"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының м.а. 2019 жылғы 13 мамырдағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 мамырда № 18698 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 13.04.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11584 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі – ҚР ЖС СҚҚД) кеңсесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ҚР ЖС СҚҚД кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

      порталда - 1 (бір) жұмыс күні;

      облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бip) жұмыс күні;

      басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күні;

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 10 (он) жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленеді (бұдан әрі - ЭҮТШ).";

      8-тармақта:

      1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақта:

      2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);";

      "6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;

      2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірген);

      3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      12. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беріледі.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымдар қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады немесе көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетінде" тіркелгені туралы мәртебе).

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны; заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы, құжаттарды электрондық түрде беру сервистері не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.".

      2. Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "___"__________