"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19245 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

      21-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурстық құжаттаманың салалық сараптамасын ол енгізілген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жергілікті жобалар бойынша) жүргізеді және ол мыналарға:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке немесе республикалық маңызы бар қалада орналасқан жеңіл рельсті көлік желілерін салу бойынша коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болып табылады;".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі