Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 963 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 19359 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, 2015 жылы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      көрсетілген стандартқа 3-қосымшасында:

      "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған нысан" 1-нысанында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Аумақ" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Қазақстан:

      Ақмола облысы;

      Ақтөбе облысы;

      Алматы облысы;

      Алматы қаласы;

      Нұр-Сұлтан қаласы;

      Шымкент қаласы;

      Атырау облысы;

      Шығыс Қазақстан облысы;

      Жамбыл облысы;

      Батыс Қазақстан облысы;

      Қарағанды облысы;

      Қостанай облысы;

      Қызылорда облысы;

      Маңғыстау облысы;

      Павлодар облысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы;

      Түркістан облысы.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің
Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі