талаптардың 22-тармағына сәйкес төленген талаптардың орташа (орташа нарықтық) құнын есептеу кезінде есепке алынатын залалды түзету негіздеме (есепті кезеңде болған жағдайда);
сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде көзделмеген жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша тәуекелдерді есептеу күніне туындаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттеме сомаларын есептеу және негіздеме;
шығын резервтерінің барабарлығына, соның ішінде әр сақтандыру сыныбы бойынша бөлек және жалпы сақтандыру портфелі бойынша соңғы 12 (он екі) айдағы деректер негізіндегі ретроспективті талдауға жүргізілген тест нәтижесі;
сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі) туралы қорытынды және сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі орын алған жағдайда жеткіліксіздік себептерін талдау;
сақтандыру сыйлықақыларының 80 (сексен) пайызынан астамын беруді көздейтін қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін қалыптастыру кезінде - өкілеттігіне қайта сақтандыру бөлімшесінің мәселелеріне жетекшілік ету жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері қолы қойған Талаптардың 53-тармағында көзделген қайта сақтандырушыны (қайта сақтандырушыларды) растауының болуы туралы қорытындысы;
сақтандыру резервтерін және сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін есептеу кезінде актуарий қолданған өзге болжамдар мен жорамалдар, сондай-ақ актуарийдің көзқарасы бойынша негіздемеде көрсету үшін қажет мәлімет болады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Пропорция әдісі бойынша ЕСР әрбір шарт бойынша есептелген еңбек сіңірілмеген сыйлықақыларды қосу арқылы анықталады.
Пропорция әдісімен еңбек сіңірілмеген сыйлықақы әрбір шарт бойынша есепті күні сақтандыру қорғаудың аяқталмаған қолданылу мерзімінің (күнмен) сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте сақтандыру қорғаудың қолданылуы соңына дейін кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғаудың қолданылу мерзімі (күнмен) қатынасына шарт бойынша сақтандыру сыйлықақының көбейтіндісі ретінде анықталады:
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
Т1 - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте сақтандыру қорғаудың қолданылуы соңына дейін кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғау қолданылатын күндер саны;
Т2 - сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте есептеу күнге дейін (қоса алғанда) кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғаудың қолданылуы аяқталған күндер саны.
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 304 қаулы) сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша ЕСР есептеу Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңының 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының көлеміне қарай жүзеге асырылады.";
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Борнхьюттера-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісі Талаптарға 11-қосымшасы бойынша Борнхьюттера-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуіне сәйкес.
Борнхьюттера-Фергюсон әдісі төлемдермен (төленген шығындармен) немесе келтірілген шығындармен және келешектегі шығындардың күтілетін шамасын анықтау арқылы есептелетін тізбекті баспалдақ әдісімен негізделеді.
Келешектегі шығындардың күтілетін шамасы еңбек сіңірілген сыйлықақының және Талаптарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелерді бөлу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ескерілетін шығындар басталу кезеңінің алдындағы аяқталған қаржы жылдары бойынша есептелген полистер бойынша шығындылық коэффициентінің орташа мәнінен кем емес мөлшерін құрайтын шығындылық коэффициентінің көбейтіндісіне тең.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына келтірілген шығын шамасының, оның ішінде шығынды реттеу бойынша, тиісті қаржы жылында күшіне енген аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығыстың қатынасы ретінде есептеледі.
Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептегенде келтірілген шығындар, оның ішінде шығынды реттеу бойынша шығысы және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті күнге дейін аяқталған қаржы жылдары бойынша ескеріледі.
Актуарий полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде, қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығындарды түзетуді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі әзірлеген және Талаптардың 15-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын ірі болып табылатын шығындарды айқындау жөніндегі әдістемеге сәйкес жүргізеді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. МРШР есептеу шамасы қажет болғанда сақтанушының (қайта сақтанушының) есептеу күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі сомасына (оның ішінде аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша берешек сомасына) кемітіледі.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Пропорционалды қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша коэффициентінің және ЕСР-дің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі = bRE ЕСР, мұнда:
bRE коэффициенті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысына қатысына тең.
