"Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 маусымда № 18782 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесінде:

      10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.";

      12, 13, 14, 15 және 16 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:



      мұнда:

      Халіқала – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облысының қала халқы санының болжамы;

      Халі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:



      мұнда:

      Халікіш – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і-облыстың халық санының болжамы;

      Халі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облыс халқының жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа республикалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) шағын жинақталған мектеп оқушыларын есепке алу коэффициенті:



      мұнда:

      Санi – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы;

      Сан – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы;

      Шағын жинақталған мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы орта мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді.

      Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.

      4) ауқым коэффициенті:



      мұнда:


– облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана халқы санының орташа республикалық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

– Қазақстан Республикасы бойынша бір өңір халқының орташа санының болжамы;

      Халi – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:



      мұнда:

      Халітоп – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;

      Халі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы.

      Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;

      6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:



      мұнда:

      Халіауыл – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша і-облысының ауыл халқы санының болжамы;


– функционалдық кіші топ бойынша (барлық өңірлер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;

      7) тығыздық коэффициенті:



      мұнда:


– Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы;

– і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халықтың тығыздығы;

– облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана халқының тығыздығының орташа республикалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:



      мұнда:

      Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;


– республика бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):



      мұнда:

      bі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      10) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:



      мұнда:


– і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жылыту маусымының кезеңі;

– Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының Қазақстан Республикасындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      13. Ағымдағы шығындарды есептеу кезінде:

      Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, тиісінше 1,25 және 1,5 жоғарылату коэффициенттері қолданылады.

      14. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөлінісінде анықталады.

      і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындар есепке алынады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Республикалық бюджет пен облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 6,5% тең болады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін айқындау кезінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі жеңілдігі бар азаматтар санаты үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жіберілетін қаражат көлемі және мемлекеттің жарналары ескеріледі.

      15. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      БДБШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кірістерінің болжамды көлемі;

      r – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.


– бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      16. r және rl коэффициентерінің шамасы:

      республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін – Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесіне қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялауға Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы № ___бұйрығына
қосымша
  Жалпы сипаттағы
трансферттердің
есеп-қисаптар әдістемесіне
қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы Көрсеткіштер Коэффициенттер
1 2 3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржы қызметі

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жоспарлау және статистикалық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

2. Қорғаныс

Әскери қажеттіліктер

18-ден бастап 26 жасты қоса алғандағы әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар

қоныстандыру дисперсиялығы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Құқық қорғау қызметі

Тұрақты халық саны

ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

4. Білім беру

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

1-5 жастағы балалар саны

урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

6-18 жастағы балалар саны

шағын жинақталған мектептегі оқушыларды есепке алу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

14-тен 18 жасқа дейінгілер

урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Білім беру саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

тығыздық;
халықтың жас мөлшері құрылымы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

5. Денсаулық сақтау

Халықтың денсаулығын қорғау

Тұрақты халық саны

тығыздық;
урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мамандандырылған медициналық көмек

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Емханалар

урбандалу;
халықтың жас мөлшерінің құрылымы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Медициналық көмектің басқа түрлері

тығыздық;
урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

тығыздық;
урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жасынан асқан халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде);
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Коммуналдық шаруашылық

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді көркейту

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ақпараттық кеңістік

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Туризм

Туризм, тәулігіне төсек орын саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті көлемі

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Су шаруашылығы

Суды тұтыну (миллион текше метр)

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Орман шаруашылығы

Мемлекеттiк орман күзетiнiң нормативтiк саны

ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қоршаған ортаны қорғау

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жер қатынастары

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

Тұрақты халық саны

ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы

урбандалу;
жолдарды күтіп-ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Басқалар

Экономикалық қызметті реттеу

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Басқалар

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу