"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына қосымша |
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай - Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;
2) жұмыс істеп жүрген жастар - жиырма тоғыз жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 25.12.2019 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібі
3. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініштерді қабылдаудың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, жұмыс істеп жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру туралы хабарландыру жариялайды.
4. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
6. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуын және олардың осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге жоқ құжаттарды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтырылған құжаттар топтамасын ұсынады.
Хабарламада көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қайтарады.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден жазбаша түрде бас тартады.
Өтініш берушіге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден бас тарту туралы алдын ала хат қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден бас тарту туралы алдын ала хатты алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде балдарды есептейді және ең көп балл саны бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады.
Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге -10 балл;
2) отбасы болған жағдайда - 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін - 2 балл;
3) 1 (бір) бала болған жағдайда - 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін - 2 балл;
4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл - 5 балл, әрбір жыл үшін - 1 балл;
5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл;
6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) - 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін - 1 балл;
7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін - 2 балл.
Балдар тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады.
8. Жалға берілетін тұрғынжайды сатып алу құқығынсыз беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және оған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы қол қояды.
9. Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде өтініш беруші мен уәкілетті орган арасында тұрғын үйді жалдау шарты жасалады.
10. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.
Өтініш
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беруді сұраймын.
Менің және менімен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің аталған елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді тексеруге қарсылық білдірмеймін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша:
_________________ | |
(күні) (қолы) |
Құжаттар қабылданды:
20 __ жылғы "__" _____________
_____________ __________________________________________________ құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның қолы,
Т.А.Ә. __________________________________________________________________________ (кесу сызығы)
Азаматтың(шаның) қоса беріліп отырған _____________________ құжаттары бар өтініші _______ данада
20 __ жылғы "__" __________ қабылданды. _____________ _______________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә.