Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 5 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19033 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің алдын алу жөніндегі кіші комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қолдауымен:

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі бекітілсін.

      2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Шәкіров

  Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі
уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 5 өкімімен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі

      1. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген өкіммен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы ережесіне:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінішке қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

      3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

      5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

      6) барлық республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, соттылығының жоқтығы туралы оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген анықтама;

      7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      9) тұрғылықты жерінен анықтама;

      10) үй, жұмыс және ұялы телефондарын, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайын көрсете отырып, жеке парақ;

      11) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы туралы шешімі қабылданады."

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Үміткерлер арасынан ҰАТ құрамы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Өкілеттілігі тоқтатылған ҰАТҚ алдағы мерзімге ҰАТҚ құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 5) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген кандидаттар қатарынан жүргізіледі.".

      3. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.