Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13319 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.06.2019 № 146/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 31) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушысы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 131 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген
бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын
(болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету
кешенін есепке алу және сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бастапқы бағдарламалық код – бағдарламалаудың қандай да бір тіліндегі немесе белгілеу тіліндегі адам оқи алатын және қайтадан пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні;

      3) репозиторий – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық операторы көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтері негізінде ұсынылатын және ақпарат түрі бойынша құрылымдалған объектілер сақтау орны.

      3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау сатып алынағн бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, жоғалған кезде алмастыруды қамтамасыз ету, қайтадан пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген
бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын
(болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету
кешенін есепке алу және сақтау тәртібі

      4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алуды және сақтауды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алуға және сақтауға келесі объектілер жатады:

      1) ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын бастапқы бағдарламалық кодтары:

      нақты бағдарламалық өнімді әзірлеушілер жазған бастапқы бағдарламалық кодар, сонымен қатар бөгде әзірлушілердің жобада пайдаланылатын кодтары;

      қолмен немесе автоматты компиляциялау үшін қажетті қызметтік файлдар;

      бағдарламалыө кодты компиляциялау үшін қажетті компиляциялау процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасы көрсетілген), әзірлеу ортасын күйге келтірулер ерекшеліктерінің сипаттамасы;

      2) мыналарды қамтитын жүктеу файлы:

      бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері;

      нақты бағдарламалық өнімді әзірлеушілер шығарған бағдарламалық өнімнің компиляцияланған модульдері (компоненттері), сондай-ақ бағдарламалық өнімді компиляциялау, орнату және толық жұмыс істеуі үшін қажетті бөгде әзірлушілрдің компиляцияланған модульдері (компоненттері), күйге келітірулер мен жұмыс деректері бар файлдар;

      3) ақпараттық жүйенің иесі немесе иеленуші қажет болған жағдайда анықтайтын қосмша бағдарламалық қамтамасыз ету;

      1) дерекқоры құрылымы қамтылған файл;

      2) әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің күйге келтірулер кешені;

      3) ақпараттық жүйенің техникалық құжаттамасы.

      6. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Өнеркәсіптік пайдаланудағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау оларды "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында (бұдан әрі - архитектуралық портал) тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.

      8. Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен немесе архитектуралық порталда тіркелгеннен кейін мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік интеграторға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) жібереді.

      9. Сервистік интегратор өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді және бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін қабылдауға арналған репозитарий қалыптастырады.

      10. Сервистік интегратор репозитарий қалыптастырғаннан кейін мемлекеттік органнан бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін қабылдайды.

      11. Сервистік интегратор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін көп рет пайдалану және (немесе) мемлекеттік орган объектілерді жоғалтқан жағдайда, уәкілетті органды хабарландырумен оларды қайта алуы үшін мемлекеттік органға репозитарийге қол жеткізуге рұқсат береді.

      12. Ақпараттық жүйені пайдаланудан алған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде сервистік интеграторды бұл туралы хабарландырады.

      Хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін мамлекеттік органға беруді жүзеге асырады.

      13. Сервистік интегратордан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін алғаннан кейін мемлекеттік орган "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.

      14. Сервистік интегратор өткен жарты жылдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін есепке алу және сақтау шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы уәкілетті органға есеп береді.

  Мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерінің әзірленген қамтамасыз етуін,
бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған
кезде) және лицензиялық бағдарламалық
қамтамасыз ету кешенін есепке алу және
сақтау қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген
бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын
(болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету
кешенін есепке алу және сақтауға арналған өтінім

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші ұйымның толық атауы немесе өтініш беруші жеке

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________ Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген

      бағдарламалық қамтамасыз етуін, бастапқы бағдарламалық кодтарын

      (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету

      кешенінің атауы.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________ ақпараттық жүйенің "электрондық үкіметтің" архитектуралық

      порталындағы коды.

      Даналар саны: _______________________________________________________

      Әрбіреуі мынадай жиынтықта:

р/с

CD/ файл/құжаттың атауы

CD сериялық нөмірі

CD көлемі (Мгб)

Қағаз жеткізгіштегі парақтар саны

Түпнұсқа (Т)

Көшірме (К)






































      Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және

      нормативтік-технмикалық құжаттаманың иеленушісі туралы мәліметтер

      Иеленушінің толық атауы _____________________________________________

      Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________

      Ұйымның қысқартылған атауы: _________________________________________

      Мекенжайы: |________| _______________________________________________

      индексі

      Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

      E-mail: _____________________ Http://__________

      Байланысушы тұлға: __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) толығымен; телефоны

      Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және

      нормативтік техникалық құжаттаманың әзірлеушісі туралы мәліметтер

      Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған кезде):

      _____________________________________________________________________

      Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________

      Ұйымның қысқартылған атауы: _________________________________________

      Мекенжайы: |________| _______________________________________________

      индекс

      Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

      E-mail: _____________________ Http://__________

      Байланысушы тұлға: __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен; лауазымы, телефон

      Авторлар туралы мәліметтер

      Автор (лар): ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сертификаттау туралы мәліметтер: ____________________________________

      Шығарылған жылы:________________

      Нұсқасы:________________________

      Бағдарламалау тілі: ____________

      Шығарылған күні: _______________

      Аңдатпа (мақсаты): __________________________________________________

      Ең төменгі жүйелік талаптар

      Компьютер, процессор түрі,

      қосымшапроцессор, жиілік: ___________________________________________

      Оперативтік жады Винчестерде

      (RAM): ______________ қажет: ________________________________

      Операциялық жүйелер: ________________________________________________

      Бейнежүйесі:_________________________________________________________

      Акустикалық жүйе: ___________________________________________________

      Қосымша жабдық: _____________________________________________________

      Қосымша бағдарламалық құралдар:______________________________________

      Басқалар: ___________________________________________________________

      Заңсыз таралудан қорғау (бар болуы, жалпы сипаттамасы):

      _____________________________________________________________________

      Қаржыландыру көздері (астын сызу): республикалық бюджет, жергілікті

      бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, жеке қаражат, грант

      қаражаттары, сыртқы қарыздар, несие, өзге де заңды және жеке

      тұлғалардың қаражаты.

      _____________________

      МО (болған кезде) иеленуші қолы

      _____________________

      күні

  Мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерінің әзірленген қамтамасыз етуін,
бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған
кезде) және лицензиялық бағдарламалық
қамтамасыз ету кешенін есепке алу және
сақтау қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Келіп түскен өтінімдерді тіркеу журналы

р/с

Өтінімнің нөмірі

Келіп түскен күні

Мемлекеттік органның атауы

Өтініш беруші (өтінішке қол қойған басшы)

Қабылдады

Т.А.Ә. (болған кезде)

Қолы