"Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына 1-қосымша |
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары
1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордан (бұдан әрі – Ұлттық оператор) не (немесе) жергілікті атқарушы органдардан келісім алады.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға келісу үшін жеке және заңды тұлғалар өтініштерді көлемі көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектілердің эскизінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толығымен автоматтандырылған).
5. Ұлттық оператор не (немесе) жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналасу орнын электрондық нысанда келіседі немесе өтініш беруші ұсынған құжаттардың, оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса және осы Қағидаларда белгіленген талаптар орындалмаса келісуден бас тарту туралы дәлел жауабын электрондық түрде беріледі.
6. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орны келісілген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша келісім электрондық нысанда беріледі.
7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған жазбаша келісім жолдың санатына қарай 5 (бес) жылдан 10 (он) жылға дейін беріледі:
бірінші және екінші санаттарына қарай 10 (он) жылға дейін;
үшінші және төртінші санаттарына қарай 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Өтініш
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға келісім беруіңізді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) _________________
Мекен жайы ______ км _______+метр, оң/сол ______
Күні ___________ Алушы ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________
немесе заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін________________
"___"__________ жыл (қолы).
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12576 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16931 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).