"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың келесі бұйрықтары күші жойылған деп танылатын:
1) ""Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 102 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12080 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15254 болып тіркелген, 2017 жылы 10 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының | |
2019 жылғы 22 қаңтардағы | |
№ 7 бұйрығына 1-қосымша |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) "Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 12055 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерді қабылдау және оның нәтижесін беру жүзеге асырылады:
1) "азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).
Басқа жеке тұлғаға қатысты мәлімет алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлға) тек электронды нысанда портал арқылы, мәлімет сұратылған тұлғаның келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама),
Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес, қызмет көрсетушіде бар тұлғаның өтелмеген, алынып тасталмаған соттылығы туралы мәліметтер, жүгінген өңірге қарамастан, тексеру жүргізген күндегі жағдайға байланысты көрсетіледі.
Қызмет көрсетушінің қызметкерлері соттылықтың өтелуін есептеу жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекеттер тәртібінің сиппатамасы
4. Қызмет алушының Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарының (бұдан әрі – құжат) болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекет) бастаудың негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекет) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ) электрондық құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу – 30 (отыз) секунд;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ деректерді тексеру (өңдеу) – 30 (отыз) секунд;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ мәліметтерді сәйкестендіру бойынша сәйкестік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші жауап қалыптастыру және қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 3 (үш) сағат;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ тексеруді сәйкестендіру бойынша ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ жүйесімен қызмет алушының сауалнамалық деректерінде сәйкестік орнатылса, қызмет алушыға қолмен өңдеуге жолдау – 1 (бір) минут.
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ декректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың өтелуін есептеу – 3 (үш) жұмыс күні;
қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 3 (үш) сағат;
қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы қызмет және (немесе) композиттік қызметтің қағаз тасымалдағыштағы нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) сағат;
Қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта Мемлекеттік корпорацияның филиалына курьер арқылы тізілім бойынша беру болмаса пошта байланысымен жолдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердік стандартымен орнатылған, мемлекеттік қызмет көрсетіу мерзімінен тәулік өткеннен кешіктірілмейді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімдері:
1) қызмет көрсетушінің анықтама дайындайтын жауапты орындаушысы;
2) қызмет көрсетушінің сұратылған мәліметтерге қосымша тексеру (анықтау) жүргізетін аумақтық органының жауапты орындаушысы;
3) қызмет көрсетушінің анықтамаға қол қоятын уәкілетті тұлғасы;
4) қызмет көрсетушінің қағаз нысанындағы қызмет нәтижесін курьер болмаса пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайтын кеңсе қызметкері.
7. Әрбір рәсімнің (әрекет) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) арасындағы процедуралардың (әрекет) кезектілігінің сипаттамасы:
1) Анықтаманы электронды нысанда бергенде, оның ішінде үшінші тұлғаға:
қызмет көрсетушінің жауапты қызметкердің өтінімді қабылдауы және өңдеуі – 30 (отыз) минут:
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ декректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың өтелуін есептеу – 3 (үш) жұмыс күні;
қызмет нәтижесін электронды түрде қалыптастыру – 1 (бір) минут;
электрондық анықтаманы қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға жолдау – 1 (бір) минут;
қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының анықтамаға электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланып қол қоюы – 1 (бір) сағат;
электронды анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға, қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне (бұдан әрі – ЖК) жолдау – 1 (бір) минут.
2) Анықтаманы қағаз нұсқасында берген кезде:
қызмет көрсетушінің жауапты қызметкерінің өтінімді қабылдауы және өңдеуі – 1 (бір) минут:
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ декректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың өтелуін есептеу – 3 (үш) жұмыс күні;
қызмет көрсетушінің аумақтық органының жауапты қызметкерінің қызмет нәтижесін қағаз нұсқасында дайындауы – 3 (үш) сағат;
қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының қол қоюы – 1 (бір) сағат;
қызмет көрсетушінің кеңсесіне анықтаманы жолдауы – 10 (он) минут);
кеңседегі анықтаманы курьер болмаса пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік корпорацияға қызмет алушының жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) Мемлекеттік қызмет алу үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы;
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторының қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК АЖ АЖО) логин және құпия сөз (авторизация жасау) енгізуі;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығаруы және сұрау нысанына Мемлекеттік корпорацияның операторының қызмет алушы деректерін, сонымен қатар қызмет алушының өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізуі;
3-рәсім – қызмет алушының, заңды өкілінің деректері туралы сұрау салуды "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ), сонымен қатар қызмет алушының өкілінің сенімхатының деректері туралы сұрау салуды Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі (бұдан әрі – БНАЖ) электронды тізілімді жолдау;
1-шарт – қызмет алушының деректерінің ЖТ МДҚ, сенімхат деректерінің БНАЖ бар болуын тексеру;
4-рәсім –қызмет алушының деректерінің ЖТ МДҚ, сенімхат деректерінің БНАЖ болмауына байланысты, деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
5-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторымен сұрау салудың нысанын толтыру және ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салудың нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторымен расталған (қол қойылған) электронды құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ жолдау;
9. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы қызмет алушымен қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта алуы;
2-рәсім – орнатуға тексеру жүргізілген жағдайда (процестік шешімдерін орнату үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдау) қызмет алушыға аралық жауап жолданады, онда қызмет алушыға Мемлекеттік корпорацияға қызмет көрсетуші өтінішті алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайталап жүгінуі керектігі хабарланады;
3-рәсім – Мелекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйеде мерзімнің ұзаруы туралы белгі жасайды.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткенде қызмет көрсетушінің процедурасының (әрекет) кезектілігі және қызмет алушының жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1) қызмет алушы өзіне қатысты мемлекеттік қызмет алуға сұрау салғанда, порталда келесі әрекеттерді жүзеге асырады:
1-рәсім – мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының порталға жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) және құпиясөзді (авторизация рәсімі) енгізуі (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
1- шарт – ЖСН және құпия сөз арқылы қызмет алушының деректерінің түпнұсқасын порталдан тексеру;
2-рәсім – қызмет алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизация жасаудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;
3-рәсім – қызмет алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы;
2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерін (сұрауда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген ЖСН арасында) порталда тексеру;
4-рәсім – экранда "он-лайн" қызметіне тапсырыс беру";
3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген ЖСН арасында) порталда тексеру;
5-рәсім – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
6-рәсім – қызмет көрсету үшін қызмет алушының ЭЦҚ көмегімен сұрау салуды растау (қол қою) және электронды құжатты (сұрау салуды) ЭҮШ арқылы ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ өңдеуге жолдау;
7-рәсім – электронды құжатты тіркеу және сұрау салуды ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ өңдеу;
4-шарт – ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ келіп түскен деректерді тексеру (өңдеу);
8-рәсім – қызмет алушының ҚР БП ҚСжАЕАК көмегімен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету анықтамасын (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
9-рәсім – қызмет көрсетушінің аумақтық органының жауапты орындаушысының нәтижені қағаз нұсқасында, қалыптастыруы;
10-рәсім – қызмет көрсетуші кеңсесінің қағаз нұсқасындағы анықтаманы курьер болмаса пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға беруі;
2) үшінші тұлға мемлекеттік қызметті сұратқанда порталда келесі әрекетті жүзеге асырады:
1-рәсім – қызметті алу үшін үшінші тұлғаның ЖСН/бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және құпия сөзді порталға енгізу (авторизация порталда тіркелмеген үшінші тұлғалар үшін жүзеге асырылады);
1-шарт – порталдан ЖСН/БСН арқылы тіркелген үшінші тұлғалар туралы туралы деректердің түпнұсқасын тексеру;
2-рәсім – үшінші тұлғаның деректерінде бұзушылықтың болуына байланысты авторизация жасаудан бас тарту туралы порталмен хабарлама қалыптастыруы;
3-рәсім – үшінші тұлғаның осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы;
2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) порталдан тексеру;
4-рәсім – экранда "он-лайн" қызметіне тапсырыс беру";
3-шарт – ЭҮП үшінші тұлғаның тіркелуінің болуын тексеру;
5-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету сұратылған тұлғаға қатысты жеке тұлғаның ЖСН енгізу (бұдан әрі – басқа тұлға);
4-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген ЖСН арасында), сонымен қатар басқа тұлғаның ЭҮП және азаматтардың ұялы базасында (бұдан әрі – АҰБ) тіркелуін порталмен тексеру;
6-рәсім – басқа тұлғаның ЭЦҚ деректерінде бұзушылықтардың болуына, сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкессіздікке, сонымен қатар ЭҮП және АҰБ тіркеудің болмауына байланысты бас тарту туралы порталмен хабарлама қалыптастыру;
7-рәсім – 3, 4 тиісті шарттармен сәйкессіздікке байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8-рәсім – үшінші тұлғаның ЭЦҚ көмегімен басқа тұлғаға қызмет көрсету үшін сұрау салуды растау (қол қою);
9-рәсім – ЭҮП үшінші тұлғадан анықтама алуға сұрау салуды қабылдайды және sms немесе бақа тұлғаның ЖК сұрау жібереді;
10-рәсім – үшінші тұлғамен қызметті алуға келісімге (бас тарту) сұраумен, ЭҮП сұрау салуды басқа тұлғаның ЖК немесе жолдайды немесе sms-шлюз басқа тұлғаға sms-хабарлама жібереді;
5-шарт – басқа тұлға қызметті алуға келісімін (бас тарту) сұрау салуды алған сәттен бастап, 2 сағаттың ішінде жібереді;
11-рәсім – басқа тұлғаның хабарламасы келісіммен (бас тарту) немесе жауап жолдау үшін қарастырылған 2 сағат өткеннен кейін, ЭҮП қабылдайды немесе sms-шлюз қабылдайды және оны ЭҮП қайтадан жолдайды.
12-рәсім – қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастырады;
6-шарт – ЭҮП басқа тұлғадан қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қабылдайды немесе жауап жолдау үшін қарастырылған 2 сағат өткеннен кейін;
13-рәсім – ЭҮП келісіммен басқа тұлғадан өзіне қатысты мәлімет алуға хабарламаны қабылдайды;
7-шарт – ЭҮП 2 сағат өткеннен кейін басқа тұлғадан өзіне қатысты мәлімет алуға келісімді қабылдайды;
14-рәсім – ЭҮП электрондық құжатты (сұрау салуды) ЭҮШ арқылы өңдеу үшін ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ жолданады;
15-рәсім – электрондық құжатты тіркеу және сұрауды ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ өңдеу;
8-шарт – ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ келіп түскен деректерді тексеру (өңдеу);
16-рәсім – ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ көмегімен қалыптастырылған, үшінші тұлғаның қызмет нәтижесін алуы (электронды нысандағы анықтама). Электронды нысандағы анықтама қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланып қалыптастырылады.
17-рәсім – белгіленген тексерулерді жүргізген жағдайда (процессуалдық шешімді белгілеу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жолдау) қызмет алушыға аралық жауап жолданады, онда қызмет алушының қызмет алушы өтінішті алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін қайта жүгінуі қажеттігі хабарланады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді портал арқылы көрсеткенде қызмет көрсетушінің және қызмет алушының жүгіну тәртібінің және рәсімнің (әрекет) сабақтастығының сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуде іске қосылған, ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл сызбасында келтірілген.
12. Рәсімдер (әрекет) сабақтастығының, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының, сонымен қатар басқа қызмет көрсетушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдың нақтыланған сипаттамасы және ақпараттық жүйелерді қызмет көрсету барысында пайдаланудың тәртібі, осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесс анықтамалығында көрсетіледі.
"Соттылықтың болуы не | |
болмауы туралы анықтама беру" | |
мемлекеттік қызмет регламентінің | |
1-қосымшасы |
Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл сызбасы
"Соттылықтың болуы не | |
болмауы туралы анықтама беру" | |
мемлекеттік қызмет регламентінің | |
2-қосымшасы |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің бизнес-үдеріс анықтамалығы
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының | |
2019 жылғы 22 қаңтардағы | |
№ 7 бұйрығының 2-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарына сәйкес көрсетеді (бұдан әрі – стандарт), (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелді).
