"Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 633 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 тамызда № 19252 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16774 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерде:

      4-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      3) құны 70 миллион теңгеден кем ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операцияларды (бұдан әрі – технологиялық операциялар) орындауы;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) құны 70 миллион теңгеден асатын ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелерді орындауы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде өндіруші ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ оның қорытындылары бойынша жоспар-кестенің жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілері бойынша жасалған келісімдердің болуын, өндірістік қуаттардың жүктелуін және ауыл шаруашылығы техникасы нарығының көлемін ескере отырып, өндірушімен келісім жасасу мәселелері бойынша ұсынымды (бұдан әрі – ұсыным) уәкілетті органға жібереді.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2018 жылғы 2 сәуірдегі
  № 213 бұйрығына
  1-қосымша";

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 9 тамыздағы
№ 633 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен ауыл
шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру
туралы келісім жасасу
қағидалары мен шарттарына,
сондай-ақ оны өзгерту және бұзу
үшін негіздемелерге және оның
үлгілік нысанына
1-1-қосымша

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелер

      1. Келісімді жасасқан сәтте кемінде бес жүз миллион теңге сомасына негізгі құралдардың болуы, келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары кемінде 1 миллиард теңге сомасына негізгі құралдардың болуы.

      2. Келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары тиісті ауыл шаруашылығы техникасы бойынша технологиялық операциялардың кемінде 30% - ын орындау.

      3. Өндірушінің уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушы өндірушілерді (бұдан әрі-жинақтаушы) дамыту жөніндегі Жол картасын жасауы.

      4. Өндірушінің жиынтықтауыштарды сатып алуға өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттар келісімі жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жасасуы.

      5. Өнім берушінің бағасы мен сапасы өндірушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, өндіруші компаниялар тобының зауыттарына келісім жасалған сәттен бастап 5 жылдан кешіктірмей жинақтаушылардың өнеркәсіптік партияларын жеткізу (екі түрден кем емес).

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 9 тамыздағы
№ 633 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгі нысаны

      "(_______________________________________________________________)

      (ауыл шаруашылығы техникасының атауы көрсетіледі)

      Нұр-Сұлтан қаласы                                           _________________

                                                                  (күні, айы, жылы)

      Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы

      техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) бұдан әрі

      Тараптар деп аталатын ________________________________

                              (өкілеттігін растайтын құжат)

      негізінде әрекет ететін ___________________________________________

                                    (уәкілетті органның атауы)

      атынан __________________________________________________________

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      ____________________________________ (бұдан әрі – уәкілетті орган)

      (уәкілетті органның атауы)

      және ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттігін растайтын құжат)

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)

      атынан _____________________________________________________________

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      (бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалды.

      Уәкілетті орган мен өндіруші төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Осы Келісімнің мәні ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру кезінде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға бағытталған өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру деп ауыл шаруашылығы техникасын сериялық өндіру жүйесі түсініледі.

      2. Келісім, келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      3. Өндіруші:

      1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруға;

      2) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға жоспар-кестенің орындалуы туралы ақпаратты ұсынуға.

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

      4. Уәкілетті орган:

      1) осы Келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімнің шарттарын өзгертпеуге;

      2) Келісімнің іске асырылуын бақылауды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

      5. Өндіруші:

      1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасауға;

      2) уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;

      3) аутсорсинг шеңберінде басқа заңды тұлғаларды тарта отырып, уәкілетті орган осындай операцияларды орындау жөніндегі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болған жағдайда, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың кейбірін орындауға. Аутсорсинг деп өндірушінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын басқа заңды тұлғаға жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды шарттың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында осы басқа заңды тұлғаның орындауына беру түсініледі;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды орындауға құқылы.

      6. Уәкілетті орган:

      1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

      3) келісімді іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4-тарау. Форс-мажор

      8. Тараптардың ешқайсысы, егер орындау кезінде мұндай орындамау немесе кідіріс еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      9. Форс-мажорға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес оқиғалар жатады.

      10. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде форс-мажордың қолданылу мерзіміне іске асыру мерзімдерін ұзарта отырып, келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізіледі.

      11. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.

      12. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      13. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық шарттарын сақтайды.

      14. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;

      4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

6-тарау. Дауларды реттеу

      15. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      17. Осы Келісім ________ жылға дейін қолданылады.

      18. Келісімнің мазмұны уәкілетті органның осы келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкелетін нормативтік құқықтық актілері қабылданған жағдайда өзгертуге жатпайды.

      19. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      20. ______ қаласында ___ "___" ____________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган _________________

Өндіруші _________________