№ 304 қаулыға сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде bRE коэффициентінде қайта сақтандыру (сақтандыру) шарты бойынша цедентке, сақтандыру брокеріне комиссиялық сыйақыны және қайта сақтандыруға берілетін тәуекелдер бойынша сақтандыруды қорғауға жатпайтын қайта сақтандырушыдан, сақтандыру делдалдарға және өзге де тұлғаларға өзге де өтеулерді, төлемдерді қоспағанда, қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есепке алынады.
Сақтандыру брокерінің комиссиялық сыйақы сомасына сондай-ақ сақтандыру шарты бойынша қайта сақтанушыдан сақтандыру брокері қабылдаған сақтандыру сыйлықақысы және қайта сақтандыру шарты шеңберінде қайта сақтандырушыға берілген сақтандыру сыйлықақысы арасындағы айырмасы кіреді.
Пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес есептеледі.
№ 304 қаулыға сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес есептеледі немесе 0 (нөлге) тең.";
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
"49-1. № 304 қаулыға сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде талаптарында қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен соң тиісті қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта есептелуге (түзетілуге) тиіс ең төмен депозит сыйлықақысы (немесе депозит сыйлықақысы) (бұдан әрі - ЕДС) көзделген қайта сақтандыру шарты бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі көрсетілген қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта сақтандырушыға есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасын (ЕДС болып табылмайтын) негізге ала отырып айқындалады, немесе 0 (нөлге) тең.
№ 304 қаулысына сәйкес пруденциалдық нормативтерді есептеу кезінде талаптарында қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен соң тиісті қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта есептелуге (түзетілуге) тиіс ЕДС және (немесе) қайта сақтандыру шарты (ковернотасы) мерзімінен бұрын бұзылған кезде сыйлықақы бөлігі қайтарылмауға тиіс талабы көзделген қайта сақтандыру шарты бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі есепті күнге қайтарылмайтын сомасына 0 (нөлге) тең.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. № 304 қаулыға пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе бір бөлігін беруді көздейтін қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі 0 (нөлге) тең.
Талаптардың 53-тармағының талаптары апаттық тәуекелдерді беруді көздейтін қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.";
3-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп Есепті кезең: на 20 ____жылғы "_____" ___________
Нысан индексі: 1-LR_M
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Нысан |
_____________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
(мың теңгемен) |
№ | Сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) атауы | Еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары | Сақтандыру төлемдері | Шығындар резервтеріндегі өзгерістер | Реттеу шығындары | Шығындар | Таза шығындар | |||
Барлығы | Еңбекпен табылған сыйлықақылардың таза сомасы | Барлығы | Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы | Барлығы | Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | Міндетті сақтандыру | х | х | |||||||
1.1 | көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі | х | х | |||||||
1.2 | тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі | х | х | |||||||
1.3 | өсімдік шаруашылығын сақтандыру | х | х | |||||||
1.4 | жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
1.5 | экологиялық сақтандыру | х | х | |||||||
1.6 | аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
1.7 | туристі сақтандыру | х | х | |||||||
1.8 | қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
1.9 | Қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру | х | х | |||||||
1.10 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | х | х | |||||||
2. | Ерікті жеке сақтандыру | х | х | |||||||
2.1 | өмірді сақтандыру | х | х | |||||||
2.2 | аннуитеттік сақтандыру, оның ішінде: | х | х | х | х | х х | х | х | х | х |
2.2.1 | "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитет шарттары | х | х | х | х | х х | х | х | х | х |
2.2.2 | "Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары | х | х | х | х | х х | х | х | х | х |
2.2.3 | аннуитеттік сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | х | х | х | х | х х | х | х | х | х |
2.3 | жазатайым жағдайлардан сақтандыру | х | х | |||||||
2.4 | аурудан сақтандыру | х | х | |||||||
2.5 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | х | х | |||||||
3. | Ерікті мүліктік сақтандыру | х | х | |||||||
3.1 | автомобиль көлігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.2 | теміржол көлігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.3 | әуе көлігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.4 | су көлігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.5 | ғарыш объектілерін сақтандыру | |||||||||
3.6 | жүктерді сақтандыру | х | х | |||||||
3.7 | 3.1-3.6-тармақтарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру | х | х | |||||||
3.8 | автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.9 | әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.10 | су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | х | х | |||||||
3.11 | ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
3.12 | кәсіби жауапкершілікті сақтандыру | |||||||||
3.13 | 3.8-3.12-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру | х | х | |||||||
3.14 | қарыздарды сақтандыру | х | х | |||||||
