"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 ақпанда № 18312 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері ен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ІІО актісінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, ІІО қызметкері мен әскери қызметшісіне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу не оны төлеуді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы қызметтеріне жолданады.

      ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністері бұйрықтардың көшірмелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция және көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД, КПД) кадр қызметтеріне жолдайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД, КПД, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлерімен әскери қызметшілеріне;

      3) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;

      4) ПД, КПД, ҚАЖД, ІІМ білім ұйымдарының бастықтары – ПД, КПД аппаратының (оның ішінде өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне) ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;

      5) ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністерінің, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командирі, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлері, оларға теңестірілген саптық бөліністердің командирлері – бөліністердің жеке құрамына.";

      3-тарауда:

      4 және 5 параграфтардың тақырыбына өзгерістер тек орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына (бұдан әрі – ТЖК) және оның орынбасарларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД), ТЖК Көкшетау техникалық институтының бастықтарына және олардың орынбасарларына;

      ТЖК төрағасы – ТЖК аппаратында қызмет өткеретін АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД бастықтары – жедел қызмет көрсету аумағында орналасқан АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      ТЖК Көкшетау техникалық институтының бастығы – ТЖК Көкшетау техникалық институтының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне.";

      12-қосымшаның тақырыбына өзгерістер тек орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (С.Қ. Сүйінбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов