"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының дизайнын айқындау және айналысқа шығару туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1997 жылғы үлгідегі номиналдары 1 (бір), 5 (бес), 10 (он), 20 (жиырма) және 50 (елу) теңгелік, 2000 жылғы үлгідегі 100 (бір жүз) теңгелік және 2004 жылғы үлгідегі 2 (екі) теңгелік айналыстағы монеталарының (бұдан әрі – ескі үлгідегі айналыстағы монеталар) және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2019 жылғы үлгідегі номиналдары 1 (бір), 2 (екі), 5 (бес), 10 (он), 20 (жиырма), 50 (елу) және 100 (бір жүз) теңгелік айналыстағы монеталарының (бұдан әрі – жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар) қатар айналыста болу кезеңі жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар айналысқа шыққан күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды айналыстан алу туралы шешім қабылдағанға дейін белгіленсін.
2. Ескі үлгідегі айналыстағы монеталардың және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталардың қатар айналыста болу кезеңінде:
1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 болып тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес:
ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардан қабылданған ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсырады;
2) Ұлттық Банктің филиалдары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес:
ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;
кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарына аудара отырып, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден және Ұлттық пошта операторынан ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасына қабылдайды;
кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарынан есептен шығара отырып, заңды тұлғаларға, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасынан береді.
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Е. Досаев |