Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 маусымда № 17097 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 158/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2019 № 158/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13321 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 1 маусымдағы
№ 249 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – АК-қызмет) құнын есептеуге арналған.

      2. Әдістемеде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – АК-қызмет) – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

      2) сервистік бағдарламалық өнім (бұдан әрі – СБӨ) – АК-қызметін іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, "Электрондық Үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалған заңды тұлға.

      4) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – Сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңмен көзделген өзге де функциялар жүктелген, "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №207 қаулысымен айқындалған заңды тұлға.

2-тарау. Мемлекеттік органдар үшін АК-қызметтердің құнын есептеу

      3. АК-қызметтің шекті құны келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ҚАКҚ – АК-қызметтің құны (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем);

      СИНФР – АК-қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген және Оператордың бағалық ұсынысы негізінде есептелетін есептеуіш ресурстарды жалдау құны немесе нақты СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген базалық және жүйелік бағдарламалық қамтылымды жалдау құны (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем);

      Сжалға – техникалық қолдау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау құнын қамтитын СБӨ немесе АҚ-қызметтерін құру үшін қажетті ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің шекті құны;

      Сқолд – СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін енгізу, қолдап отыру (бір жұмыс орны, күн, ай, жыл үшін абоненттік төлем), сондай-ақ Оператор АК-қызметті жобалау тапсырмасына сәйкес ұсынатын қызметтердің құны. Құны Оператордың бағалық ұсынысына сәйкес айқындалады;

      Сөзг - АК-қызметтерді жобалау тапсырмасында көрсетілген АК-қызметтеріне тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес қосымша көрсетілетін қызметтердің құны.

      4. СБӨ немесе Сжалға ақпараттық-коммуникациялық объектісін жалдаудың шекті құнын Сервистік интегратор ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялардың (бұдан әрі – АТ-компаниялар) коммерциялық ұсыныстарын талдау негізінде және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтылымын құруға, дамытуға арналған шығындарды есептеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13351 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Есептеулер мен шығын нормативтерінің әдістемесі) сәйкес есептейді.

      5. АТ-компаниялардың бағалық ұсыныстарын жинақтау негізінде СБӨ-ні немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құнын айқындау АК-қызметтерін жобалауға арналған тапсырма жобасын және бағалық ұсыныстарды ұсынуға арналған ақпаратты қоса бере отырып, Сервистік интегратордың интернет-ресурсында хабарландыру жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Әлеуетті өнім берушілерден коммерциялық ұсыныстар қабылдау мерзімі хабарландыруда көрсетіледі және хабарлама жарияланған күннен бастап кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнді құруы тиіс.

      7. Бағалық ұсыныстарды ұсынуға арналған ақпарат өзіне келесі ақпаратты қамтиды:

      1) СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалдау мерзімі;

      2) пайдаланушылар саны;

      3) енгізу нүктелерінің саны;

      4) СБӨ жалдау шарттары.

      8. Сервистік интегратор СБӨ-ні немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құнын кем дегенде үш бағалық ұсыныстың негізінде орташа арифметикалық құнын есептеу жолымен айқындайды. СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің құны шетелдік валютада ұсынылған жағдайда, көрсетілген құн СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құнын анықтау күніне әсер ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсы бойынша теңгеге айырбасталады.

      9. Егер Сервистік интегратор үштен кем бағалық ұсынысты алса, осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген рәсімдер қайта өткізіледі.

      10. 5-тармақта көрсетілген рәсімдерді қайталап жүргізу кезінде үш коммерциялық ұсыныстан кем жіберілген жағдайда, СБӨ немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалдаудың шекті құны Есептеулер мен шығын нормативтерінің әдістемесіне сәйкес есептеледі.

      11. АК-қызметті жобалау тапсырмасында ең төменгі сома түсіндірмемен бірге келтіріледі.

      12. Егер қолданыстағы АК-қызметтің құны СБӨ-ні немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін қолданып басқа мемлекеттік органға тираждалғанда, бір күн, ай, жылға төленетін абоненттік төлемге қарай белгіленген болса, онда әрбір мемлекеттік орган үшін құны тең дәрежеде белгіленеді, СБӨ-нің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің әрбір мемлекеттік органға арнайы талаптарына бейімделу (кастомизация) қажеттігі есепке алынбайды.