Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 158/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19047 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 414/НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.02.2022 № 414/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникциялар министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17097 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 158/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеуге арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 357/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістемеде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - АКҚ) - осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

      2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

      3) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) бағдарламалық қамтылым - бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдер жиынтығы;

      5) қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі - ҚБҚ) - пайдаланушымен өзара тікелей іс-қимылға есептелген және белгілі бір пайдаланушылық міндеттерді орындауға арналған ақпараттандыру объектісінің бағдарламалық қамтылымы;

      6) сервистік бағдарламалық өнім (бұдан әрі - СБӨ) - АКҚ-ны іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;

      7) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - Оператор) - өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі - Сервистік интегратор) - "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысымен айқындалған заңды тұлға.

      9) АҚҚ-ның нақты құны - жалға алынған АҚҚ-ның нақты шығындардың деректері бойынша айқындалатын АҚҚ-ның құны.

      10) АҚҚ-ның шекті құны - оны жалға алу құнынан жоғары жүзеге асырылмайтын АҚҚ-ның құны.

2-тарау. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу

      3.АКҚ-ның шекті немесе нақты құны (1) және (2) формулалар бойынша есептеледі:



      мұнда:


- i-ші мемлекеттік органға арналған АКҚ-ның шекті немесе нақты құны (2) формула бойынша есептеледі


      мұнда:

      K - АКҚ-ны іске асыру жоспарланған мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) саны;


- і-ші (белгілі) МО-ға арналған АКҚ құны (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем);

– - тәжірибелік пайдалануға арналған АК-инфрақұрылымының құнын қамтитын, Оператордың бағалық ұсынысы негізінде есептелетін і -ші МО-ға арналған АКҚ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі - АК-инфрақұрылым) жалдау құны немесе ҚБҚ-ның бөлігі болып келетін нақты СБӨ немесе АК-инфрақұрылым объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген базалық және жүйелік бағдарламалық қамтылымды жалдау құны (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем);

- Бағаны, сүйемелдеуді, енгізуді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау құнын қамтитын АКҚ-ны құру үшін қажетті СБӨ немесе і-ші МО-ға арналған АК-инфрақұрылым объектісін жалға алудың жылдық шекті немесе нақты құны;

– - АКҚ жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес і-ші МО-ға арналған Оператор көрсететін қызметтердің құны.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 357/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.1. 3 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін (4 (төртінші) және одан кейінгі жылдарға) мемлекеттік органдарға арналған АКҚ-ның шекті немесе нақты құны келесі формула бойынша есептеледі:


мұнда:

- Оператордың бағалық ұсынысы негізінде есептелетін і -ші МО-ға арналған АКҚ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі - АК-инфрақұрылым) жалдау құны немесе ҚБҚ-ның бөлігі болып келетін нақты СБӨ немесе АК-инфрақұрылым объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген базалық және жүйелік бағдарламалық қамтылымды жалдау құны (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем);

- жеткізуші жүзеге асыратын СБӨ-нің кодтарын сүйемелдеу құны 2-тараудың 14-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген формула бойынша есептеледі.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 357/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық объектісін жалдаудың шекті немесе нақты құнын

Сервистік интегратор ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялардың (бұдан әрі - АТ-компаниялар) баға ұсыныстарын талдау негізінде осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес есептеледі.

      5. АТ-компаниялардың бағалық ұсыныстарын жинақтау негізінде СБӨ-ні немесе АК-инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті немесе нақты құнын айқындау АКҚ-ны жобалауға арналған тапсырма жобасын және баға ұсыныстарын ұсынуға арналған ақпаратты қоса бере отырып, Сервистік интегратордың интернет-ресурсында хабарландыру жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Баға ұсыныстарын беру хабарландыруды жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

      7. Баға ұсыныстарын ұсынуға арналған ақпарат мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) СБӨ немесе АК инфрақұрылым объектісін жалдау мерзімі;

      2) пайдаланушылар саны;

      3) енгізу нүктелерінің саны;

      4) СБӨ жалдау шарттары.

      8. Сервистік интегратор СБӨ-ні жалдаудың шекті құны ұсынылған баға ұсыныстары негізінде және осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес есептегеннен кейін ең аз құнын есептеу жолымен айқындайды.