3.15 | ипотекалық сақтандыру | х | х | |||||||
3.16 | кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру | х | х | |||||||
3.17 | басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру | х | х | |||||||
3.18 | 3.14-3.17-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда қаржылық ұйымдардың шығындарын сақтандыру | х | х | |||||||
3.19 | титулдық сақтандыру | х | х | |||||||
3.20 | сот шығыстарын сақтандыру | х | х | |||||||
3.21 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | х | х | |||||||
4. | Барлық сақтандыру портфелі бойынша |
кестенің жалғасы:
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті, % ((5)+(7)+(9))/(3) | Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті, % ((6)+(8)+(9))/(4) | Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициенті, % (10)/(3) | Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициенті, % (11)/(4) | Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде аралас коэффициенті, % (12)+(14) | Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде аралас коэффициенті, % (13)+(15) |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | х | |
х | х | х | х | х | |
х | х | х | х | х | |
х | х | х | х | х | |
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
х | х | х | х | ||
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Актуарий
_______________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Телефоны: _________________
Есепке қол қойылған күн 20 ____ жылғы "______" _______________
Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп"
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 19) тармақшасына және 75-1-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома мың 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және актуарий қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
6. Нысан жинақтаушы сақтандырудың сынаптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сынаптары (түрлері) бойынша толтырылады.
7. Есепті күннің алдындағы он екі айдағы барлық параметрлер пайдаланылады.
8. 3-бағанда Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
9. 4-бағанда Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
10. 5-бағанда есепті күннің алдындағы он екі айдағы сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
11. 6-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
12. 7-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін шығындар резервтеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
13. 8-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар резервтеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
14. 9-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін реттеу шығыстары көрсетіледі.
15. 10, 11, 14, 15, 16, 17-бағандар барлық сақтандыру портфелі бойынша толтырылады.
16. 12-бағанда 5, 7 және 9-бағандар сомасының 3-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
17. 13-бағанда 6, 8 және 9-бағандар сомасының 4-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
18. 14-бағанда 10-баған мәнінің 3-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
19. 15-бағанда 11-баған мәнінің 4-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
20. 16-бағанда 12 және 14-бағандардың тиісті мәндерінің сомасы көрсетіледі.
21. 17-бағанда 13 және 15-бағандардың тиісті мәндерінің сомасы көрсетіледі.
22. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп Есепті кезең: 20 ____жылғы "_____" ___________
Нысан индексі: 2-LR_M
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей.
Нысан |
_____________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
(мың теңгемен) |
Сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) атауы | Еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары | Сақтандыру төлемдері | Шығындар резервтеріндегі өзгерістер | Реттеу шығындары | Полистер бойынша қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындылық коэффициенті, % ((5)+(7)+(9))/(3) | Полистер бойынша қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындылық коэффициенті, % ((6)+(8)+(9))/(4) | ||||
Барлығы | Еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылардың таза сомасы | Барлығы | Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы | Барлығы | Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | Міндетті сақтандыру | |||||||||
1.1 | көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
1.2 | тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
1.3 | өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру | |||||||||
1.4 | жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
1.5 | экологиялық сақтандыру | |||||||||
1.6 | Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
1.7 | туристі сақтандыру | |||||||||
1.8 | қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
1.9 | қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру | |||||||||
1.10 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | |||||||||
2. | Ерікті жеке сақтандыру | |||||||||
2.1 | өмірді сақтандыру | |||||||||
2.2 | аннуитеттік сақтандыру, оның ішінде | х | х | х | х | х | х | х | х | х |
2.2.1 | "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитет шарттары | х | х | х | х | х | х | х | х | х |
2.2.2 | "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары | х | х | х | х | х | х | х | х | х |
2.2.3 | аннуитетті сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | х | х | х | х | х | х | х | х | х |
2.3 | жазатайым жағдайлардан сақтандыру | |||||||||
2.4 | аурудан сақтандыру | |||||||||
2.5 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | |||||||||
3. | Ерікті мүліктік сақтандыру | |||||||||
3.1 | автомобиль көлігін сақтандыру | |||||||||
3.2 | теміржол көлігін сақтандыру | |||||||||
3.3 | әуе көлігін сақтандыру | |||||||||
3.4 | су көлігін сақтандыру | |||||||||
3.5 | ғарыш объектілерін сақтандыру | |||||||||
3.6 | жүктерді сақтандыру | |||||||||
3.7 | 3.1-3.6-тармақтарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру | |||||||||
3.8 | автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
3.9 | әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
3.10 | су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
3.11 | ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру | |||||||||
3.12 | кәсіби жауапкершілікті сақтандыру | |||||||||
3.13 | 3.8-3.12-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру | |||||||||
3.14 | қарыздарды сақтандыру | |||||||||
3.15 | ипотекалық сақтандыру | |||||||||
3.16 | кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру | |||||||||
3.17 | өзге қаржылық шығындардан сақтандыру | |||||||||
3.18 | 3.14-3.17-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда қаржылық ұйымдардың шығыстарын сақтандыру | |||||||||
3.19 | титулдық сақтандыру | |||||||||
3.20 | сот шығыстарын сақтандыру | |||||||||
3.21 | сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері) | |||||||||
4. | Барлық сақтандыру портфелі бойынша |
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Актуарий
_______________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Телефоны: _________________
Есепке қол қойылған күн 20 ____ жылғы "______" _______________
Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 19) тармақшасына және 75-1-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары жыл сайын есепті кезең соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 100 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және актуарий қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.
6. Нысан жинақтаушы сақтандырудың сынаптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сынаптары (түрлері) бойынша толтырылады.
7. 3-бағанда Қағидалардың 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
8. 4-бағанда Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
9. 5-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы жиырма төрт айға сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
10. 6-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
11. 7-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға шығындар резервтеріндегі өзгерістері көрсетіледі.
12. 8-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар резервтеріндегі өзгерістері көрсетіледі.
13. 9-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға реттеуге арналған шығындар көрсетіледі.
14. 10-бағанда 5, 7 және 9-бағандар сомасының 3-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
15. 11-бағанда 6, 8 және 9-бағандар сомасының 4-бағанның тиісті мәніне арақатынасы көрсетіледі.
16. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Сақтандыру төлемдерін есепке алу журналы Есепті кезең: 20__жылғы "___" __________ жағдай бойынша
Индекс: FORMA-3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынады: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей.
Нысан |
№ | Сақтандыру сыныбы | Сақтандыру түрі | Сақтанушы | Сақтанушының Бизнес-бірегейлендіру нөмірі және (немесе) Жеке бірегейлендіру нөмірі | Қайтасақтанушы | Пайда алушы | Пайда алушының Бизнес-бірегейлендіру нөмірі және (немесе) Жеке бірегейлендіру нөмірі | Пайда алушының кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі | Шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы:
Сақтандыру шартының жасалған күні | Сақтандыру шартының қолданылуы басталған күн | Сақтандыру шартының қолданылуы аяқталған күн | Сақтандыру қорғауының басталған күні | Сақтандыру қорғауының аяқталған күні | Сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталған күні | Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау күні | Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау күні (бастапқы және (немесе) қайталама) | Сақтандырушының шығындарды реттеуге жұмсалатын шығыстарының сомасы (теңгемен) | Төлем сомасы (теңгемен) |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы:
Сақтандыру төлемінің сомасын есептеу күні | Кері талап ету бойынша өтеу сомасы (теңгемен) | Кері талап ету бойынша өтеу сомасын есептеу күні | Қайта сақтандырушыға кері талап бойынша берілген өтеу сомасы (теңгемен) | Қайта сақтандырушыға кері талап бойынша өтеудің есептелген күні |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
кестенің жалғасы:
Қайта сақтандырушының атауы | Қайта сақтандыру шартының нөмірі | Қайта сақтандыру түрі (факультативті және (немесе) облигаторлы), Қайта сақтандыру нысаны (үйлесімді және (немесе) үйлесімсіздік) | Қайта сақтандырушының төлеммен үлесі (теңгемен) | Қайта сақтандырушының төлеммен үлесін есептеу күні |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________________ ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (электрондық цифрлық қолтаңба)
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қойылған күні 20__жылғы "_____" ___________
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Сақтандыру төлемдерін есепке алу журналының нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Сақтандыру төлемдерін есепке алу журналы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды, "Сақтандыру төлемдерін есепке алу журналын" айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер теңгемен көрсетіледі.
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысандағы ақпарат "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - ЖОМС Заңы) 23-бабына сәйкес жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап есепті күннің алдындағы кемінде 3 (үш) жыл ішінде өзге де сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері бойынша көрсетіледі.
6. Әрбір сақтандыру төлемі бойынша ақпарат жеке жолда көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанындағы сақтандыру сыныбының атауы Заңның 6-бабында көзделген атауға және Қазақстан Республикасының сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес толық көрсетілді.
8. Егер сақтандыру шарты бірнеше қайта сақтандыру ұйымдарында қайта сақтандырылатын болса, әрбір қайта сақтандыру шарты бойынша ақпарат жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте Нысанның 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында көрсетілген сақтандыру шарты бойынша ақпарат әрбір жолда көрінуі тиіс.
9. ЖОМС Заңының 19 және 23-баптарына сәйкес жасалған аннуитет шарттары бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға), пайда алушының денсаулығының нашарлауына байланысты жүзеге асырылған төлемдер бойынша Нысанның 16-бағанындағы ақпарат қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде жазатайым жағдай туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күніне сәйкес немесе кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде, кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күніне сәйкес көрсетіледі.
10. Нысанның 9 және 18-бағандарындағы ақпарат еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша толтырылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Болжамды төлемдер құнын есепке алу журналы Есепті кезең: 20__жылғы "___" __________ жағдай бойынша
Индекс: FORMA-8
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынады: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей.
Нысан |
№ | Сақтандыру сыныбы | Сақтанушы | Сақтанушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Қайта сақтанушы | Пайда алушы | Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі | Сақтандырылған адамның туған күні | Сақтандырылған адамның жынысы | Сақтандыру шартының нөмірі | Сақтандыру шартын жасау күні | Сақтандыру шартының қолданылуы басталған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы:
Сақтандыру шартының қолданылуы аяқталған күні | Сақтандыру жағдайының күні | Сақтандыру жағдайы (еңбек жарақаты және (немесе) кәсіптік сырқат) | Бастапқы белгіленген кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі (пайызбен) | Есеп айырысу күніне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі (пайызбен) | Есеп беру күніне ұзартулар саны | Аннуитеттік төлемдердің басталуы болжанған күні | Аннуитеттік төлемдердің аяқталуы болжанған күні | Аннуитеттік төлемдердің кезеңділігі | Жазатайым оқиға күнгі орташа айлық жалақы (кіріс) мөлшері (теңгемен) | Тиімді жылдық мөлшерлеме (пайызбен) |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
кестенің жалғасы:
Индекстеу мөлшерлемесі (пайызбен) | Сақтандыру сыйлықақысы шығыстарының мөлшері (пайызбен) | Сақтандыру төлемдері шығыстарының мөлшері (пайызбен) | Аннуитеттік төлемнің есепті күнгі күтілетін мөлшері (теңгемен) | Аннуитет шартының соңғы мерзімін ұзарту күнгі әлеуметтік төлемінің мөлшері (теңгемен) | Өрескел абайсыздық кезіндегі жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі | РПНЗУ, (теңгемен) | Қайта сақтандырушының атауы | Қайта сақтандыру шартының нөмірі | Қайта сақтандырушының РПНЗУ-дағы үлесі, (теңгемен) |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
____________________________________________ ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (электрондық цифрлық қолтаңба)
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қойылған күн 20___жылғы "___" __________
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Болжамды төлемдер құнын есепке алу журналы нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Болжамды төлемдер құнын есепке алу журналы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Болжамды төлемдер құнын есепке алу журналы" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер теңгемен көрсетіледі.
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда Талаптардың 14-тармағына сәйкес актуарий есептеген қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша және Талаптардың 16-тармағына сәйкес актуарий есептеген сақтандыру объектісі жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүддесі болып табылатын ерікті сақтандыру шарттары бойынша пайда алушының кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің қайта ұзартылуына (куәландырылуына) байланысты болжамды төлемдердің құнының сомалары бойынша ақпарат көрсетіледі.
6. Нысанның 5-бағанасы егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушы болған кезде ғана толтырылады.
7. Нысанның 21-бағанасын "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары толтыруы тиіс.
8. Нысанның 29-бағанасында, егер зардап шегушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның басталуына немесе ұлғаюына себеп болған болса, жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі көрсетіледі.
9. Егер сақтандыру шарты бірнеше қайта сақтандыру ұйымдарында қайта сақтандырылатын болса, әрбір қайта сақтандырушы бойынша ақпарат Нысанның 31, 32 және 33-бағаналарында жеке жолда көрсетіледі, бұл ретте Нысанның 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-бағаналарында көрсетілген ақпарат әрбір жолда көрсетілуі тиіс.
10. Нысанның 14-бағанасында ақпарат жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиғаның күніне, жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күніне, кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күніне сәйкес көрсетіледі.
11. Нысанның 18-бағанасында есепті күнгі кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың мерзімі ұзартылғандар саны көрсетіледі (ондай ақпарат бар болса).
Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеу Есепті кезең: 20__жылғы "___" ________ жағдай бойынша
Нысан |
_______________________ бойынша есепті күнге шығындар кестесі
сақтандыру сыныбы
Шығындар кестесі ________________________ шығындар негізінде қалыптастырылған
(төленген, келтірілген)
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) | Кезеңдер бойынша шығындар (j) | |||||
Мерзімділік | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Х (1,1) | Х (1,2) | Х (1, n-2) | Х (1, n-1) | Х (1, n) | |
2 | Х (2,1) | Х (2,2) | Х (2, n-2) | Х (2, n-1) | х | |
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | Х (n-1,1) | Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | Х (n,1) | х | х | х | х | х |
Ескерту:
Х (і,j) - і-кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша j-кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар;
n - шығындар туралы деректер қаралатын кезеңдердің саны;
есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
_______________________ бойынша жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру сыныбы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) | Жинақталған шығындар (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | S(1,1)=Х (1,1) | S(1,2) =(Х (1,1) + Х (1,2) | … | S(1,n-2) =(Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) | S(1,n-1) =( Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) + Х (1,n-1) | S(1,n) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n) |
2 | S(2,1)=Х (2,1) | S(2,2) =Х (2,1) + Х (2,2) | … |
S(2,n-2) =(Х (2,1) + Х | S(2,n-1) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) + Х (2,n-1) | х |
3 | S(3,1)=Х (3,1) | S(3,2)= Х (3,1) + Х (3,2) | … | S(3,n-2) =(Х (3,1) + Х(3,2)+… + Х (3,n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | S(n-1,1)=Х (n-1,1) | S(n-1,2)= Х (n-1,1) + Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | S(n,1)= Х (n,1) | х | х | х | х | х |
Ескерту: Жинақталған шығындар кестесінде жиынтықты төлемдер (төленген шығындар) немесе сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған келтірілген шығындар көрсетіледі.
Шығындардың даму коэффициенттері кестесі g(j) _______________________________
шығындарды дамыту әдісі (орташа арифметикалық,
орташа n-кезеңдер, орташа шама)
Шығындардың басталу кезеңі (і) | Факторы развития убытков (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | … | х | ||||
2 | … | х | х | |||
3 | … | х | х | х | ||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | x | х | х | х | х | х |
Шығындардың даму коэффициенті g(j) | ||||||
g(j) | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
орташа арифметикалық | х | |||||
орташа | х | |||||
орташа шама | х |
Ескерту: Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде бір ақы төлеу кезеңінен кейінгіге қарай мәлімденген шығындардың бірлескен шамасына сәйкес келетін шығындардың даму факторлары F(і,j) мына формула бойынша анықталады:
Шығындардың даму факторлары F(і,j)= S (і,j+1)/S (і,j).
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) шығындардың басталу кезеңдері бойынша шығындардың даму факторларының орташа мәні ретінде есептеледі.
