"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 18966 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

      "БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Пайдаланушы халықаралық әуе желілерінде жұмыс үшін бортсеріктердің уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша тиісті даярлаудан өтуін қамтамасыз етеді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Пайдаланушы уәкілетті ұйыммен келісілген бортсеріктерді даярлау және қайта даярлау, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік бойынша бағдарламаларды орындауды қамтамасыз етеді.

      9. Пайдаланушы жыл сайын әуе кемесінің мәжбүрлі түрде қонуы кезіндегі авариялық жағдайларда әрбір бортсеріктің іс-әрекетін пысықтауды және пайдаланушы әзірлеген және бекіткен әрі уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша оның жабдығын қауіпсіз пайдаланудың рәсімдерін қамтитын бортсеріктерді мерзімдік жаттықтыруды ұйымдастырады және өткізеді.";

      13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бортсерікке үш үлгіден аспайтын әуе кемелерінде ұшуға рұқсат беріледі. Егер ӘК екі үлгісінде авариялық-құтқару жабдықтары, ӘК үлгісін есепке ала отырып стандарттық және авариялық рәсімдері ұқсас, сондай-ақ ӘК үлгісін есепке ала отырып стандарттық және авариялық рәсімдері бірдей жағдайда әуе кемесінің үлгісін ескермей отырып, төртінші әуе кеме үлгісінде ұшуды орындауға уәкілетті ұйым рұқсат береді.

      14. Ұшудағы үзілістің ұзақтығына байланысты ұшудағы үзілістен кейін әуе кемесінің бортындағы жұмысқа жіберуді пайдаланушы уәкілетті ұйым бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Пайдаланушы бортсеріктердің ұшудағы практикалық жұмысын тексеруді мынадай мақсатта уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша ұйымдастырады және жүргізеді:

      1) әуе кемесінің бортындағы дербес жұмысқа рұқсат алу;

      2) алты айдан он екі айға дейін ұшу қызметіндегі үзілістен кейін әуе кемесінің бортындағы жұмысқа рұқсат алу;

      3) әуе кемесінің бортында бip жылдан астам және бес жылға дейін ұшу кызметіндегі үзілістен кейін жұмысқа рұқсат алу;

      4) әуе кемесінің бортында бес жылдан астам ұшу кызметіндегі үзілістен кейін жұмысқа рұқсат алу;

      5) мамандығы бойынша біліктілігін айқындау немесе растау.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "___" __________