      СБӨ немесе АК-инфрақұрылым объектісінің құны шетелдік валютада ұсынылған жағдайда, көрсетілген құн СБӨ немесе АК-инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құнын анықтау күніне әсер ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсы бойынша теңгеге айырбасталады.

      9. Бірде бір баға ұсынысы берілмеген жағдайда, СБӨ-ні немесе АК-инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құны осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес есептелінеді.

      10. АКҚ-ны жобалауға арналған тапсырмада осы Әдістеменің 8 және 9-тармақтарына сәйкес айқындалатын түсініктемемен бірге алынған ең төменгі шекті құн келтіріледі.

      11. Оператор ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша Шарт жасасу кезінде осы Әдістеменің 3-тармағына сәйкес шекті құнынан АКҚ-ның нақты құнына қайта есептеу жүргізеді.

      12. Егер қолданыстағы СБӨ немесе АК-инфрақұрылым объектісін қолданатын АКҚ-ның құны басқа мемлекеттік органға көбейту кезінде абоненттік төлем күн, ай, жылға негізделіп белгіленген болса, онда СБӨ-нің немесе АК-инфрақұрылым объектісінің әрбір мемлекеттік органның арнайы талаптарына бейімделу (кастомизация) қажеттілігін есепке алмай әрбір мемлекеттік орган үшін тең дәрежеде белгіленеді.

      13. Мемлекеттік органдардың АК-инфрақұрылым объектілерін әзірлеу, дамыту және сүйемелдеу шығындарын есептеу "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтеріне (бұдан әрі - Есептеулер мен шығын нормативтерінің әдістемесі) сәйкес есептеледі.

      14. СБӨ әзірлеу құны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен бастап үш жыл ішінде жеткізушіге төленеді. Егер шарт бір қаржы жылына жасалған жағдайда, төлем нақты есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шарт Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес бір жылдан астам мерзімге жасалуы мүмкін.

      СБӨ әзірлеу құнын төлеу жеткізушіге осы тармақтың (3) формула бойынша есептеледі:

      1)

- і-ші МО-ның пайдаланушылары санының АКҚ-ның жалпы пайдаланушылары санына пайыздық қатынасы;

      2)

- і-ші МО-ның ақпараттандыру объектілерінің интеграциялары санының интеграцияланатын ақпараттандыру объектілерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;

      3)

- СБӨ-ні құрудың еңбек сыйымдылығын, инженер бағдарламашының адам-айының құнын және ақпараттық қауіпсіздікке сәйкестігіне сынақтарды ескере отырып, СБӨ-ді әзірлеу немесе АК-инфрақұрылымының объектісін жеткізуші (Оператор) ұсынған баға ұсыныстары негізінде есептелетін құны;

      4) S - СБӨ-ні әзірлеудің еңбек сыйымдылығының түзету коэффициенттері негізінде келесі (5) формула бойынша есептеледі:



      мұнда, S4, S5, S6, КП4, КП5, КП6 Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесіне сәйкес есептелінген адам-айының базалық еңбек сыйымдылығы және құру процестерінің (жүзеге асыру, тестілеу және өрістету) еңбек сыйымдылығының түзету коэффициенттерінің мәндері.

      5)

- Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесі негізінде есептелінетін "Ақпарат және байланыс" экономикалық қызмет түріндегі инженер бағдарламашының адам-айының орташа құны;

      6)

- СБӨ-нің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың құны;

      7)

- СБӨ-нің жеткізушісі жүзеге асыратын кодтарын айлық сүйемелдеу құны (6) формула бойынша есептеледі:


      мұнда:

      N - 15%-ға тең ҚБҚ кодтарын техникалық қолдаудың еңбек сыйымдылығы коэффициенті Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесіне сәйкес бекітілген әзірлеуші шығындарының нормативтік коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес анықталады;

      K2, K3, K16 - Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесі 2 қосымшасының 2 бөліміне сәйкес айқындалатын қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу мен қолдап отырудың еңбек сыйымдылығының жеке түзету коэффициенттеріне сәйкес айқындалған жеке түзету коэффициенттері.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін (4 (төртінші) және одан кейінгі жылдарға) СБӨ кодтарын сүйемелдеу құны өзгеріссіз есептеледі:


- оларды жобалауға арналған бекітілген тапсырмада көрсетілген СБӨ әзірлеу құны-қызметтер.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 357/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.