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) қызмет көрсетуші кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі стандарттың 9-тармағына сәйкес қызметті алушы құжаттарының болуы (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетуші кеңсесі арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсе қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдап, тіркейді, оларды қызмет берушінің басшысына жолдайды (қызмет алушының құжаттарын алған күні отыз минут ішінде);
қызмет көрсетуші басшысы екі сағаттың ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағаттың ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді де ұсынылған құжаттарды оған жолдайды;
жауапты орындаушы "Арнайы есепке алулар" ААЖ автоматтандырылған деректер базасы бойынша тексеріс жүргізгеннен кейін жиырма жеті күнтізбелік күн ішінде қызмет беруші мұрағаттарының картотекалары бойынша ақпаратты іздейді және сұрау салынған тұлғаларға қатысты мәліметтер бар болған жағдайда мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындайды, ал болмаған жағдайда - қызмет алушыға мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауап дайындайды;
қызмет көрсетушінің басшысының мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша растауға қол қоюы;
кеңсе қызметкері мөрмен расталған мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе сұратылған мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жаупты қызметті алушыға анықтама беру журналында қол қоя отырып, береді.
2) Мемлекеттік корпорация арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен қызмет алушының құжаттарын қабылдап, отыз минут ішінде тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды;
қызмет көрсетуші басшысының қызмет көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшені, орындаушыны белгілеуі;
жауапты орындаушы қызмет алушы ұсынған құжаттарды алған күннен бастап жиырма жеті күнтізбелік күннен асырмай мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындайды, болмаған жағдайда - қызмет алушыға мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауап дайындайды;
қызмет көрсетуші басшысындағы жауапты орындаушының мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша растауға қол қоюы;
курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты қағаз жеткізгіште беруі;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты алуы;
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (әрекет) нәтижесі:
1) қызмет көрсетуші кеңсесінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қызмет алушының ұсынған құжаттарының қабылдануы және тіркелуі, олардың басшыға берілуі;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысына қарау үшін қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушының қарауы үшін құрылымдық бөлімшенің басшысының бұрыштамасы;
4) жауапты тұлғаның ақпаратты ресімдеуі және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жіберуі;
5) қызмет көрсетуші басшысының ақпаратқа қол қоюы;
6) қызмет алушыға мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) қызмет көрсетуші кеңсесінің қызметкері (құжатты қабылдау, тіркеу және басшыға беру, мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені тіркеу және беру);
2) қызмет көрсетушінің басшысы (құжаттарды қарау, мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге қол қою);
3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны белгілеу);
4) жауапты орындаушы - қызмет көрсетушінің қызметкері (мәлімет іздеу, тексеру, мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындау).
8. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру"
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының | |
2019 жылғы 22 қаңтардағы | |
№ 7 бұйрығының 3-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14977 санымен тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін ескере отырып, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес қызмет алушының құжаттарының (бұдан әрі – құжаттар) болуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуының негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсесінің қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, оларды қызмет көрсетушінің басшысына жолдайды (қызмет алушының құжаттарын қабылдаған күні он бес (15) минуттың ішінде);
қызмет көрсетушінің басшысы ұсынылған құжаттарды екі сағат ішінде қарастырады және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
құрылымдық бөлімшенің басшысы екі (2) сағат ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, жауапты орындаушыны белгілейді және оған ұсынылған құжаттарды жолдайды;
жауапты орындаушы "Арнайы есеп" ААЖ автоматтандырылған деректер қоры бойынша мәліметтердің болуын немесе болмауын тексереді және тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда – он (10) минут ішінде қызмет алушыға анықтама дайындайды.
Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде қызмет алушыға анықтама дайындайды;
қызмет көрсетушінің басшысы анықтамаға қол қояды – бес (5) минут;
кеңсе қызметкері қызмет алушыға анықтаманы беру журналына қол қою арқылы анықтаманы беруді жүзеге асырады – бес (5) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) нәтижесі:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды басшыға жолдау – он бес (15) минут;
2) қызмет көрсетуші басшысының құрылымдық бөлімше басшысына қарау үшін қарар қоюы – екі (2) сағат;
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты қызметкерге қарау үшін қарар қоюы – екі (2) сағат;
4) жауапты орындаушының ақпаратты рәсімдеуі және мәліметтер болмаған жағдайда оны қызмет көрсетушінің басшысына қол қою үшін жолдауы – он (10) минут;
5) жауапты орындаушының ақпаратты ресімдеуі және оны қызмет көрсетушінің басшысына қол қою үшін беруі – екі (2) жұмыс күні (мәліметтер болған жағдайда);
6) қызмет көрсетуші басшысының ақпаратқа қол қоюы – бес (5) минут;
7) қызмет алушыға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру – бес (5) минут.