Коэффициенттер кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) | Шығындардың даму коэффициенті g(j) | Шығындардың даму факторлары f (j) | Кешігу факторлары h(j)= 1 - 1/f (j) |
1 | 1 | 1 | 1-1/ 1 |
2 | g(n-1) | 1*g(n-1) | 1-1/( g(n-1)) |
3 | g(n-2) | 1*g(n-1) *g(n-2) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)) |
… | … | … | … |
n-1 | g(2) | 1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)) |
n | g(1) | 1*g(n-1)*g(n-2)*…* g(2)*g(1) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)*g(1)) |
Ескерту: Коэффициенттер кестесінде:
"Шығындардың даму коэффициенттері g(j)" бағанында - Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде g(j) көрсетілген шығындардың даму коэффициенттерінің мәні;
"Шығындардың даму факторлары f (j)" бағанында - шығындардың даму коэффициенттерінің жинақталған мәні;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында -1 - 1/f (j) тең мәндер көрсетіледі, мұнда f (j) даму факторы болып табылады.
Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кестесі
Қаржы жылы (y) | Келтірілген шығындар | Еңбек сіңірілген сыйлықақылар | Полистер бойынша шығындылық коэффициенті |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | UL(1) | UP(1) | U(1)=UL(1)/UP(1) |
2 | UL(2) | UP(2) | U(2)=UL(2)/UP(2) |
… | … | … | … |
m-1 | UL(m-1) | UP(m-1) | U(m-1)=UL(m-1)/UP(m-1) |
m | UL(m) | UP(m) | U(m)=UL(m)/UP(m) |
Ескерту:
Шығындылық коэффициентін есептеу кестесінде:
"Келтірілген шығындар" бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындарды реттеу шығыстарын қоса алғанда, есепті күнгі жағдай бойынша келтірілген шығындардың мәндері көрсетіледі;
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сыйлықақы көрсетіледі;
U шығындылық коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
U = [U (1) + U (2) + … + U(m)]/m, мұнда:
U(m) - сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы m-шы қаржы жылы үшін полистер бойынша тиісті қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындарды реттеу шығыстарын қоса алғанда, келтірілген шығындар шамасының көрсетілген шарттар бойынша есепті күнгі еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы ретінде есептелетін шығындылық коэффициенттері;
m - қаржы жылының саны.
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) | Еңбек сіңірілген сыйлықақылар | U шығындылық коэффициенті | Күтілетін түпкілікті шығындар z(і) | Кешігу факторлары h(j) | Орын алған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар R(і) | Мәлімделген, бірақ есепті күнге реттелмеген шығындар | Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар |
1 | 2 | 3=1*2 | 4 | 5=3*4 | 6 | 7=5-6 | |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
… | |||||||
n-1 | |||||||
n | |||||||
Жиынтығы |
Ескерту: осы Нысанның орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінде:
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында - сақтандыру ұйымының тиісті кезеңіндегі еңбек сіңірілген сыйлықақысы;
"U шығындылық коэффициенті" бағанында - осы Нысанның Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кестесіне сәйкес полистер бойынша шығындылық коэффициенттерінің орташа мәнінен кем емес мөлшерін құрайтын шығындылық коэффициентінің мәні;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында - осы Нысанның Коэффициенттер кестесінде есептелген h(j) кешігу факторларының мәні;
егер Борнхьютер-Фергюсон әдісінің есептеуі төлемдерге негізделген болса, онда ОМШР - бұл орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы (осы Нысанның Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 7-бағаны), егер есептеу келтірілген шығындарға негізделген болса, онда ОМШР - бұл орын алған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар (осы Нысанның Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 5-бағаны);
"Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында - тиісті кезеңдегі "R(і) орын алған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар" және "Мәлімделген, бірақ есепті күнге реттелмеген шығындар" бағандары арасындағы айырма көрсетіледі. "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында теріс айырма болған жағдайда, 0 (нөл) мәні қабылданады.
Қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, ОМШР есептегенде:
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында тиісті кезеңіндегі қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, еңбек сіңірілген сыйлықақының мәні көрсетіледі;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, осы Нысанның Коэффициенттер кестесінде есептелген h(j) кешігу факторларының мәні көрсетіледі.