"Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына өзгерістер е

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12576 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.06.2019 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен және плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оң шешім қабылданған жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт ресімделеді, онда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі қоса беріледі.";

      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық және республикалық маңызы

      бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль

      жолдарының жолға бөлінген белдеуінде

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

      қағидаларына қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ак оның алғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізі үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Е. Досаев

      2015 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 7 желтоқсан