Мемлекеттік корпорация арқылы:
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ұсынатын құжаттарын қабылдап алуы – бір (1) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету жөніндегі сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің сұрау нысанына қызмет алушының деректерін, қызмет алушының өкілі жағдайында –қосымша түрде сенімхатпен келген өкілдің деректерін (бұл сенімхат нотариалды түрде куәландырылған жағдайда), кәмелетке толмаған қызмет алушының заңды өкілі жағдайында –қосымша түрде заңды өкілінің деректерін енгізуі – бір (1) минут;
"электронды портал" шлюзы (бұдан әрі – ЭПШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі –ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің (егер қызмет алушы кәмелетке толмаған болса) деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрауды жолдауы – бір (1) минут;
ЖТ МДҚ - да қызмет алушының деректерінің болуын, БНАЖ - де сенімхат деректерінің болуын тексеру – бір (1) минут;
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын тексеруі және электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қызмет алу жөніндегі сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы) – бір (1) минут;
Мемлекеттік корпорация операторы куәландырған (қол қойған) электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) ЭПШ арқылы өңдеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ) жолдау – бір (1) минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де электронды құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу – бір (1) минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де деректерді тексеру (өңдеу) – бір (1) минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ мәлімет сәйкестендіргіші бойынша сәйкестіктер болмаған жағдайда жауапты қалыптастыру, қызмет нәтижесін (электронды құжатты) беру – екі (2) минут;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады – бір (1) минут.
Мәліметтер болған жағдайда:
Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша орындау үшін сұрау қалдырылғаны туралы хабарламаны жолдау – бір (1) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыға қызмет нәтижесін алатын күні көрсетілген қолхатты тапсыруы;
деректерді ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де тексеру (өңдеу) – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
егер ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де тексерілетін тұлғаға қатысты мәліметтер болса, онда олар анықтаманың арғы бетінде көрсетіледі (басып шығарылады).
қызмет көрсетушінің жауапты, қызмет нәтижесін (электронды құжатты) қалыптастыруы – екі (2) минут;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады – бір (1) минут.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері (құжаттарды қабылдайды, тіркейді және басшыға жолдайды, анықтаманы тіркейді және береді) – он бес (15) минут;
2) қызмет көрсетушінің басшысы (құжаттарды қарайды және орындауға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді) – екі (2) сағат;
3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді) - екі (2) сағат;
4) жауапты орындаушы ("Арнайы есептер" ААЖ автоматтандырылған деректер қоры бойынша мәліметтердің болуын немесе болмауын тексереді және тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда – қызмет алушыға анықтама дайындайды) – он (10) минут;
тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болған жағдайда қызмет алушыға анықтама дайындау – екі (2) жұмыс күні ішінде.
