Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13319 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 146/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бастапқы бағдарламалық код - бағдарламалаудың қандай да бір тіліндегі немесе белгілеу тіліндегі адам оқи алатын және қайтадан пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні;

      3) репозиторий - "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық операторы көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтері негізінде ұсынылатын және ақпарат түрі бойынша құрылымдалған объектілер сақтау орны;

      4) "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы - сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;

      5) Компиляция - бағдарламаны жоғары деігейлі тілден машиналық тілге аудару;

      6) бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдері (компоненттері) - әзірлеушілер тікелей құрған бағдарламалық өнім, сондай-ақ бөгде әзірлеушілердің, құрастыру, орнату және толық жұмыс істеуі үшін қажетті баптаулары мен жұмыс деректері бар файлдар.

      3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау сатып алынған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, жоғалған кезде алмастыруды қамтамасыз ету, қайтадан пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібі

      4. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуды және сақтауды уәкілетті орган ұйымдастырады және "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) жүзеге асырады.

      5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға (болған кезде) мынадай объектілер жатады:

      1) мыналарды:

      бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей жазған бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын бөгде әзірлеушілер кодтарын;

      қолмен немесе автоматты компиляциялауға арналған қажетті қызметтік файлдарды;

      бағдарламалық өтінімді компиляциялау үшін қажетті компиляциялау процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасы көрсетілген), әзірлеу ортасын күйге келтірулер ерекшеліктерінің сипаттамасын қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы бағдарламалық кодтары;

      2) мыналарды:

      бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін;

      3) қажет болған жағдайда ақпараттық жүйенің иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтылым;

      4) деректер базасы қамтылған файл;

      5) әзірленген бағдарламалық қамтылымды үшін пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымды күйге келтірулер кешені;

      6) "Электрондық үкімет" ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы.

      6. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау "Электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен немесе архитектуралық порталда тіркелгеннен кейін мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік интеграторға "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) жібереді.

      8. Сервистік интегратор өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдерді "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында тіркейді және үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдауға арналған репозитарий қалыптастырады.

      9. Репозитарий қалыптастырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор мемлекеттік органнан "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдайды.

      10. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін көп рет пайдалану және (немесе) мемлекеттік орган объектілерді жоғалтқан жағдайда, уәкілетті органды хабарландыра отырып, оларды қайта алуы үшін мемлекеттік органға репозитарийге қол жеткізуге рұқсат береді.

      11. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ақпараттық жүйені пайдаланудан алған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде сервистік интеграторды бұл туралы хабарландырады.

      Сервистік интегратор хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін мемлекеттік органға беруді жүзеге асырады.

      12. Сервистік интегратордан "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін алғаннан кейін мемлекеттік орган "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.

      13. Сервистік интегратор өткен жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы уәкілетті органға есеп береді (еркін нысанда).

  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерінің
әзірленген бағдарламалық
қамтылымын, бастапқы
бағдарламалық кодтарын
(болған кезде), лицензиялық
бағдарламалық қамтылымын
баптау кешенін есепке алу
және сақтау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім

      Өтініш беруші ұйымның толық атауы немесе өтініш беруші жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (болған кезде):________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық

      қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық

      қамтылымын баптау кешенінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйенің "Электрондық үкімет" архитектуралық порталындағы коды:

      ________________________________________________________________________________

      Дана саны: ________________________________________________________________

Әрбіреуі мынадай жиынтықта:

р/с

CD/ файл/құжаттың атауы

CD сериялық нөмірі

CD көлемі (Мгб)

Қағаз жеткізгіштегі парақтар саны

Түпнұсқа (Т)
Көшірме (К)

Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың иеленушісі туралы мәліметтер

      Иеленушінің толық атауы ____________________________________________________

      Ведомстволық бағыныстылығы:______________________________________________

      Ұйымның қысқартылған атауы: _______________________________________________

      Мекенжайы: /________ /__________________________________________ индексі

      Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

      E-mail: _____________________ Http://__________

      Байланысушы тұлға:________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен

Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік техникалық құжаттаманың әзірлеушісі туралы мәліметтер

      Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):

      __________________________________________________________________________

      Ведомстволық бағыныстылығы: ______________________________________________

      Ұйымның қысқартылған атауы: _______________________________________________

      Мекенжайы: /_________ /_________________________________________ индексі

      Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

      E-mail: _____________________ Http://__________

      Байланысушы тұлға: ________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен

      Авторлар туралы мәліметтер

      Автор (лар): _______________________________________________________________

      Сертификаттау туралы мәліметтер: ____________________________________________

      Шығарылған жылы:_________________________________________________________

      Нұсқасы:__________________________________________________________________

      Бағдарламалау тілі: _________________________________________________________

      Шығарылған күні: __________________________________________________________

      Аңдатпа (мақсаты): _________________________________________________________

      Ең төменгі жүйелік талаптар

      Компьютер, процессор түрі,

      Қосымша процессор, жиілік: _________________________________________________

      Оперативтік жады Винчестерде

      (RAM): ______________ қажет: _______________________________________________

      Операциялық жүйелер: ______________________________________________________

      Бейнежүйе: ________________________________________________________________

      Акустикалық жүйе: _________________________________________________________

      Қосымша жабдық: __________________________________________________________

      Қосымша бағдарламалық құралдар:____________________________________________

      Басқалар: _________________________________________________________________

      Заңсыз таралудан қорғау (бар болуы, жалпы сипаттамасы): ________________________

      Қаржыландыру көздері (астын сызу): республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, жеке қаражат, грант қаражаттары, сыртқы қарыздар, несие, өзге де заңды және жеке тұлғалардың қаражаты.

      МО (болған кезде)                              __________________ иеленуші қолы

      күні

  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерінің
әзірленген бағдарламалық
қамтылымын, бастапқы
бағдарламалық кодтарын
(болған кезде), лицензиялық
бағдарламалық қамтылымын
баптау кешенін есепке алу
және сақтау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Келіп түскен өтінімдерді тіркеу

р/с

Өтінім нөмірі

Келіп түскен күні

Мемлекеттік органның атауы

Өтінім беруші (өтінімге қол қойған басшы)

Қабылдады

Аты-жөні, тегі (болған жағдайда)

Қолы