"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18423 болып тіркелді. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11368 болып тіркелді, 2015 жылғы 30 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орындау ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

      лицензия беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды – орындалу уақыты 1 сағат;

      2) аумақтық күзет қызметін бақылау (бұдан әрі – КҚБ) бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – орындалу мерзімі екі жұмыс күні;

      3) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексереді (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басқармасына (бұдан әрі – ҚСжАЕАКБ) талап жолдайды – орындалу мерзімі алты жұмыс күні;

      4) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке күзет ұйымының күзетшісі не басшысы лауазымдарынан теріс қылықтары бойынша босатылған адамдарды тексеру мәніне тексереді – орындалу уақыты 6 сағат;

      5) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері тиісті тексеріс жүргізгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін лицензия алу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (анықтама) жазады және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нәтижеге қол қояды және оны портал арқылы беруді жүзеге асырады – орындалу мерзімі бір жұмыс күні;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды – орындалу уақыты 1 сағат;

      2) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – орындалу мерізімі екі жұмыс күні;

      3) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексереді (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері) – орындалу уақыты 5 сағат;

      4) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері тиісті тексеріс жүргізгеннен кейін лицензияны қайта ресімдеу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (анықтама) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-ге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нәтижеге қол қояды және оны портал арқылы беруді жүзеге асырады – орындалу уақыты 2 сағат;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының куәландырылған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады;

      лицензия телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды – орындалу уақыты 1 сағат;

      2) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – орындалу мерзімі бір жұмыс күні;

      3) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексереді (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері) – орындалу уақыты 5 сағат;

      4) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкері тиісті тексеріс жүргізгеннен кейін лицензияның телнұсқасын беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (анықтама) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-ге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нәтижеге қол қояды және оны портал арқылы беруді жүзеге асырады – орындалу уақыты 2 сағат;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының куәландырылған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінінің сипаттамасы:

      лицензия беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының КҚБ бөлінісіне өтінішті жолдауы – 1 сағат ішінде;

      2) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкерінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – екі жұмыс күні ішінде;

      3) ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексеру (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері), сондай-ақ талапты ҚСжАЕАКБ-ге жолдау және жауап алу жолымен тексеру – алты жұмыс күні ішінде;

      4) жеке күзет ұйымының күзетшісі не басшысы лауазымдарынан теріс себептер бойынша босатылған адамдар арасынан тексеру – 6 сағат ішінде;

      5) тиісті тексеріс жүргізгеннен және ҚСжАЕАКБ қызметкерінен қажетті қосымша құжаттарды алғаннан кейін лицензия алу құқығына құжаттарын қоса отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына қағаз форматта баянаттар (анықтамалар) жазу және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-ге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастыру. Ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ арқылы электрондық құжатқа қол қоюы және нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы беру – орындалу мерзімі бір жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының КҚБ бөлінісіне өтінішті жолдау – 1 сағат ішінде;

      2) аумақтық КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкерінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – екі жұмыс күні ішінде;

      3) ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексеру (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері) – 5 сағат ішінде;

      4) тиісті тексеріс жүргізгеннен кейін лицензияны қайта ресімдеу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына қағаз форматта баянат (анықтама) жазу және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-ге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастыру. Ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ арқылы электрондық құжатқа қол қоюы, нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы беру – 2 сағат ішінде;

      лицензия телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының КҚБ бөлінісіне өтінішті жолдау – 1 сағат ішінде;

      2) КҚБ бөлінісінің жауапты қызметкерінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – бір жұмыс күні ішінде;

      3) ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті алушыны "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік талаптарына сәйкес келуі мәніне тексеру (жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар), бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжаттардың мәліметтері) – 5 сағат ішінде;

      4) тиісті тексеріс жүргізгеннен кейін лицензияның телнұсқасын беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына қағаз форматта баянат (анықтама) жазу және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-ге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қалыптастыру. Ұсынылған құжаттарды зерделеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ арқылы электрондық құжатқа қол қоюы, нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы беру – 2 сағат ішінде.

      Стандарттың 10-тармағымен көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап әзірленіп, жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев