ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2020 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына 1-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Талаптарда қолданылатын ұғымдар:
1) үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) меншік иесі - ҮИЖ өндірушілері болып табылатын немесе ол ҮИЖ меншік құқығына, жалға алуға немесе сату үшін тиесілі немесе ҮИЖ пайдаланатын немесе жалға беруге арналған өзге де заңды негізге ие жеке немесе заңды тұлғалар;
2) ҮИЖ бірыңғай тізілімі – салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ҮИЖ моделдерінің тізбесі;
3) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) - төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары.
3. ҮИЖ бірыңғай тізілімін жүргізуді және сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
4. Ақпараттық серверлік бөлім (серверлік жабдық) және (немесе) ҮИЖ-дің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыс станциялары Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылады.
2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар
5. Техникалық талаптар:
1) жүйені техникалық қамтамасыз ету ҮИЖ жұмыс істеуі үшін жеткілікті техникалық құралдардан тұрады. Техникалық қамтамасыз етудің құрамына ақпараттарды жинау және дайындау құралдары, деректерді беру құралы, ақпараттарды өңдеу және шығару құралы енеді;
2) жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету техникалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі және жүйенің болжамды дамуы режимінде берілген, ҮИЖ функцияларын іске асыру үшін қажетті бағдарлама немесе бағдарламалар жиынтығы. Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламалық жүйелерді, операциялық жүйелерді, тілдер трансляторларын, қызметтік және стандарттық бағдарламаларды қамтиды;
3) Салық кодексінің 19 – тарауының талаптарына сәйкес бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені (құрылғы) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешенді пайдалану арқылы фискалдық режимде ҮИЖ жұмысын қамтамасыз ету;
4) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) арқылы қабылдауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына деректерді берудің бірыңғай хаттамасы бойынша қосуды қамтамасыз ету және Салық кодексінің 171-бабының талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беру;
6) тауарлар және (немесе) қызметті таңбалауды автоматты түрде оқу мүмкіндігін, мемлекеттік кірістер органының "Электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесіне қосу арқылы электронды шот-фактураны қалыптастыруды, қабылдауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
7) кәсіпкерлік қызметтің барлық объектілері бойынша бірыңғай есепке алуды жүргізу мақсатында сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару мен тауарларды есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйесінің (бұдан әрі – есеп жүйесі) ҮИЖ басқа құрамдастарының кез келген санымен (бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелердің (құрылғылардың)) интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) жүйелік талаптарға сәйкестігі:
функционалдық үйлесімділік – ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
масштабтау - өңделетін ақпарат көлемінің және бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай жүйенің өнімділігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
кеңею - пайдаланушылардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бастапқыда қабылданған даму тұжырымдамасы мен технологиялық базаның шеңберінен шықпастан, жүйенің функциясын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) ақпаратты сенімді сақтауды, ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, санкцияланбаған қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды және электрондық мұрағаттар мен деректер базаларында ақпараттың толық сақталуын:
кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электр қорек көзін толық немесе ішінара ажыратқанда;
желілер, телекоммуникациялар апатында, деректер алмасу операцияларын орындаудың кез келген кезеңіндегі орнатылған табиғи және виртуалды қосылыстар ажырағанда;
бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуге талаптанғанда қамтамасыз ету;
10) деректер базасының резервтік көшірмесін және транзакциялардың жүйелік журналын күнделікті автоматты түрде сақтауды қамтамасыз ету;
11) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды қамтамасыз ету (функциялар немесе операциялар барлық жолақтарды толық толтырмай орындалған жағдайда бағдарлама тиісті хабарлама беруді қамтамасыз етеді);
12) тауарлар номенклатурасының, валюта, тауарларды жеткізушілер мен сатып алушылардың, қызметшілердің анықтамаларының, салықтық анықтамалардың болуы;
13) қоймалық және сауда жабдығымен интеграцияның болуы және принтерді қолдау;
14) пайдаланушының ҮИЖ жұмысында қолданылатын тілді таңдау функциясының болуы (мемлекеттік немесе орыс тілі);
15) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарға сәйкестігі.
6. Функционалдық талаптар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары) 2-параграфымен белгіленген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10954 болып тіркелген) тәртібіне сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды рәсімдеу үшін қолданылатын бастапқы есептік құжаттарды қалыптастыру және пайдалану;
2) есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпаратты Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 1-параграфымен белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу тіркелімдерінде жинақтауды және жүйелендіруді қамтамасыз ету, кейіннен есепке алу тіркелімдерінің деректерін топтастырылған түрде тиісті есептілікті ауыстыру үшін;
3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Заңымен (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы) және шағын және орта бизнес, есеп кәсіпорындары үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандартымен (IFRS) анықталған тәртіпте:
қалдықтар, резервтер және тауарлар партиялары бойынша бір немесе бірнеше қоймаларда тиісті құжатты қалыптастырумен операциялардың әрқайсысын аяқтау және бір операция (транзакция) шеңберінде өткізуді, фискалдауды (фискальдық чекті беру арқылы) және тауар-материалдық қорлардың шығарылуын жүзеге асыру мақсатында тауар-материалдық қорлардың сандық және құндық мәндегі қозғалысы (кіріске алу, есептен шығару, орнын ауыстыру, сату, сату мен сатып алуды қайтару, түгендеу);
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сандық және құндық мәнде өткізу;
есепті кезеңдегі барлық өзгерістерді көрсете отырып, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен, оның ішінде банктік операцияларды есепке алудан және касса бойынша операциялардан түскен ақшаның қозғалысы;
кірістер;
персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша есеп айырысулар;
салық міндеттемелері және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулар.
Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есеп шоттарын қолданбай жүзеге асырылады.
4) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйелер (құрылғылар) арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде төлем қызметтерін жеткізушімен нақты уақытта өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
5) есеп тіркелімдерінің біріктірілген деректері, сондай-ақ хабарламалар, анықтамалар, жүргізілген операциялар туралы есептер және операцияларды жүзеге асыруды растайтын құжаттар негізінде есептерді қалыптастыруды қамтамасыз ету;
6) жеке сұрау салу бойынша және кез келген өлшемшарттар бойынша ақпаратты іздеу, алдыңғы күндердегі ақпаратты қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
7) салық есептілігін электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште қалыптастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
8) шығыс құжаттарын экранға, принтерге немесе файлға шығаруды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес салықтық есептің болуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 16388 болып тіркелген).
3-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені есепке алуға қойылатын талаптар
7. ҮИЖ есебін Комитет олардың модельдерін бірыңғай тізілімге (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:
1)салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ меншік иесі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасығышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Талаптарға қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша Бірыңғай тізілімге ҮИЖ модельдерін енгізу туралы өтініш;
өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі Нұсқаулық: деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинадан, қолма – қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ есеп жүйесімен жарақталған жабдықтан (құрылғыдан), немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе;
ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжат;
2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
а) тексереді:
өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігі;
бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның моделінің болуы;
б) Комитеттің сайтында өтінішті тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды;
в) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы Талаптардың 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;
3) Комитет жанындағы Сарапшылық кеңес Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:
а) ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың қойылатын Талаптарға сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді;
б) сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу/бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;
в) Комитеттің сайтында ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу/енгізуден бас тарту туралы хаттамалық шешімді жариялайды;
г) ИЖ бірыңғай тізілімге енгізеді.
8. Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде ҮИЖ моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін Сараптама кеңесі ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық жасаған тұлға өкілдерінің қатысуымен ҮИЖ эталондық үлгісін сынау (тестілеу) арқылы айқындайды. ҮИЖ техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу үшін Сараптама кеңесі басқа тұлғалардың (ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық жасаған адамдарды және олармен байланысты адамдарды қоспағанда) қатарынан өзге мемлекеттік органдардан сарапшыларды (Бірыңғай тізілімге ҮИЖ енгізуге бастамашылық жасаған тұлғалармен байланысты тұлғалардан басқа) тартуға құқылы.
9. Сараптамалық кеңестің ережесін және құрамын Комитет айқындайды.
10. Бірыңғай тізілімнің мәліметтері ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі - ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш
1. ҰИЖ меншік иесінің атауы
__________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру/бизнес сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________
3. ҮИЖ меншік иесінің орналасқан жері
__________________________________
облысы_____________________________ қаласы
_____________________________ ауданы
___________________________көшесі ____ үй
4. ҮИЖ Атауы __________________________________________________________
5. Есепке алу жүйесі моделінің атауы, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасы моделінің, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйелер (құрылғы) моделінің атауы
_________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
6. ҮИЖ құқық иеленуіне рұқсатын растайтын құжаттың нөмірі, бағдарламалық өнімнің сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. _____________________________________________________________ өнім класы
8. ҮИЖ орналасқан жері
__________________________________
облысы_____________________________ қаласы
_____________________________ ауданы
___________________________көшесі ____ үй
9. Әзірлеуші ҮИЖ _________________________________________________________
10. Нұсқасы___________________________ ҮИЖ әзірленген күні _________________
11.ҮИЖ әзірлеушінің орналасқан жері
__________________________________
облысы_____________________________ қаласы
_____________________________ ауданы
___________________________ көшесі ____ үй
12. Мен, ____________________________________ өтініште көрсетілген деректер ресми болып табылатынын және қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды екенін растаймын.
Парақтар __________ тіркеледі.
ҮИЖ меншік иесі______________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Берілген күні мен уақыты: 20__ жылғы "___" ____________, "__" сағат "__" мин.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына 2-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалардың күші патент және оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлерге – үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) пайдаланушыларына қолданылады.
2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану тәртібі
3. ҮИЖ орнату өндірушімен өнімге техникалық құжаттамаларда көрсетілген орнату және жүйені іске қосу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. ҮИЖ сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау процесін есепке алу үшін және тауарларды есепке алу үшін ҮИЖ пайдаланушының барлық кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша салықтық мақсатта қолданылады.
5. ҮИЖ пайдаланушыларға ҮИЖ пайдалануды қамтамасыз ету үшін ҮИЖ техникалық құжаттамасын басшылыққа алу қажет.
6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуге жатады.
7. Пайдаланушы ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу үшін қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады::
осы Қағидаларға 1-інші және 2-қосымшаға (кәсіпкерлік қызмет объектісі біреуден артық болған жағдайда) сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
ҮИЖ техникалық құжаттамасы;
ҮИЖ өндірушінің паспорты және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасы ұсынылады.
ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжат;
Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ моделінің және оның техникалық құжаттамасының пайдаланушының ҮИЖ (есепке қою үшін Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын) сәйкестігін растайтын ҮИЖ меншік иесінің қорытындысы.
8. ҮИЖ тіркеу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы тараудың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады: :
1) өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
2) ҮИЖ-дің ҮИЖ бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ модельдеріне сәйкестігін тексереді;
3) ҮИЖ деректерін тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау – кассалық машиналарен модельдерімен сәйкестігін тексереді;
4) осы Қағидаларға 3-інші және 4-қосымшаға (кәсіпкерлік қызмет объектісі біреуден артық болған жағдайда) сәйкес белгіленген нысан бойынша ҮИЖ пайдаланушының тіркеу карточкасын ресімдейді.
5) ҮИЖ тіркеуден бас тартылған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
9. ҮИЖ пайдаланушылары осы бұйрықпен белгіленген үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге Талаптардың 2-тарауына сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ:
жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бекітуге және барлық операциялар мен оқиғалардың жазбаларында көрсетуге;
операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуге міндетті.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 1-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) тіркеу туралы өтініш
1. ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
3. ҮИЖ пайдаланушының орналасқан жері
___________________________________
облысы_____________________________ қаласы
_____________________________ ауданы
_____________________________көшесі ____ үй
4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта
5. ҮИЖ атауы ______________________________________________________________
6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні
_________________________________
7. ҮИЖ меншік иесі қорытындысының нөмірі және күні
________________________________________
8. ҮИЖ орналасқан жері
облыс_____________________________________ қала
(аудан)__________________________________
кент
(ауыл) ___________________ көшесі ___________________________ үй _____________
8.1 Сауда, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке
алуды автоматтандырылған түрде басқару жүйес (бұдан әрі – есеп жүйесі)
атауы _____________________________________________________________________
Есеп жүйесі сәйкестендіру нөмірі _____________ Есеп жүйесі тіркеу күні ___________
8.2 БКМ атауы/моделі ___________________________________________________
БКМ сәйкестендіру / зауыттық нөмірі_____________БКМ тіркелген күні ________
8.3 қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) атауы/моделі
__________________________________________________________________________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйенің (құрылғының)
сәйкестендіру/зауыттық нөмірі
________________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғыны)
тіркеу күні ________
9. ҮИЖ құрамдастары бойынша деректер ______ парақта қоса беріледі
(кәсіпкерлік объектісі біреуден артық болған жағдайда толтырылады))
10. ҮИЖ әзірлеушісі _______________________________________________________
11. Нұсқасы_________________________ ҮИЖ әзірлеу күні _______________________
12. Мен, __________________________________________________________________
өтініште көрсетілген деректер ресми болып табылатынын және қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды екенін растаймын.
ҮИЖ пайдаланушы ________________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Берілген күні мен уақыты: 20__ жылы "___" ____________ "__" сағат "__" мин
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 2-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі - ҮИЖ) тіркеу туралы өтінішке № _______ қосымша
1. ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
__________________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі
3. ҮИЖ атауы_____________________________________________________________
4. ҮИЖ орналасқан жері
облыс___________________________________ қала (аудан)______________________
кент (ауыл)___________________көшесі_________________________үй____________
4.1 ҮИЖ құрамдастарын орнату орнының мекенжайы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) )
облыс___________________________________ қала (аудан)______________________
кент (ауыл)________________ көшесі _______________________ үй _______________
4.2 БКМ атауы/моделі ___________________________________________________
БКМ сәйкестендіру / зауыттық нөмірі_____________БКМ тіркелген күні ________
4.3 қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының)
атауы/моделі
_________________________________________________________________________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйенің (құрылғының)
сәйкестендіру/зауыттық нөмірі
________________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғыны) тіркеу күні ___
5. Мен,
________________________________________________________________________
өтініште көрсетілген деректер ресми болып табылатынын және қоса берілген
құжаттардың барлығы жарамды екенін растаймын.
ҮИЖ пайдаланушы __________________________________________ _____________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Берілген күні мен уақыты: "___" ____________20__ жылғы "_ _ "сағат" _ _ " мин
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 3-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) № __________ тіркеу карточкасы
ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
ҮИЖ пайдаланушының ЖСН ________________________________________________
_______________________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген
ҮИЖ атауы_____________________________________________________________
ҮИЖ орналасқан жері
облыс ___________________________________ қала (аудан)
_________________________
кент (ауыл) ______________________ көшесі________________________
үй___________
Қосымшалар саны (бар болса))
_____________________________________________
Қосымшаның нөмірі (бар болса))
__________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органында есепке алуға
қойылған күні:
20 ____ жылғы "___" ______________
мөр орны
Лауазымды тұлға
________________________ ___________ ____________________________________
мемлекеттік кірістер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
органының атауы мөр орны
ҮИЖ пайдаланушысын мемлекеттік кірістер органының есебінен шығару күні:
20 ___ жылғы "____" ______________
Лауазымды тұлға
_____________________________ ________ ____________________________________
мемлекеттік кірістер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
органының атауы мөр орны
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 4-қосымша |
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) тіркеу туралы №______________ карточкасына № ______________ қосымша
ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________
ҮИЖ пайдаланушының ЖСН ___________________________________________
мекен-жайы бойынша тіркелген
_________________________________________________________________________
ҮИЖ атауы_____________________________________________________________
ҮИЖ орналасқан жері
облыс _____________________________________
қала________________________________
аудан________________________
көшесі______________________________ үй___________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасының, жүйенің (құрылғының) құрамдастарын орнату орнының мекенжайы)
облыс___________________________________ қала
(аудан)__________________________
кент (ауыл)________________ көшесі _______________________ үй _______________
БКМ атауы/моделі ___________________________________________________
БКМ сәйкестендіру / зауыттық нөмірі_____________БКМ тіркелген күні ________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының)
атауы/моделі
________________________________________________________________________
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйенің (құрылғының)
сәйкестендіру/зауыттық нөмірі
________________
Қойылған күні
Мемлекеттік кірістер органында есепке алу:
"___" ______________ 20 ____ жыл
Мөр орны
Лауазымды тұлға
___________________________ ____________ _________________________________
органның атауы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
мемлекеттік кірістер мөртабанының орны
ҮИЖ пайдаланушысын алып тастау күні
Мемлекеттік кірістер органының есебінен: "____" __________________ 20 ___ жыл
Лауазымды тұлға
___________________________ ____________ __________________________________
органның атауы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
мемлекеттік кірістер мөртабанының орны