Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 19072 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5), 9) және 73) тармақшаларына және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8437 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда № 190 "Заң газеті" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларында:

      1-тарау мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:

      "Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді қайта медициналық қарап-тексеру кәсіптік жарамдылық сараптамасын жүргізу бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында немесе жергілікті жерде тіркелген медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) жүргізіледі.

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеру, механикалық көлік құралдарының жүргізушісіне қайта медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі";

      10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссияның құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына: терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлер кіреді. Медициналық комиссия штатында қажетті мамандар болмаған жағдайда комиссияның құрамына басқа медициналық ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.

      Медициналық ұйым басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Комиссия төрағасы болып тағайындалады.

      11. Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мамандардың қарап-тексеруін қамтиды.";

      Терапевт медициналық қарап-тексеру кезінде "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде созылмалы ауруы бар екенін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11304 болып тіркелген) "Психоневрологиялық ұйымдарынан анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес психатрда және наркологта деректер базасы бойынша немесе динамикалық бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама бойынша диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы тексереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үміткерлердің, сондай-ақ медициналық ұйымдарда өткен механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеруден өткен адамдардың медициналық қарап-тексеру нәтижелері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 83/е нысанына (көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама) енгізіледі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Психиатр-наркологта есепте тұрған адамдарға басқаруға рұқсат беру туралы мәселені алғашқы психикалық денсаулық орталықтарында дәрігерлік-консультациялық комиссия қайта медициналық қарап-тексеру мерзімі бір жылдан кем емес деп міндетті түрде көрсете отырып шешеді";

      1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 24 ақпанда № 68-69 (26489-26490); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 26 ақпанда № 72-73 (26493-26494); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 2 наурызда № 76-77 (26497-26498); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 5 наурызда № 82-83 (26503-26504); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 6 наурызда № 84-85 (26505-26506); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 10 наурызда № 86-87 (26507-26508); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 15 наурызда № 92-93 (26513-26514); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 16 наурызда № 94-95 (26515-26516); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 17 наурызда № 96-97 (26517-26518); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 29 наурызда № 105-106 (26526-26527); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 30 наурызда № 107-108 (26528-26529); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 6 сәуірде № 116 (26537); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 12 сәуірде № 121-122 (26542-26543); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 13 сәуірде № 123-124 (26544-26545); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 14 сәуірде № 125-126 (26546-26547); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 19 сәуірде № 131-132 (26552-26553); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 20 сәуірде № 133 (26554); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 21 сәуірде № 134-135 (26555-26556); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 23 сәуірде № 138 (26559); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 139 (26560); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 30 сәуірде № 144-145 (26565-26566); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 21 мамырда № 163-164 (26584-26585); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 28 мамырда № 170-171 (26591-26592); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 4 маусымда № 177-178 (26598-26599); "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) жариялаған):

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      "Медициналық құжаттама" деген № 083/е нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 19 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-106 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 083/е нысанды медициналық құжаттама

Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама

      ЖСН

      Тегі Аты Әкесінің аты

      Туған күні Жынысы

е

ә

      Мекенжайы облыс аудан қала көше пәтер

      Байланыс телефоны

      Жұмыс орны/оқу орны

      Лауазымы

Мамандарда өткен медициналық қарап-тексеру нәтижелері:

      Терапевт дәрігердің/Жалпы практика дәрігерінің қорытындысы Тегі Аты Әкесінің аты идентификатор * (ЭЦҚ, QR коды немесе оны басқалардан ерекшелендіруге мүмкіндік беретін басқа бірегей белгілері)

      Куәландыру күні, күнін көрсететін орын

      Қарсы көрсетілімдер қорытындысы

      Офтальмолог дәрігердің қорытындысы Тегі Аты Әкесінің аты идентификатор * (ЭЦҚ, QR коды немесе оны басқалардан ерекшелендіруге мүмкіндік беретін басқа бірегей белгілері)

      Куәландыру күні, күнін көрсететін орын

      Қарсы көрсетілімдер қорытындысы

      Оториноларинголог дәрігердің қорытындысы Тегі Аты Әкесінің аты идентификатор * (ЭЦҚ, QR коды немесе оны басқалардан ерекшелендіруге мүмкіндік беретін басқа бірегей белгілері)

      Куәландыру күні, күнін көрсететін орын

      Қарсы көрсетілімдер қорытындысы

      Психиатр-нарколог дәрігердің қорытындысы Тегі Аты Әкесінің аты идентификатор * (ЭЦҚ, QR коды немесе оны басқалардан ерекшелендіруге мүмкіндік беретін басқа бірегей белгілері)

      Куәландыру күні, күнін көрсететін орын

      Қарсы көрсетілімдер қорытындысы

Ұйғарым

      1. Троллейбустар мен трамвайларды басқаруға.

      2. Артық салмақты шектеусіз автомобильдерді және жолаушылардың сыйымдылығын шектеусіз "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттағы, "А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е" кіші санаттағы автобустарды, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды басқаруға.

      3. "В" санаттағы жеке көлікті жалданып жұмыс істеу құқығынсыз басқаруға.

      4. Қолмен басқарылатын көлікті басқаруға.

      5. Мотоциклді, мотороллерді ("А" санаттағы) басқаруға.

      6. Мотоарбаны басқаруға.

      7. Мопедті басқаруға.

      Медициналық анықтаманы беру күні

      Анықтаманың жарамдылық мерзімі: 12 ай

      Фотосурет орны



      Комиссияның төрағасы

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) Идентификатор

      Хатшы

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) Идентификатор