Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 18605 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 114 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13454 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      2019 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2019 жылғы 24
сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.07.2022 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Босатылатын оқ-дәрілерді құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

1

заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімі

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты; босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын кәсіпорындарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру мүдделерін шешу үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган жазбаша растайды) өндірістік-техникалық базаның және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы міндетті емес), (стационарлық және (немесе) ұтқыр) өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

4

пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

тексеру туралы сертификаттың көшірмесі

5

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

құжаттың көшірмесі

6

кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журнал

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

құжаттың көшірмесі

7

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адам

жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі

құжаттың көшірмесі

8

күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны тәулік бойы күзетуге арналған шарттың болуы

"Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес күзет қызметінің субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарт

құжаттың көшірмесі

9

қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі

босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, босатылатын оқ-дәрілерді құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі жоспар-кесте

жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісімінің болуы

атқаратын қызметі мәніне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен анықтама-келісу

құжаттың көшірмесі

2. Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1

заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімі

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты; босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын кәсіпорындарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру мүдделерін шешу үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган жазбаша растайды) өндірістік-техникалық базаның және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы міндетті емес) (стационарлық және (немесе) ұтқыр) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

4

пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

тексеру туралы сертификаттың көшірмесі

5

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауінсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

құжаттың көшірмесі

6

кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журнал

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

құжаттың көшірмесі

7

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адам

жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі

құжаттың көшірмесі

8

күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны тәулік бойы күзетуге арналған шарттың болуы

"Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес күзет қызметінің субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарт

құжаттың көшірмесі

9

қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі

босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі жоспар-кесте

жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісімінің болуы

атқаратын қызметі мәніне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен анықтама-келісу

құжаттың көшірмесі

  Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-
жарақтарды, әскери техниканы,
арнаулы құралдарды құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
1-қосымша

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Босатылатын оқ-дәрілерді құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін мыналар:

      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімі:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________;

      лауазымы ___________________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________________________;

      білімі бойынша мамандығы _____________________________________________;

      жоғары техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні ________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________________;

      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________________;

      лауазымы ___________________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________________;

      білімі бойынша мамандығы _____________________________________________;

      техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні _______________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________________;

      3) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін және мыналарды қамтитын меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр), өндірістік-техникалық базаны:

      мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты __________________________;

      босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы _____________________________________;

      босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды ___________________________________________________________;

      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды ________________________________________________________________________;

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекенжайы) ____________________;

      контейнерлік типтегі ұтқыр модульдің, жабдықтың, көтеру механизмінің, қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден метр арақашықтығы туралы ақпарат _________________________________________________________________;

      4) пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:

      өлшеу құралдарының болуы туралы ақпарат ______________________________;

      өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні _____________________________________________________;

      5) ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар:

      ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпарат _____________________________________________;

      6) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журнал:

      кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы туралы ақпарат ___________________________________ болуы қажет.

      2. Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналар:

      1) заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалы басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімі:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________;

      лауазымы _____________________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________________________;

      білімі бойынша мамандығы _____________________________________________;

      жоғары техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні _________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы ______________________________;

      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________;

      лауазымы ____________________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________________;

      білімі бойынша мамандығы ______________________________________________;

      техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні _______________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________________;

      3) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін және мыналарды қамтитын жеке меншік құқығындағы) өндірістік-техникалық базаны:

      мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты _________________________________________________________________;

      босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы _______________________________________________;

      босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды _____________________________________________;

      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды

      _______________________________________________________;

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекенжайы) ______________________;

      жабдықтың, көтеру механизмінің, қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден метр арақашықтығы туралы ақпарат ______________________;

      4) пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:

      өлшеу құралдарының болуы туралы ақпарат ______________________________;

      өлшеу құралын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні _________________;

      5) ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар:

      ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________________________________________;

      6) кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журнал:

      кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы туралы ақпарат ______________________________ болуы қажет.

  Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-
жарақтарды, әскери техниканы,
арнаулы құралдарды құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
2-қосымша
  БЕКІТЕМІН
Ұйым басшысы
____________________________
(қолы) (тегі, аты,әкесінің аты,
болған жағдайда)
  Күні
  Мөрдің орны
  Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
Қызмет бағыты (экономикалық
қызметтің жалпы жүктеуіш)
Заңды тұлғаның мекенжайы
және қызметті немесе
әрекеттерді (операцияларды)
жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы (пошта индексі,
облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың)
нөмірі)
  Телефоны

Босатылатын оқ-дәрілерді құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін ____ жылға арналған ЖОСПАР-КЕСТЕ

Өнімнің атауы

Санаты

Өлшем бірлігі

Саны

Баланс ұстаушы

Тарату және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзі

Ескерту

  Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-
жарақтарды, әскери техниканы,
арнаулы құралдарды құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
3-қосымша
  БЕКІТЕМІН
Ұйым басшысы
____________________________
(қолы) (тегі, аты,әкесінің
аты, болған жағдайда)
  Күні
  Мөрдің орны
  Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
Қызмет бағыты (экономикалық
қызметтің жалпы жүктеуіш)
Заңды тұлғаның мекенжайы
және қызметті немесе
әрекеттерді (операцияларды)
жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы (пошта индексі,
облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың)
нөмірі)
  Телефоны

Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін ____ жылға арналған ЖОСПАР-КЕСТЕ

Өнімнің атауы

Санаты

Өлшем бірлігі

Саны

Баланс ұстаушы

Тарату және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзі

Ескерту