Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 наурызда № 18445 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Сапарбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 154 бұйрығымен
бекітілген

Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;

      2) "Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі" ақпараттық-талдау жүйесі – еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратты жинақтау және талдамалы өңдеуге арналған автоматтандырылған жүйе;

      3) еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі – жұмыс күшіне болжамды тұрғыдан сұранысты және ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін, қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені.

      3. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін осы Қағидаларға қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік органдар ұсынатын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қалыптастырады.

      4. "Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі" ақпараттық-талдау жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) жұмыс істеуін және оны жедел басқаруды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді.

      5. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар жыл сайын 15 сәуірге дейін Жүйеге жүктеу арқылы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мынадай деректерді:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткен бес жыл үшін деректерді;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес болжамды мәліметтерді ұсынады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өзгерістер енгізген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жаңартылған мәліметтерді өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

2-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәртібі

      6. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін "Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі" ақпараттық-талдау жүйесі пайдаланылады.

      7. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі Жүйені қолдану арқылы мына кезеңдерге қалыптастырылады:

      1) қысқа мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 1 жыл;

      2) орта мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 5 жыл;

      3) ұзақ мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 2050 жылға дейін.

      8. Қысқа мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі тоқсан сайын қалыптастырылады және ол әзірленген тоқсанды қоспағанда, кейінгі төрт тоқсандағы кезеңді қамтиды.

      9. Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, кейінгі бес жыл кезеңін қамтиды.

      10. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі үш жылда бір рет қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

      11. Еңбек ресурстарының болжамы:

      қысқа мерзімді кезеңге арналған – есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      орта мерзімді кезеңге арналған – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей;

      ұзақ мерзімді кезеңге арналған – әр үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Жүйеге орналастыруға жатады.

      12. Қысқа мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің ақпараты негізінде "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет ресурсымен интеграциялау арқылы кейіннен талдау және өңдеумен келесі теңдеудің көмегімен қалыптастырылады:



      мұнда, – Xt кезеңіндегі болжамды жұмыспен қамту;


– модель параметрлері;

– авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі;

тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.);

– ақ шуыл.

      13. Жұмыс күшінің болжамды ұсынысын анықтау үшін орта кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі мынадай ақпараттың негізінде қалыптастырылады:

      1) халықтың, оның ішінде жұмыс күшіне кіретін халықтың саны;

      2) халықтың туу көрсеткіші;

      3) негізгі себептер бойынша халықтың өлім-жітімі;

      4) бағыттар бөлінісінде xалықтың көші-қоны;

      5) өңір-сала бөлінісінде жұмыспен қамтылған халық.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген деректерді өңірлер, жергілікті жердің типі, бір жылдық жасы және жынысы бойынша орта мерзімді кезеңге арналған болжамды қалыптастыру жылының алдындағы кемінде бес жылдық кезең үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жыл сайынғы негізде ағымдағы жылғы 15 сәуірден кешіктірмей береді.

      15. Жұмыс күшіне болжамды ұсынысты анықтау үшін орта кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде қалыптастырылады.

      16. Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек күшіне болжамды сұранысты анықтау үшін салалар бойынша жұмыспен қамту факторларына сәйкес жұмыс күшіне сұраныс қалыптастырылатын теңдеу пайдаланылады:



      мұнда

– x жылында r өңірінде және i саласында жұмыс күшіне сұранысты болжамды бағалау;

– r өңірі және i саласы үшін сұраныс теңдігінің базалық коэфиценті;

– i саласы және r өңірі үшін факторлық коэффициенті;

– x жылында r өңіріндегі i саласының жұмыспен қамту факторларының болжамды мәнінің векторы.

коэффициенттерін қайта есептеу жыл сайын жүзеге асырылады, бұл ретте, қайта бағалау нәтижелері бойынша негізгі драйверлердің жиынтығы олардың жаңа кезеңдер үшін қалыптасқан жұмыспен қамтудың нақты көрсеткіштерімен байланысының орнықтылығына сәйкес өзгереді.

      17. Жұмыс күшіне болжамды сұранысты анықтау үшін ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпаратты және мынадай болжамды көрсеткіштерді пайдаланумен қалыптастырылады:

      жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ);

      өнеркәсіптік өндіріс көлемі;

      ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі;

      бөлшек тауар айналымының көлемі;

      халыққа ақылы қызмет көрсету көлемі;

      инвестициялардың көлемі мен бағыттары;

      еңбек өнімділігінің өзгеруі;

      жұмыссыздық деңгейі.

      Ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарына болжамды ұсыныстың есебі осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген теңдеуді пайдалана отырып жүргізіледі.

3-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін пайдалану тәртібі

      18. Қысқа мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:

      1) жұмыссыз халықты және жұмыс іздеп жүрген адамдарды қысқа мерзімді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

      2) еңбек нарығындағы жағдай мен сұранысқа ие мамандықтар туралы халықтың қалың тобын хабардар ету үшін пайдаланады.

      19. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:

      1) техникалық жеке кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

      2) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау;

      4) бюджет, жастар, көші-қон, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеп, іске асыру кезінде.

      20. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастырудың нәтижелері "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

  Еңбек ресурстарын
болжамдаудың ұлттық
жүйесін қалыптастыру және
оның нәтижелерін
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

Демографиялық болжамды есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі

Р/с №

Көрсеткіштер

Жауапты орын даушы

Өткен 5 жыл

20___

20___

20___

20___

20___

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Жас және өңірлер бөлінісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың саны, адам

БҒМ






2

Сыныптар мен жас бөлінісінде орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың саны, адам

БҒМ






3

Мамандықтар мен жас бөлінісінде орта білімнен кейінгі (техникалық және кәсіптік) білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың саны, адам

БҒМ






4

Курстар, мамандықтар және жас бөлінісінде жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың саны, адам

БҒМ






5

Өңірлер және бас бостандығынан айыру мерзімдері бөлінісінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың саны, адам

ІІМ






  Еңбек ресурстарын
болжамдаудың ұлттық
жүйесін қалыптастыру және
оның нәтижелерін
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі

Р/с №

Көрсеткіштер

Жауапты орын даушы

Ағымдағы жыл / бағалау

Болжамды жылдар

Болжамды көрсеткіштердің негіздемесі (негізгі жобалар мен шаралар)

 
20___
(1 болжамды жыл)

20___
(2 болжамды жыл)

20___
(3 болжамды жыл)

20___
(4 болжамды жыл)

20___
(5 болжамды жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дамудың жалпылама көрсеткіштері

1

ЖІӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %

ҰЭМ








ЖӨӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %

ЖАО








2

Қала халқының орташа жылдық саны, млн адам

ҰЭМ








ЖАО








3

Халықтың нақты ақшалай кіріс индексі, өткен жылға қарағанда %

ЖАО








Экономика салаларының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

4

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруа шылығы

ҰЭМ








ЖАО








5

Өңдеу өнеркәсібі

ҰЭМ








ЖАО








6

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

ҰЭМ








ЖАО








7

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

ҰЭМ








ЖАО








8

Сумен жабдықтау;
кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

ҰЭМ








ЖАО








9

Құрылыс

ҰЭМ








ЖАО








10

Көтерме және бөлшек сауда;
автомобильдер мен мотоци клдерді жөндеу

ҰЭМ








ЖАО








11

Көлік және қоймалау

ҰЭМ








ЖАО








12

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

ҰЭМ








ЖАО








13

Ақпарат және байланыс

ҰЭМ








ЖАО








14

Қаржы және сақтандыру қызметі

ҰЭМ








ЖАО








15

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

ҰЭМ








ЖАО








16

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

ҰЭМ








ЖАО








17

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

ҰЭМ








ЖАО








18

Мемлекеттік басқару және қорғаныс;
міндетті әлеу меттік қамсыз дандыру

ҰЭМ








ЖАО








19

Білім беру

ҰЭМ








ЖАО








20

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

ҰЭМ








ЖАО








21

Өнер, ойын-сауық және демалыс

ҰЭМ








ЖАО








22

Басқа қызметтерді ұсыну

ҰЭМ








ЖАО








Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, өткен жылға қарағанда %

23

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

ҰЭМ








ЖАО








24

Көтерме және бөлшек сауда;
автомобиль дер мен мотоциклдерді жөндеу

ҰЭМ








ЖАО








Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

25

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %

АШМ








ЖАО








26

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %

АШМ








ЖАО








27

Дәнді дақыл дардың (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдардың жалпы жиыны (өңдеуден кейінгі салмағында), млн тонн

АШМ








ЖАО








Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

28

Көмір мен лигнит (көмір концентратынан басқа) өндіру көлемі, млн тонн

ИИДМ








ЖАО








29

Газ конденса тын қоса ал ғанда, мұнай өндіру көлемі, млн. тонн

Энергетика мині








ЖАО








Өңдеу өнеркәсібі

30

Мұнайдың қайта өңделген өнімдерінің НКИ, өткен жылға қарағанда %

Энергетика мині








ЖАО








31

Қара металлургия өнімінің НКИ, өткен жылға қарағанда %

ИИДМ








ЖАО








32

Негізгі асыл және түрлі түсті металдар өндірісінің НКИ

ИИДМ








ЖАО








Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

33

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн. кВт * сағ

Энергетика мині








ЖАО








Көлік және қоймалау

34

Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








35

Темір жол көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








36

Автомобиль көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








Қаржы қызметі

37

Банктердің несие қоржынының көлемі, млрд. теңге

ҰБ








ЖАО








Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

38

ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, млрд. теңге

БҒМ








ЖАО








Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

39

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жергілікті бюджеттің шығындары, млрд теңге,

ЖАО








40

Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуді аяқтаған адамдардың саны (болжамды жыл үшін), адам

ІІМ








ЖАО








Білім

41

Білім беруге жергілікті бюджеттің шығындары, млрд теңге

ЖАО








Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

42

Халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар

ДСМ








ЖАО








43

Халықтың ас қорыту органдарының ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар

ДСМ








ЖАО








      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ЖАО – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Энергетикамині – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн;

      ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;

      НКИ – Нақты көлем индексі;

      ҒЗТКЖ – Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.