8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің тізімі:
Мемлекеттік корпорация инспекторы – құжаттарды қабылдау және беру;
10. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алуға ұсынатын құжаттарын қабылдауы;
1-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК АЖ АЖО) қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизация процесі);
2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету жөніндегі сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің сұрау нысанына қызмет алушының деректерін, сенімхатпен келген қызмет алушының өкілінің деректерін енгізуі;
3-процесс – ЭПШ арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ арқылы қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрауды жолдауы;
1-шарт – ЖТ МДҚ - да қызмет алушының деректерінің болуын, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болуын тексеру;
4-процесс – ЖТ МДҚ-да қызмет алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болмауына байланысты дерек алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және ЭЦҚ арқылы қызмет алу жөніндегі сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
6-процесс – Мемлекеттік корпорация операторы куәландырған (қол қойған) электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) ЭПШ арқылы өңдеу үшін ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-не жолдау;
7-процесс – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де электронды құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу;
2-шарт – МК АЖ АЖО (Мемлекеттік корпорация) арқылы келіп-түскен деректерді тексеру (өңдеу);
8-процесс – қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік корпорацияның арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының | |
22 қаңтардағы 2019 жылғы | |
№ 7 бұйрығына 4-қосымша |
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 12055 тіркелген) мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт), "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тұлғаның қолтаңбасының тұпнұсқасын, және оның уәкілеттілігін бекітетін, сонымен қатар мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқасын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат, мұнымен осы құжат бекітіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) іс-әрекеттер тәртібінің сиппатамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті Стандарттың 9-тармағына сәйкес, Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы қызмет көрсетушіге қызмет алушының құжаттарын ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедурасын (әрекет) бастаудың негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету ісінің құрамына кіретін әрбір процедураның (әрекет) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері қызмет алушының айқындама деректерін ақпараттық жүйеде Мемлекеттік корпорацияның курьерімен құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап 3 (үш) сағаттың ішінде қабылдайды және тіркейді;
2) қызмет көрсетушінің жауапты қызметкері есепке алу журналына тіркейді және ресми құжаттың түпнұсқасын ақпараттар жүйесі және картотекадан тексереді, ұсынылған құжатты апостильмен бірге дайындайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде дәлелді жазбаша жауап дайындайды және оны қызмет көрсетушінің басшысына зерделеу үшін ұсынады;
3) қызмет көрсетушінің басшысы 2 (екі) сағаттың ішінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушы ұсынған, қызмет көрсетушінің қызметкері дайындаған құжаттарды зерделейді, оған қолын қояды, мөр басады және қызмет көрсетушінің жауапты қызметкеріне қайтарып береді;
4) қызмет көрсетушінің жауапты қызметкері қол қойылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тиейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдау үшін қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкеріне береді;
5) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері қағаз нұсқасындағы қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның филиалына тізілім бойынша курьер болмаса пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуіне дейінгі бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.
3-тарау. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету барысында құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) тізімдері:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері – ақпараттық жүйеге қабылдайды, тіркейді, тізімдеме құрастырады және құжаттарды жолдайды;
2) қызмет көрсетушінің жауапты қызметкері – құжаттарды қабылдайды, есепке алу журналына тіркейді, құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және оны береді;
3) қызмет көрсетушінің басшысы – құжаттарды тексереді, оған қолын және мөр қояды.
7. Әрбір процедура (әрекет) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) арасындағы іс-әрекеттің кезектілігінің сипаттамасы:
1) құжаттарды қабылдау 30 (отыз) минуттың ішінде;
2) тіркеу, тексеру, құжаттарды дайындау және оны қызмет көрсетушінің басшысына жолдау 4 (төрт) сағаттың ішінде;
3) ұсынылған құжаттарды зерделеу, қол қою, мөр басу және қызмет көрсетушінің жауапты қызметкеріне беру 2 (екі) сағаттың ішінде;
4) қызмет көрсетушінің жауапты қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкеріне беру 30 (отыз) минуттың ішінде;
5) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға курьер болмаса пошта байланысы арқылы жолдауы.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемслекеттік қызмет алу үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы;
1-рәсім – қызмет көрсету үшін, Мемлекеттік корпорацияның операторының Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (МК АЖ АЖО) логин және құпиясөз (авторизациялау) енгізуі;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорацияның операторымен қызмет алушының деректерін енгізуі;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның операторының сұрау салу нысанын толтыруы және және ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қою);
4-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Мемлекеттік корпорация курьері арқылы қызмет көрсетушіге құжат топтамасын жолдауы;
9. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері арқылы қызмет алушының қызмет нәтижесін қағаз нұсқасында алуы;
2-рәсім – Мелекеттік корпорацияның операторының ақпараттық жүйеде қызмет алушының мемлекеттік қызмет алу нәтижесі туралы белгі жасауы.
Процедураның (әрекет) кезектілігінің, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының, сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдеріс анықтамалығында осы мемлекеттік қызмет Регламентінің қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
10. Мемлекеттік корпорациямен қызмет көрсетушіге жолдаған, қызмет алушы алуға келмеген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі алты (6) ай өткенге дейін сақталуға жатады, содан кейін жойылады.
11. Стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызметті алуға қажетті қызмет алушылар ұсынған құжаттар екі (2) жыл өткенге дейін сақталуға жатады, содан кейін жойылады.
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша |