Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19121 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18364 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және Тізбенің 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын, сондай-ақ Тізбенің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  Бірінші орынбасары –
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2019 жылғы 29 шілдедегі
  № 798 бұйрығымен
  Бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тізбе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 90 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 90 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алудыжүзеге асыру тәсілі

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

6.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

7.

Жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) жеңiл автомобильдер және ең алдымен адамдарды тасымалдауға арналған өзге қозғалтқыш көлік құралдары (қозғалтқыш және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен басқа)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

8.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

9.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. Осы тізбенің 3-9–тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.