"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 18344 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру";

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру";

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу";

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.".

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:

      1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);

      2) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);

      3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша ҚАІІО.

      9. Әрбір рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны туралы талонды береді.

      2) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 7 күн ішінде:

      қабылданған материалдарды тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырады.

      төлем қабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне банк мекемесіне сұрау салуды жолдайды;

      "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арналары арқылы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды;

      тексеруді:

      ішкі істер органдарының есептері бойынша;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша жүзеге асырады.

      Жолданған материалдарды мемлекеттік органдармен келісуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады;

      3) мүдделі органдардан жауаптар алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 10 күні ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытынды не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      4) күнтізбелік 7 күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытындыны не бас тарту туралы дәлелденген жауапты ПД не ҚАІІб бастығы немесе оның орынбасарының бекітуі.

      5) қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде жолданады.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.":

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:

      1) қалалық (аудандық) ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

      2) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі –ІІД КҚҚБ) қызметкері;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі – КҚҚК) қызметкері;

      4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АӨО" РМК).";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.";

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
1-қосымша
  "Шетелдіктер мен
азаматтығыжоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

      1-кесте.

      Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ атауы

ІІО

ІІО

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

1. қабылданған материалдар тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырылады;
2. банктік мекемеге сұрау салу;
3. келісу үшін "Бүркіт" БАЖ арқылы ҰҚК-ге жолдау;
4. ІІО есебі бойынша тексеру;
5. ҚСжАЕКесебі бойынша тексеру.

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдау туралы талон беру

5

Орындау мерзімі

30 минут

күнтізбелік 7 күн

      1-кестенің жалғасы

      Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

3

4

2

ҰҚКД

банктікмекеме

КҚҚБ

3

Материалдарды келісу

төлемқабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы негізделген қорытынды шығару, ПБ басшылығына жолдау немесе бас тарту туралы негізделген жауап беру

4

КҚҚБ-ге "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесінде жауап беру

КҚҚБ-ға жауап

5

күнтізбелік 30 күнтізбелік күн

күнтізбелік10 күн

      1-кестенің жалғасы

      Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

5

6

7

2

ІІД басшылығы

ІІО

ІІО

3

Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы негізделген қорытындыны немесе бас тарту туралы негізделген жауаптыбекіту

Көрсетілетінқызметті берушіге шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау. Теріс шешілген кезде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруі/не рұқсат беруден бас тарту

4

Күнтізбелік 10 күн

күнтізбелік 3 күн

20 минут

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша
  "Шетелдіктер мен
азаматтығыжоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің Анықтамасы



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарға куәліктер мен
шетелдіктерге тұруға
ықтиярхаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

ҚФБ атауы

ІІО, Мемлекеттік корпорация

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру,қызметті алушының қолтаңбасын қою.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу
Қызметті алушыға талон немесе құжаттың қабылдануы туралы қолхат беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

      Кестенің жалғасы

1

2

3

4

2

ІІО, Мемлекеттік корпорация

КҚҚБ

КҚҚК

3

ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚҚБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі.
Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы беріледі.

Арызды тіркеу және жауапты орындаушыға беру

Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚҚК-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта).
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚҚК) жіберіледі.

КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ-данкеліп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу(қағаз тасымалдағышта)

Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру

4

Тізілім

Кіріс тіркеу нөмірі

Жиынтық тізілім

Кіріс тіркеу нөмірі

Жиынтық тізілімді өз қолымен растау

5

1 жұмыс күн

30 мин

2 жұмыс күн

30 минут


      Кестеніңжалғасы

4

5

6

7


"АӨО" РМК

КҚҚК

КҚҚБ

Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жіберу

Формулярлармен бірге келіп түскен тізілімдерді тіркеу

Құжаттарды дайындау, оларды формулярлар-мен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің бір данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге ҚАІІб-ға жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша ҚАІІб-ға жіберу

4

Ілеспе хат

Кіріс тіркеу нөмірі

Дайын құжаттар

ТізілімдіКҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу

Ілеспе хат

5

2 жұмыс күн

30 мин

3 жұмыс күн

1 жұмыс күн

1 жұмыс күн

      Кестеніңжалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

9

2

ҚАІІб, Мемлекеттік корпорация

3

Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру

4

Ілеспе тізілім

5

10 минут

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 136 бұйрығына

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.